Бақылау жұмысы. Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақылау жұмысы. Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 11 сыныпқа ОЖСБ, бақылау және олимпиадалық тапсырмалар ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақылау жұмысы

11-сынып

Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері

  1. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойыңыз. Ол достарымен ...... шай ішті.

А) арқылы

B) туралы

С) бірге

D) дейін

Е) үшін

2. Мақалдың жалғасын табыңыз. Өз білмегеніңді кісіден сұра, ... .

А) кісі болмаса сұрама

B) кісі болмаса, кішіден сұра

С) үлкен болмаса, кішіден сұра

D) кітаптан оқып ал

Е) кіші болмаса, үлкеннен сұра

3. Септелу кезінде түбірі өзгеріске ұшыраған есімдікті көрсетіңіз.

А) Оған

B) Кейбіреу

С) Қайсыбір

D) Әлдекім

Е) Әлдеқалай

4. Көп нүктенің орнына қандай сөз жазу керек? Жақсы маман болу... , көп оқу керек.

A) байланысты

B) туралы

C) –ға

D) үшін

E) бойынша

5. Құттықтаухат қандай сөзбен басталады?

А) сізді...

B) құрметті...

С) құпия...

D) мен...

Е) мейрам

6. Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын корсетіңіз. - Енді кері қайтуға бола ма?- деп сұрады жауынгерлер.

А) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады.

B) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.

С) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.

D) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.

Е) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.

7.Нақыл сөзді жалғасын анықтаңдар: Ұстаздан ... озар.

А) ана

B) кітап

С) білім

D) мектеп

Е) шәкірт

8. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз

А) Іс-қағаздар стилі

B) Ғылыми стиль

С) Публицистикалық стиль
D) Ауызекі сөйлеу стилі

Е) Құжаттар стилі

9. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш  

B) Пысықтауыш   

С) Анықтауыш   

D) Толықтауыш 

Е) Бастауыш

10. Қажетті сөзді табыңыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ... оны еліміздің әр азаматы білуге міндетті.

A) егер

B) сондықтан

C) себебі

D) әйтпесе

Е) бірақ

11. Адамның өзіне қатысты істейтін әрекетін көрсетіңіз.

A) бояу, тазалау

B) бояну, тазалану

C) бояту, тазалату

D) боясу, тазаласу

Е) боялу, тазалану

12. Сөйлемді толықтырыңыз. Бұл дүкендегі тауарлардың бағасы орталықтан ... .

A) көп

B) нашар

C) азырақ

D) арзандау

Е) аздау

13. Мен сағат түнгі он бірге жиырма минут қалғанға дейін теледидар көремін. Уақытты табыңыз.

А) 11.20-ға дейін

B) 22.40-қа дейін

С) 10.20-ға дейін

D) 23.20-ға дейін

Е) 11.40-қа дейін

14. Сөйлемнің жалғасын табыңыз. Менің ертең уақытым жоқ, ... .

A) сол себепті демаламыз.

B) себебі баяндама жазамын.

C) әйтпесе қонаққа барамыз.

D) егер фестиваль болса.

Е) немесе жұмыс істеймін.

15. Қазақстанның ең ірі көмір алқабын көрсетіңіз.

А) Астана В) Қостанай С) Екібастұз D) Ақтөбе E) Шымкент

16. Алматыдағы академиялық театр кімнің есімімен аталатынын белгілеңіз.

А) Абай

В) Құрманғазы

С) Ш.Айманов

D) М.Әуезов

Е) Ә.Қашаубаев

17. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз.

А) 2700 мың шаршы шақырым

B) 2500 мың шаршы шақырым

С) 1900 мың шаршы шақырым

D) 2800 мың шаршы шақырым

Е) 3000 мың шаршы шақырым

18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының авторы

А) Жұмекен Нәжімеденов

B) Шәмші Қалдаяқов

С) Шота Уәлиханов

D) Жандарбек Мәлібеков,

Е) Шәкен Ниязбеков

19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қабылдаған жылды көрсетіңіз.

A) 1998 ж.

B) 1992 ж.

C) 1991 ж.

D) 1993 ж.

Е) 2001 ж.

20. Қазақ театр өнерінің алғаш шымылдығын ашқан пьесаны анықтаңыз.

А) «Абай»

B) «Біржан сал»

С) “Еңлік-Кебек”

D) «Қарагөз»

Е) «Ер Тарғын»

Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

2-тапсырма.Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.


Г

1


2


3


4


5


Байлық пен ақыл

А. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Ә. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.

Б. Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ, - дейді.

В. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына:

Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді. Сонда кенжесі:

- Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар, - депті.

Г. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.

Ғ. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Тест тапсырмалары:

6. Шал балаларын не үшін жинаған?

А) ақыл айту үшін

B) мұрагерін таңдау үшін

С) қонақ шақыру үшін

D) өкпесін айту үшін

7. «Өсиет» сөзінің синонимі

А) сыйлық B) аманат

С) байлық

D) өкініш

8. Үлкен үш ұлдың айтайын деген негізгі ойы не?

А) Денің сау болса, бай боласың.

B) Екі қолың мен басың негізгі байлығың.

С) Кім бай болса, сол ақылды.

D) Адал болсаң, бай боласың.

9. Бұл аңыз не туралы?

А) достық

B) еңбекқорлық

С) елжандылық

D) балалық

10. Мәтінге сәйкес даналық сөзді белгілеңіз.

А) «Өлмейтін өмір кілті – өнерде» (Қорқыт атА)

B) «Адалдық артық, арамдық жаман» (Ш.ҚұдайбердиеD)

С) «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды» (Б.Байрон)

D) «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
2862
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі