Материалдар / Бақылау жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
2- сыныптарға арналған бақылау жұмыстары
Авторы:
24 Желтоқсан 2023
568
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І тоқсандық бақылау жұмысы №2



Мақсаты: натурал сандардың нөмірленуін меңгеру деңгейін; көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін меңгеруін; шамалардың өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасы туралы білімін; есеп шығару; шеңбер сызу дағдыларын тексеру.



І нұсқа

1. Есепті шығар.

Велосипедші 12 км/ сағ жылдамдықпен жүріп келеді. 3 сағат ішінде қандай қашықтықты жүріп өтеді?



2. Есептеулерді орында.

56 509 • 4 52 986 : 3

2 • 10 750 28 012 : 4



3. Теңдеулерді шеш.

90 567 – х = 720 : 9 х : 6 = 70 098 – 658



4. Амалдарды орында.

(11 242 – 7 006) : 6 + 435 036 : 6



5. Ауданы 12 см2, ұзындығы 6 см тіктөртбұрыш сыз. Радиусы осы тіктөрбұрыштың еніне тең болатын шеңбер сыз.



ІІ нұсқа

1. Есепті шығар.

Салт атты адам 4 сағатта 36 км жол жүрді. Оның жылдамдығын анықта.



2. Есептеулерді орында.

45 802 • 6 37 408: 8

3 • 80 750 63 063: 4



3. Теңдеулерді шеш.

1 032 – х = 360 : 9 х : 8 = 8 500 – 957



4. Амалдарды орында.

(6 565 + 3 564) : 7 + 71 037: 9



5. Ауданы 18 см2, ұзындығы 6 см тіктөртбұрыш сыз. Радиусы осы тіктөрбұрыштың еніне тең болатын шеңбер сыз







№3 ІІ тоқсандық бақылау жұмысы:



1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы.

102

Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты 4-сыныптың II тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім, білік және дағдылардың меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.



2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.



3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары.

4-сыныптың II тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болып бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары күрделену сатысы бойынша орналасқан.



Бақылау жұмыстың құрылымы:



- «Әртүрлі есептерді шығару» тақырыбы бойынша есептің қысқаша шартын жазу, алгоритм бойынша амалдарды орындау арқылы есепті шығара білу;

- «Арифметикалық амалдар»тақырыбы бойынша көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды дұрыс есептей алу;

-«Көптаңбалы сандарды нөмірлеу, есептеу, шамалар»тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің мәнін табу;

- «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша амалдарды орындалу тәртібі бойынша өрнектің мәнін дұрыс есептей алу;

-«Аудан және оның өлшем бірліктері тақырыбы бойынша аудан, еніне байланысты ұзындығын, периметрін табу.





4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.



Бақылау жұмысты орындау уақыты: 40-45 минут.



5. Бақылау жұмыстың спецификасы.

Тақырып Тексеру элементі

Әртүрлі есептерді шығару Есептің қысқаша шартын жазу, алгоритм бойынша амалдарды орындау арқылы есепті шығара білуі

Арифметикалық амалдар Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды дұрыс есептей алу

Көптаңбалы сандарды нөмірлеу, есептеу, шамалар Көп таңбалы сандар жүйесінде күрделі теңдеуді шеше білу;

Арифметикалық амалдар Амалдарды орындалу тәртібі бойынша өрнектің мәнін дұрыс есептей алу;

Аудан және оның өлшем бірліктері. Берілген аудан, еніне байланысты ұзындығын, периметрін таба білу;



№ 3 ІІ тоқсандық бақылау жұмысын бағалау парағы

Критерийлер Дескрипторлар Ұпайлар

№ 1Есепті шығар (ең көп ұпай саны – 11)

Есептің шарты дұрыс жазылды 2 ұпай

Есепті шығару алгоритмін дұрыс таба білді 4 ұпай

Алгоритмі бойынша есептің шешуін дұрыс есептеп шығара білді 4 ұпай

Есептің жауабы дұрыс жазылды 1 ұпай

№ 2Есептеулерді орында (ең көп ұпай саны –12)

Өрнектердің берілгені дұрыс жазылды 6 ұпай

21000 - 8 765 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

40 198 + 2 658 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

28 457 • 5 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

805 642 : 2 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

8 600 • 40 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

48 348 : 6 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

№ 3Теңдеулерді шеш.

