Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бақтағы алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бақтағы Алтын күз» атты іс-шара
Мақсаты:
1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету.
2.    Оқушылардың әртістікқа білетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3.    Ұқыптылыққа,  шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері,
сары түсті шарлармен безендірілген.

Өтілу барысы: Тәрбиеші: Қош келдіңіз көрермен
Бүгінгі ертеңгілікке
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене
Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
«Алтын күзді» тойлаймыз
Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар, әріптестер.
Сіздерге бүгінгі «Балапан» ортаңғы тобының дайындаған «Бақтағы алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз. Ендеше ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.
(Балалар, сахна артынан қолдарына жапырақ ұстап,»Алтын күз» әнін хормен айтып, билей жүре кіреді)
Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін өте әдемі боп кетіпсіңдер. Қане кім біледі, біз бүгін қандай мерекені тойлау үшін жиналып отырмыз?
Балалар: «Алтын күз» мерекесін тойлау үшін жиналдық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ал енді осы күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар; қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Дұрыс жауап бердіңдер, ал енді осы күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
Балалар: - Күн салқындайды
- Жиі жиі жаңбыр жауады
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды, т. Б
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше күз мерекесін «Күз ханшайымынсыз» қалай өткізбекпіз. Олай болса ортаға «Күз ханшайымын» шақырайық. (Әуенмен ортаға «Күз ханшайымы» келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен күз ханшайымымын. Сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, ендеше төрлетіңіз. Біздің балалар да сізді көргеніне өте қуанышты. Балалар өзіңізге арнап би билеп, тақпақ айтып өнерлерін көрсеткісі келіп тұр. Ендеше балалардың өнерлерін бірге тамашалайық.
Айда: Сап – сары ала теректер
Сап – сары ала атырап
Сәл тербесе самал жел
Түсіп жатыр жапырақ. Жания: Күзім – ау, күзім – ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.
Айдын: Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Нұрият: Сап – сары маңай
Сап – сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар күз мезгілі сары – ала сағыныш мезгілі, көңілдерге жазға деген қимастық сезімін ұялататын мезгіл. Ауа – райы суытып,күннің көзі көп күлмейтін мезгіл. Дегенмен ауа – райын болжайтын синоптиктерге сенсек, бүгінгі «Балапан» тобының «Бақтағы Алтын күз» мерекесі өтіп жатырған залда, күннің көзі ерекше күлімдеп, термометр көрсеткіші «жылулық» бағанына дейін көтеріледі делінген, қане олай болса айналамызға зер сала қарайықшы. (Музыка әуенімен, ортаға күн келеді)
Тәрбиеші: Балалар, біз ерекше жылулық сезінгендейміз, иә. Олай болса күзге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.
Жанель: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Нұрсұлтан: Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық, береке
Алтын күз, мереке.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, өте ақылды балалар екенсіңдер. Олай болса балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты «Көкөністер мен жемістерді ажырат» деп аталады. Ол үшін ортаға бір топ балалар шыға қойыңыздар. Содан соң мына бақтағы араласып жатқан көкөністі оң жақтағы себетке, ал жемістерді сол жақтағы себетке ажыратып салуымыз керек. Қане дайын болсақ, бастайық. (музыка ойналып балалар ойынға шығады)
Күз ханшайымы: Рахмет сендерге балалар, себетім толды. Сендердің ақылды балалар екендеріңе тағы да көзім жетті.
Тәрбиеші: Балалар, сендер бір дыбыс естимісіңдер
(2 – бұлт күннің көзін жауып, күн күркіреп, жаңбыр дыбысы естіледі. Арғы жағынан «Жаңбыр» келеді.)
Тәрбиеші: Алақай, алақай жаңбыр жауды, балалар. Жаңбыр жауды. Қане қолшатырымызды қолымызға алып жаңбырмен бірге би билейік. (Би; «Қолшатырлар» )
Тәрбиеші: Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Олай болса ортаға жыл құстарын шақырайық.
Аяна: Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын
Құрт құмырсқа жәндіктен
Бау бақшаны қорғаймын
Айтұмар: Менің атым – қарлығаш
Адал досың айнымас
Көктем менен келемін
Жылы жаққа кетемін.
Ақарыс: Тізіле ұшқан тырналар
Ұшады алыс сапарға
Сақшы көсем тырна бар
Қорғаушы соңғы қатарда. (Бірге айналып ұшып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар неліктен біз күзді «жомарт күз»- деп атаймыз. Себебі қамбаға бидайды жинап «алтын дән «тойын тойлаймыз.
Күз ханшайымы: Иә, мен жомартпын. Мереке басы ән болар. Береке басы дән болар. Көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаға толтырдым.
Тәрбиеші: Қандай керемет, қане олай болса осы көріністі біздің балдарымыз кезектегі биімен көрсеткісі кеп отыр екен
Тәрбиеші: Рахмет саған берекелі, мерекелі алтын күз. Балалардың да осында отырған ата – аналардың да сізге алғысы шексіз. Қане олай болса алтын күзімізді шығарып салайық. (Музыка әуенімен, Күз ханшайымы балаларға сыйлықтарын беріп, қоштасып залдан шығып кетеді)
Тәрбиеші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңыздар.

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Құмтүйін ауылы Құлыншақ бөбекжайы бала бақшасының тәрбиешісі Жанадил Құттықыз Сапарханқызы



























27121979t

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі