Материалдар / бақылау жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2021
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақылау жұмысы 10-сынып №1

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Механика курсы бойынша


І нұсқа

1. Екі дененің қозғалыс координаталары x1= -3+2t+t2 және x2=7-8t+t2 заңы бойынша өзгереді. Олардың кездескен мезетіндегі салыстырмалы жылдамдығын табыңыз, кездесу уақыты қандай?

2. Көкжиекпен 450 бұрыш жасайтын таудан допты горизонталь бағытта 14 м/с жылдамдықпен лақтырады. Доп лақтырған орыннан қандай қашықтыққа жерге түседі. Тау бетінен доп өзінің ұшу кезінде қандай ең үлкен қашықтыққа алыстайды?

3. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын нүкте 5с ішінде толық бір айналым жасайды. Нүктенің бұрыштық жылдамдығын табыңыз, 2с ішінде ол қандай бұрышпен бұрылады?

4. Массасы 100кг, радиусы 5 см белдік 8 Гц жиілікпен айналады. Белдіктің (валдың) цилиндрлік бетін 40 Н күшпен басатын тежеуші қалыптың әрекетінен белдік тоқтайды. Қалып пен белдік арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, белдік қанша уақытта тоқтайды?









ІІ нұсқа

1. Екі автомобиль тас жол бойымен сәйкесінше x1=5t+0.2t2 және x2=24 - 4t заңы бойынша қозғалады. Кездесу уақыты мен орнын анықтаңыз?

2. Дөңгөлек көкжиекке 450 бұрыш жасай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Қозғалыстың бастапқы мезетіндегі және 0,5 с өткеннен кейінгі дене траекториясының қисықтық радиусын анықтаңыз.

3. Жерді айналу қозғалысынан туындайтын Айдың сызықтық жылдамдығын табыңыз. Айдың жерді айналу периоды 27,3 тәулік, ал Жер мен Айға дейінгі қашықтық 384000 км.

4. Массасы 50 г материялық нүктенің одан 20 см қашықтықтағы оське қатысты инерция моментін табыңдар.












Бақылау жұмысы 10-сынып №2

Жаратылыстану – математикалық бағыт

«Молекулалық физика» курсы бойынша

І-нұсқа

1. Қайсыбір газдың 296К температурадагы орташа квадраттық жылдамдығы 480м\с. Осы газдың 10г массасында қанша молекула бар?

2. Қысымы 204кПа, температурасы 17°С сутектің тығыздығы қандай?

3. Жылу машинасы қыздырғышының температурасы 150°С, ал салқындатқыштікі 25°С. Машина қыздырғыштан 40кДж энергия алды. Машина қанша жұмыс атқарған?

4. Температурасы 20°С, жылусыйымдылығы 1,5кДж\°С ыдысқа температурасы -8°С болатын 56 г мұз салды. Ыдыста қандай температура орнайды?

















ІІнұсқа

1. 27°С температурада гелий молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы 10 Дж. Гелийдің молекулалар санын анықтаңыз.

2. Қысымы 1 МПа болатын және 1,6 л көлем алатын 160 мг оттектің температурасы қандай?

3. Идеал жылу қозғалтқышының ПӘК 40%. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алды. Тоңазытқышқа қандай жылу берілген?

4. Бала көлемі 200 см3 стақанның 3\4 бөлігіне дейін қайнап жатқан су құйып, қалғанын салқын сумен толтырады. Егер салқын судың температурасы 20°С болса, онда стақандағы судың температурасы қандай?



















Бақылау жұмысы 10-сынып №3

Жаратылыстану-математикалық бағыт

«Электростатика» тарауы бойынша

І нұсқа

1. Шамалары 2 және 5 нКл болатын нүктелік зарядтар бір-бірімен 9 мН күшпен әсерлесетін болса, олардың аралары қандай болғаны?

2. Біртекті электр өрісінде электрон а=3.2*1013 м/с2 үдеумен қозғалады. Электронның массасын біле отырып өріс кернеулігін анықтаңыз.

3. Жазық ауа конденсаторлары 200 В потенциалдар айырымына дейін зарядталған. Конденсаторды ток көзінен айырып, пластиналар арақашықтығын 0,2 мм-ден 0,7 мм-ге дейін арттырса, потенциалдар айырмасы неге тең болады? Пластиналар арасы слюдамен толтырылған? (є=7)

4. +25 мкКл зарядты күш сызықтарының бойымен 12 мм қашықтыққа тасымалдағанда кернеулігі 3 кВ/м біртекті электр өрісі қандай жұмыс атқарады?













ІІ нұсқа

1. Арақашықтығы 2 см болатын, шамасы 1нКл және 4 нКл нүктелік зарядтар керосинде орналасқан. (є=2). Олардың әсерлесу күшінің шамасын есептеңіз.

2. Берілген нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 0,4 кн/Кл. Өрістегі шамасы 4,5 мкКл зарядқа қандай күш әрекет етеді.

3. Сыйымдылықтары 100 пФ, 200 пФ және 500 пФ үш конденсаторды тізбектей жалғап, ток көзіне қосқанда оларға 10 нКл заряд берілген конденсаторлардағы (U1; U2; U3) кернеулерді, ток көзінің кернеуін және конденсаторлардың жалпы сыйымдылығын анықта.

4. 130 нКл зарядты шексіздіктен электр өрісінің қандай да бір нүктесіне тасымалдау кезінде істелінген жұмыс 65 мкДж-ға тең. Өрістің осы нүктесінің потенциалын табыңдар.














Бақылау жұмысы 10-сынып №4

Жаратылыстану – математикалық бағыт

Тұрақты электр тогы курсы бойынша

І-нұсқа

1. Электр қозғаушы күш 3,7 В ішкі кедергісі 1,5 Ом қалта фонары батареясы кедергісі 11,7 Ом сыммен тұйықталған. Батарея қысқыштарындағы кернеуді анықтаңыз.

2. Суретте келтірілген тізбекке 42 В кернеу түскен

кезде амперметр 3 А ток күшін көрсетті. Егер R1=6 Oм

R2 =3 Ом болса, R3 – шамасын анықта.

3. Ұзындығы 50 м, көлденең қимасының ауданы 1,4 мм2 никель сымынан жасалған электр пешіне 120 В кернеу беріп 2 сағат ішінде тұтынатын қуатын анықта. 1 кВт\сағ = 4тг 83т деп алып тұтынған энергия құнын есептеңіз.

4. Кедергісі 50 Ом электр шамына тізбектей кедергісі 12 Ом резистор жалғанған. Осы жалғаудың сұлбасын сызыңдар және тізбектің жалпы кедергісін анықтаңыз.





ІІ-нұсқа

1. Өткізгіштің ұзындығы 1,2 м, көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2, ал кедергісі 0,0012 кОм болса, меншікті электр кедергісін анықтаңыз.

2. Аккумуляторлар бір-бірімен тізбектей қосылған(суреттегідей)

элементтерден тұрады. Әрбір элементтің электр қозғаушы күші 2,1 В және ішкі кедергісі 0,25 Ом егер сыртқы тізбек суретте көрсетілгендей жалғанып, R1= 4,5 Ом R2=R3=6 Ом кедергілерден тұрса, тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күшінің мәні неге тең?

3. Кернеуі 220 В ток көзінен жұмыс істейтін қуаты 1 кВт электр су жылытқыны 12 минут ішінде көлемі 1,5 л судың температурасын 88 К дейін арттырды. Тізбектегі токты және жылытуға кеткен электр энергиясының құнын есепте. (1 квт*сағ =4тг 83т) Қыздырғыштың ПӘК – қандай?

4. Электр қозғаушы күш 16 В ішкі кедергісі 3,2 Ом ток көзіне кедергісі 4,8 Ом қыздырғыш қосылған. Қыздырғыштың жылулық қуаты мен 10 минут ішіндегі бөлетін жылу мөлшерін есептеңіз.



Бақылау жұмысы 10-сынып №5

Жаратылыстану-математикалық бағыт

«Электродинамика» тарауы бойынша

І нұсқа

1. Ауданы 400 см2-ге тең рама индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде рамаға жүргізілген нормаль индукция сызықтарына перпендикуляр болатындай етіп орналастырылған. Рамаға 20 мН*м айналдырушы момент әсер ететін ток күші қандай?

2. Арақашықтығы 0,2 м горизонталь екі рельстің үстінде рельске және магнит индукциясы векторына перпендикуляр металл шыбық жатыр. Шыбықтың массасы 0,5 кг және шыбық пен рельс арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2. Шыбықтың қозғалысқа келтіретін магнит өрісінің индукциясы 0,1 Тл болса, шыбық бойымен жүретін ток күші (g=10 м/с2 ) қандай?

3. Индукциясы 0,4 Тл-ға тең магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалыс келе жатқан протонға әсер ететін Лоренц күші 1,28 пН болса, протонның жылдамдығын есептеңіз. (qp=1,6*10-19 Кл)

4. Егер өріс индукциясы 0,4 Тл болса, өріс индукциясының векторына перпендикуляр, ауданы 50 см2 жазық бетті тесіп өтетін магнит ағыны қандай?







ІІ нұсқа

1. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 4 А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке 9 Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясын анықта (sin 300=0,5)

2. Ауданы 800 см2 – қа тең рама, индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр болатындай орналастырылған. Рамаға 40 мН*м-ге тең айналдырушы момент әсерін тудыратын ток күші қандай?

3. Индукциясы 2 Тл магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан 10-10 Кл электр зарядына әсер ететін Лоренц күші 8*10-10 Н болса, электр зарядының жылдамдығын есептеңіз.

4. Ток күші 5 А болғанда 0,5 Вб магнит ағыны пайда болатындай катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!