(ең көп ұпай саны – 8) Теңдеулердің берілгені дұрыс жазылды 2 ұпай (әр теңдеуге 1 ұпай)

Теңдеуді шешу алгоритмін біледі 2 ұпай (әр теңдеуге1 ұпай)

Компонент дұрыс табылған 2 ұпай (әр теңдеуге1 ұпай)

Есептеулер дұрыс жүргізілді 2 ұпай (әр теңдеуге1 ұпай)

№ 4Амалдарды орында(ең көп ұпай саны –7)

Өрнектің берілгені дұрыс жазылды 1 ұпай

Амалдардың орындалу тәртібі дұрыс көрсетілді 1 ұпай

Амалдарды орындаулар дұрыс жүргізілді 4 ұпай (әр амал-дың орындалуы 1ұпай)

Өрнектің мәні дұрыс жазылды 1ұпай

№5

Шамаларға байланысты есепті шығар

(ең көп ұпай саны –6)

Есептің шарты дұрыс жазылды 2 ұпай

Ауданы мен еніне байланысты ұзындығын табу алгоритмін біледі 1ұпай

Ауданы мен еніне байланысты ұзындығына дұрыс таба алды 1 ұпай

Ұзындығы мен еніне байланысты периметрді табу алгоритмін біледі 1 ұпай

Периметрді дұрыс таба алды 1 ұпай

Барлығы : 44 ұпай

Бағалау критерийлері

«5» - 42-44 ұпай - 95-100%

«4» - 33-41 ұпай - 75-94%

«3» -22 -32 ұпай - 50-74%

«2» - 0-21 ұпай - 49%-дан төмен



ІІ тоқсан

Тоқсандық бақылау жұмысы№ 3



Бақылау жұмысының мақсаты: екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған тапсырмаларды орындай алу; көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін білуін; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы қатыстарды білу; есепті шығару кезінде алған білімдерін пайдалана білу; тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеу дағдыларын тексеру.



І нұсқа

1. Есепті шығар.

104

680 кг картоп және 360 кг сәбіз жиналды. Сәбізге қарағанда картоп 8 қап артық жиналды. Сонда неше қап картоп, неше қап сәбіз жиналды?



2. Есептеуді орында.

21000 - 8 765 28 457 • 5 8 600 • 40

40 198 + 2 658 805 642 : 2 48 348 : 6



3. Теңдеулерді шеш.

63 000 : х = 810 : 9 27 000: (х - 15) = 9



4. Амалдарды орында.

6 007 - 56 : (64 127 - 64 120) • 40



5. Тіктөртбұрыштың ауданы 45 см2, ені n см. Мұндағы, n = 5см. Оның периметрін тап.



ІІ нұсқа

1. Есепті шығар.

Асханаға 180 кг қант және 360 кг ұн сатып алынды. Ұн қанттан 9 қап артық . Қант салынған қап нешеу? Ұн салынған қап ше?



2. Есептеуді орында.

46000 - 7 958 19 987 • 4 7 200 • 30

59 587 + 3 568 639 318 : 3 27 648 : 8



3. Теңдеулерді шеш.

5 600 : х = 420 : 6 3 200: (х - 18) = 8



4. Амалдарды орында.

80 • 3 - 54 : (87 359 - 87 350) • 30



5. Тіктөртбұрыштың ауданы 35 см2, ұзындығы 7 см. Оның периметрін тап.





№4 ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы:



1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы.

Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты 4-сыныптың ІІІ тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес білім, білік және дағдылардың меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.



2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.



3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары.

4-сыныптың ІІІ тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болып бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары күрделену сатысы бойынша орналасқан.



Бақылау жұмыстың құрылымы:

- «Жұмыс,уақыт, өнімділік»тақырыбы бойынша есептің қысқаша шартын жазу, алгоритм бойынша амалдарды орындау арқылы есепті шығара білу;

- «Арифметикалық амалдар»тақырыбы бойынша көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды дұрыс есептей алу; 105

-«Көп таңбалы сандармен есептеу»тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің мәнін табу;

- «Арифметикалық амалдар»тақырыбы бойынша амалдардың орындалу тәртібі бойынша өрнектің мәнін дұрыс есептей алу;

-«Аудан және оның өлшем бірліктері»тақырыбы бойынша аудан, еніне байланысты ұзындығын, периметрін табу және дұрыс сызу білу.



4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.

Бақылау жұмысты орындау уақыты: 40-45 минут.



5. Бақылау жұмыстың спецификасы.

№ Тақырып Тексеру элементі



1 Жұмыс, уақыт, өнімділік Есептің қысқаша шартын жазу, алгоритм бойынша амалдарды орындау арқылы есепті шығара білуі

2 Арифметикалық амалдар Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды дұрыс есептей алу

Көптаңбалы сандармен есептеу Көптаңбалы сандар жүйесінде күрделі теңдеуді шеше білу;

Арифметикалық амалдар Амалдарды орындалу тәртібі бойынша өрнектің мәнін дұрыс есептей алу;

Аудан және оның өлшем бірліктері. Берілген аудан, еніне байланысты; ұзындығын, периметрін табу және дұрыс сыза білу



№ 4 ІІІ тоқсандық бақылау жұмысын бағалау парағы

Критерийлер Дескрипторлар Ұпайлар

№ 1

Есепті шығар.

(ең көп ұпай саны – 10)



Есептің шарты дұрыс жазылды 2 ұпай

Жұмыс, өнімділікке байланысты есепті шығару алгоритмін дұрыс таба білді 3ұпай

Алгоритмі бойынша есептің шешуін дұрыс есептеп шығара білді 3 ұпай

Есептің жауабы дұрыс жазылды 1 ұпай

№ 2Есептеулерді орында (ең көп ұпай саны – 12)



Өрнектердің берілгені дұрыс жазылды 6 ұпай

40 000 – 7 958 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

48 587 + 3 568 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

54 663 : 7 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

724 • 231өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

197 • 403 өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

313 200 : 432өрнегін дұрыс есептеді 1 ұпай

№ 3Теңдеуді шеш (ең көп ұпай саны – 8) Теңдеулердің берілгені дұрыс жазылды 1 ұпай

Теңдеуді шешу алгоритмін біледі 5ұпай

Есептеулер дұрыс жүргізілді 3ұпай

№ 4

Амалдарды орында(ең көп ұпай саны –8 )



Өрнектің берілгені дұрыс жазылды 1 ұпай

Амалдардың орындалу тәртібі дұрыс көрсетілді 1 ұпай

Амалдарды орындаулар дұрыс жүргізілді 5 ұпай (әр амал-дың орындалуы 1ұпай)

Өрнектің мәні дұрыс жазылды 1ұпай

№5Шамаларға байланысты есепті шығар

(ең көп ұпай саны –6 )

Есептің шарты дұрыс жазылды 1 ұпай

Ауданы мен еніне байланысты ұзындығын табу алгоритмін біледі 1ұпай

Ауданы мен еніне байланысты ұзындығына дұрыс таба алды 1 ұпай

Ұзындығы мен еніне байланысты периметрді табу алгоритмін біледі 1 ұпай

Периметрді дұрыс таба алды 1 ұпай

Берілгені бойынша тіктөртбұрышты дұрыс сыза алды 1 ұпай

Барлығы : 44 ұпай

Бағалау критерийлері

«5» - 42-44 ұпай - 95-100%

«4» - 33-41 ұпай - 75-94%

«3» -22 -32 ұпай - 50-74%

«2» - 0-21 ұпай - 49%-дан төмен



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!