"Бақта"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктер, жеміс жидектер туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ақтау қаласы

«Гүл» балабақшасы







Shape1

Ашық іс-әрекет тақырыбы: Бақта

Топ: «Балапан» кіші тобы

Тәрбиеші: Ляшева Алтынай









Ашық іс-әрекет жоспары.

Топ: кіші «Балапан» тобы

Тақырыбы: “Бақта”

Мақсаты:

1. Балаларға бақтың өсімдіктері, жеміс-жидектер және олардың түрлері туралы білім беру.

2. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Өсімдіктер дүниесін қорғауға деген жауапкершілік сезімін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

• Балалар бақта өсетін өсімдіктер мен жеміс-жидектер туралы біледі.

• Табиғатқа қамқорлық жасау қажеттігін түсінеді.

• Өзара қарым-қатынас дағдылары дамиды.

Қажетті құралдар мен материалдар:

• Суреттер (бақта өсетін өсімдіктер мен жемістер)

• Моделдер (көкөніс, жеміс-жидек, гүлдер)

• Таза су (өсімдіктерге су құю үшін)

Іс-әрекет барысы:

Балалардың көңіл күйін сұрау,жақсы тілектермен күнімізді бастау.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Балалар қазір ауа райы қандай?

Күн жылынып,жерге жайқала жасыл шөптер шыға бастады. Күніміз әсемденіп бар жылуын бізге таратып тұр.

Балалар сендер гүлді жақсы көресіңдер ме?

Қазір мен сендерге өте қызықты,сәтті көрсеткім келіп тұр.(гүлді дозатрмен шашып шығару)

Ой,қандай керемет гүлдер шықты балалар.

Балалар гүлдер,жемістер ,көкеністер қайда өседі?

Әрине,бақта өседі. Олай болса бүгін біз бақташы болып бағымызға әсем гүлдер мен көкеністер отырғызатын боламыз.

Жемістер мен көкеніс түрлерін таныстыру.

Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім,шабдалы, өрік, шие.

Көкөністерге:картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, т.б. жатады.




Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді.

-Жемістер бақта өседі. Көністер бақшада өседі.

-Жемістерден тосап қайнатады. Кампот жасайды.

-Көкөністерден салат, жасайды. Сорпа, борщ пісіреді.

-Жемістер мен көкөністерді қолданатын кезде жуып, сүртіп пайдалану керек.

Дидактикалық ойындар.

Танысып болсақ,көктемгі еңбекке баулуымызды бастайық.

«Біз бағбаншы боламыз» ойыны.

Шарты: Екі топқа бөлініп, бірі гүл,бірі көкеністерді отырғызады.

Міндеті: Балаларды еңбекке баулу. Көкеніс тұқымынан не шығатынын айту, гүлдердің түрімен таныстыру. Суреті болуы шарт,отырғызып жатқан көкеністер мен гүлдердің.Үлгермеген жағдайда күннің екінші жартысында орындату.

Балаларды бастапқы қалыпқа жинау.

Кері байланыс жасау.

Бой жазып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Секірмек ойыны. (педагог қалауымен күй қосып қойса болады,біртұтас тәрбие)

Балалар бір сергіп,бой жазып алсақ әрі қарай ойын алаңдарымызда дайын тұрған ойындарымызды ойнайық.

Ол үшін менің қолымдағы түрлі түсті гүлдерді таңдап аламыз,және сол бойынша ойындар алаңына барамыз.

Күлгін түстегі гүлдер тобы:

Ойын: «Жемістер мен көкеністер»

Шарты: Кәуәп қылып жемістерді және көкеністерді бөлу.

Қызғылт сары гүлдер тобы:

Ойын: «Көкеністер мен жемістер»

Шарты: Жарты берілген көкеністердің ,бүтінін табу.

Жасыл түсті гүлдер тобы:

Ойын: Көңілді жемістерді құрастырып жабыстыр. (аяқ қолдарын жабыстыру)

Балалар отырған ойын алаңдарына барып ,қандай ойындар ойнап жатқанын сұрау. Балалармен кері байланыс жасау.











Қорытынды:

Іс-әрекет барысында балалар бақта өсетін өсімдіктер, жемістер мен көкөністер туралы жаңа білімдерге ие болды. Олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі артты, әрі бұл тақырыпта өзара қарым-қатынас жасау дағдылары дамыды. Жемістер мен көкөністердің түрлерін, олардың пайдасын және бақшада өсетінін таныстырғаннан кейін, балалар бақташы болу ойыны арқылы еңбекке баулу, табиғаттың байлығын қорғау қажеттілігін түсінді. Дидактикалық ойындар мен сергіту сәті арқылы балалардың көңіл күйі көтеріліп, ынтымақтастық пен ұжымда жұмыс істей білу дағдылары артты.

Балалар арасындағы топтық ойындар арқылы жемістер мен көкөністерді ажырату, олардың арасындағы айырмашылықтарды түсіну мен естерінде сақтау маңызды болды. Әр түрлі түсті гүлдер тобына бөлініп, ойын алаңдарында көңілді әрі білім беру бағытындағы іс-әрекеттер өткізіліп, балалардың қызығушылықтары арта түсті.

Барлық балалар бақтың өсімдіктері мен жемістерінің пайдасы туралы білетіндерін көрсетіп, келесі сабақтарда да табиғатқа қамқорлық жасауды үйренетіндерін айтып өтті. Қорытындылай келе, балалардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімі күшейіп, бір-бірімен жұмыс істегенде табысты нәтижеге жеткендерін байқауға болады.








Shape2 Shape3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі