Материалдар / Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
6сыныпқа арналған бақылау жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
700
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған 2-тоқсандық бақылау жұмысыМақсаты: оқылым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;Мәтінмен жұмыс Байлық дегеніміз не? Алтыншы сыныпта "Байлық дегеніміз не?" атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. -Балалар, байлық дегеніміз не? Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді. -Байлық дегеніміз- көп ақша, жаңа машина,-деп ойланып қалды. -Отыр,Сәбит. Тағы кім жауап береді? Кезек Алмасқа тиді. -Байлыққа қора-қора мал, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады. Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді. -Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлыбек, сен айта қойшы! - Байлық дегеніміз- кітап, білім,- деп жауап айтты. -Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап. Бір кезде оның көзі артқы партада өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті. -Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық- әкем мен анам,-деп жауап берді. Мұғалімге оқушы жауабы қатты ұнады. -Көрдіңдер ме, балалар, байлық деген тек ақша емес. Сендердің ең бірінші байлықтарың- Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген осы. Оқушылар ойланып қалды. Мәтінге тапсырма 1.Мәтінге ат қойыңыз. А)Байлық дегеніміз- ақша. B)Байлық дегеніміз- кітап. С)Байлық дегеніміз- үйір- үйір жылқы. D)Басты байлық-отбасы Е)Басты байлық-жақсы өмір2.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз? А) Байлық дегеніміз не? B) Отбасы тәрбиесі қандай? С) Қалай бай болуға болады? D) Ашық сабақ қалай өтті? Е)Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы3.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Аманжолдың ата-анасы. B) Отбасы басты байлық болып саналады. С)Өмірде ең басты байлық- білім D)Адам үшін бірінші байлық-алты бөлмелі үй Е)Қызықты сұрақ4.Мәтіндегі «бай» сөзіне антоним болатын сөз А)бақытты В)кедей С)байлық Д)ақша Е)білім5.Мәтінде кездеспейтін ақпарат А)оқушылардың жауабы В)мұғалімнің сөзі С)ашық сабақ Д)баланың арманы Е)ең үлкен байлық6.Кімдердің жауабына мұғалімнің көңілі толмады? А)Аманжолдың В)Сайлыбек пен Сәбиттің С)Сәбит пен Алмастың Д)Аманжол мен Сәбиттің Е)Сайлыбектің7. «Шәкірт» сөзі мәтіндегі қай сөзге синоним бола алады? А)отбасы В)мұғалім С)байлық Д)оқушы Е)кітап8.Мәтіндегі күрделі сөздер А)Аманжол,қора-қора В)үйір-үйір,байлық С)балалар,ата-ана Д)бірінші,Аманжол Е)ата-ана,мұғалім9.Көпше түрде тәуелденіп тұрған сөздер А)ойларын,жауабы В)ата-аналарың,отбасыларың С)бауырларың,байлығың Д)жауабы,көңілі Е)байлықтарың,сабақ10.Мәтінде кездесетін есімдіктер А)сен,кітап В)бір,партада С)бұл,сен,осы Д)бірінші,білімЕ)мен,балаларЛексика-грамматикалық тест(1-10 сұрақтар бір дұрыс жауаппен,11-20сұрақтар екі дұрыс жауаппен)1.Мектеп тәртіп ережелерінің бірін анықта А)Барлық сабаққа спорт киіммен келу В)Мектеп мүлкіне зиян келтіру С)Тәртіп пен тазалықты сақтау Д)Сабаққа кешігу Е)Үзілісте жүгіру2. «Оқуға алғыр бол,Ойлауға даңғыл бол...» Қай автордың өлеңінен үзінді?А)М.Әлімбаев В)Ы.Алтынсарин С)М.Жұмабаев Д)М.Дулатов Е)А.Құнанбаев3.Бала неше жасқа толғанда бір мүшел деп қайырады?А)12жас В)13жас С)10жас Д)11жас Е)14жас4.Қуыршапқ театрының түрлері А)Киілмелі,белсенді В)сылдырмақты,киілмелі С)сылдырмақты,арнайы Д)негізгі,киілмелі Е)жүлделі5. «Қойылым» сөзінің аудармасы А)персонаж В)кружок С)постановка Д)свободное время Е)кукла6.Жатыс септікте тұрған сөзді тап А)ережесінде В)үйірменің С)хормен Д)балығын Е)ермегім7.Асты сызылған сөз қандай сөйлем мүшесі борлады? Мектеп сыныптары заманауи оқу құралдарымен жабдықталған А)бастауыш В)баяндауыш С)толықтауыш Д)пысықтауыш Е)анықтауыш8.Өткен шақта тұрған етістіктер А)көмектесті,үйренді В)үйренеді,айналысты С)қатысады Д)асырады,өсіреді Е)кешікпейді9.рақ,рек,ырақ,ірек-ненің жұрнақтары? А)келер шақтың В)зат есім тудырушы С)жинақтық сан есімнің Д)салыстырмалы шырайдың Е)күшейтпелі шырайдың10.Керекті сөзді қой: Гүлдер адамдарға көтеріңкі ... сыйлайды. А)кітап В)көңіл-күй С)сый-сияпат Д)шыдамдылық Е)ойын11.Сурет салатын адамға қандай қасиет өте қажет? А)табиғатқа шығу В)шыдамдылық С)альбом Д)төзімділік Е)бояу12.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары А)Ш.Ниязбеков В)Ж.Нәжімиденов С)Ш.Қалдаяқов Д)Ш.Уәлиханов Е)Ж.Мәлібеков13.Үй балығы аквариумына қажетті заттар А)жарық бергіш құрал В)топырақ С)бояу Е)жылытқыш Е)ылғалдылық14.Ы.Алтынсариннің алғашқы мектептері қашан және қайда ашылды? А)Алматыда В)1890ж С)Атырауда Д)1864ж Е)Торғайда15.Мақалды толықтыр: Мектеп-..., білім- ... . А)оқу В)кеме С)өзен Д)теңіз Е)шаңырақ16.Пысықтауыштың сұрақтары А)қалай? В)кімнің? С)қандай? Д)қашан? Е)кімге?17.Жұрнақ жалғанған сөздер А)тәуелсіздік В)өнерпаз С)мерекені Д)балығым Е)ережелері18.Қатыстық сын есімі бар тіркестер А)әдемі гүл В)бақытты бала С)жақсы мінез Д)компьютерлік кабинет Е)мектеп формасы19.Мына сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет: Біздің мектеп экологиялық таза ауданда орналасқан.А)біздің В)мектеп С) экологиялық Д)орналасқан Е)ауданда20.Болжалдық сан есімді тап А)жетеу В)ондаған С)жиырма шақты Д)оныншы Е)бесе «Қарлығаштың ұясы» аудиомәтіні бойынша тест сұрақтарыМақсаты: аудиотыңдалым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;1.Қыздардың отбасы Шымкентке көшуге нені күтті? А)сабақ басталуын В)жаз мезгілін С)оқу жылының аяқталуын Д)оқу жылының басталуын Е)қыс мезгілін2.Әкесіне үй жиһаздарын көлікке салуға кім көмектесті? А)көршілері В)туыстары С)жақындары Д)жолдастары Е)ұлдары3.Қарлығаштың ұясын бірінші кім көрді? А)Ботагөз В)Қарагөз С)Әкесі Д)анасы Е)ағасы4.Ұя қайда орналасқан? А)терезе жақтауында В)ағашта С)үйдің шатырында Д)еденде Е)қабырғада5.Мәтінде кездеспейтін ақпарат А)қыздардың қуанышы В)отбасының көшуі С)әкесінің ақылы Д)қарлығаштың ұясы Е)балалардың ұяны бұзуы6.Мәтінде жоқ отбасы мүшелерін анықта А)әкесі, қыздары,ұлы В)анасы,қыздары,әкесі С)апасы,сіңлісі,анасы Д)сіңлісі,апасы,әкесі Е)әкесі,анасы7.Қай тіркес мәтінге сай А)үлкен ағаш В)қанатты достар С)таза өзен Д)туған жер Е)кішкентай торғай8.Әкесінің сөзін тап А)Қарлығаш адамның досы В) Қарлығаш адамға ең жақын құс С)Қарлығаш адал құс Д)Қарлығаш әдемі құс Е)Қарлығаш біздің досымыз9.Көлік қайда келіп тоқтады? А)Биік үйдің ауласына В)Әсем үйдің ауласына С)Көп қабатты үйдің ауласына Д)Жаңа үйдің ауласына Е)Үлкен үйдің ауласына10.Мәтінде кездесетін жалқы есімдер А)Шымкент,Қарлығаш В)Ботагөз,Шымкент,Қарагөз С)Ботагөз,Әкесі,Анасы Д)Жолдасы,Анасы Е)Қарлығаш,Ботагөз,Қарагөз













Қарлығаштың ұясы Ботагөз бен Қарагөз апалы-сіңлілі.Олар отбасымен Шымкентке көшуге дайындалды.Оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.Міне,көптен күткен күн де келді.Олардың әкесі жолдастарымен үй жиһаздарын көлікке сала бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті.Олар жолға шықты.Бірер сағатта көлікпен әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.-Міне,біздің үйіміз осы,-деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалады.Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:-Алақай!-деп қуана айқайлады.Ботагөз сіңлісіне жүгіріп келді.Екеуі қарлығаштың ұясын көріп өте қуанды.Ішінде қарлығаш балапан басып отыр.Әкесі: -Қарлығаш адамға ең жақын құс.Ұясына тимеңдер.Балапандары шықса қамқор болыңдар,-деді.Осыдан кейін екеуі қарлығашқа жем,су әкелетін болды.Балапандарына да қамқор болды.



ЖауаптарыМәтінмен жұмыс 1.Д 2.А 3.В 4.В 5.Д 6.С 7.Д 8.А 9.В 10.СЛексика-грам.тест1.С 2.А 3.В 4.В 5.С 6.А 7.Е 8.А 9.Д 10.В 11.В;Д 12.Д,Е 13.А,Е 14.Д,Е 15.В,Д 16.А,Д 17.А,В 18.В,Д 19.В,Д 20.В,С Аудиомәтінмен жұмыс1.С 2.Д 3.В 4.А 5.Е 6.А 7.В 8.В 9.В 10.В
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