Бекітемін:
««Жастерек» жекеменшік бөбекжайының
директоры_______М.Рустамбекова
«Жастерек» жекеменшік бөбекжайындағы бақылау мен басқарудың жоспары
2023-2024 оқу жылы
|
№ |
Бақылауға арналған сұрақтар |
Мақсаты |
Нысаны |
Бақылау түрі |
Бақылау әдісі |
Жауапты |
Қаралады |
Уақыты |
|
1 |
Жаңа оқу жылына топтардың дайындығын тексеру |
Жаңа оқу жылына тәрбиешілер мен педагогтардың дайындық деңгейін анықтау |
Барлық топта |
Ағымдағы |
Бақылау |
Меңгеруші Әдіскер |
Пед.кеңес |
Тамыз |
|
2 |
Жаңа оқу жылына топтарына дайындығын тексеру |
Педагогтардың құжаттарды жүргізуін, балалардың өмірі мен тәрбиесінің ұйымдастырылуын тексеру |
Барлық топта |
Ағымдағы |
Бақылау |
Меңгеруші |
Пед.кеңес |
Қыркуйек |
|
3 |
Педагогтардың құжаттарын тексеру |
Жаңа оқу жылына тәрбиешілер мен педагогтардың дайындық деңгейін анықтау. |
Барлық топта |
Ағымдағы |
Бақылау |
Меңгеруші |
Пед.кеңес |
Қазан |
|
4 |
«Денсаулық» дағдысының жұмысының жүргізілуін бақылау |
Топ тәрбиешілерінің, дене шынықтыру нұсқаушыларының жұмыстарын тексеру. |
Дене шынықтыру жетекшісі, Барлық топта |
Талдау |
Тақырыпты және Жеке бақылау |
меңгеруші |
Пед.кеңес |
Қараша |
|
5 |
Балабақшаның балалардың тамақтануын ұйымдастыру жағдайы Ас мәзірі туралы |
Балабақшада балалар тамағының сапалы даяралануын қадағалау. |
Барлық топта Асхана жұмысы.. |
Ағымдағы |
Бақылау |
Әдіскер |
Ата-аналар жиналысында |
Желтоқсан |
|
6 |
АК жоспары бойынша жұмыстың жүргізілуін бақылау |
АК жоспары бойынша жұмыстың жүргізілуі |
Топта |
Ағымдағы |
Жүйелі бақылау |
Әдіскер |
Әдістемелік отырыс |
Қаңтар |
|
7 |
Балалардың тамақтануын ұйымдастырудың жалпы бақылауы |
Балалардың толыққанды рационалды тамақтануын ұйымдастыру |
Асхана, қойма, мед.қызм. |
Алдын алу |
Жедел бақылау/талдау |
Директор Медбике |
Меңгеруші жанындағы кеңес |
Ақпан |
|
8 |
Ересек топтарда коммуникативтік дағды жұмысының жүргізілу жағдайын бақылау |
Ересек топтарда коммуникативті дағды жұмысының жүргізілуін жағдайын бақылау |
Ересектер тобы |
Ағымдағы |
Бақылау |
Әдіскер |
Меңгеруші жанындағы кеңес |
Наурыз |
|
9 |
Ересек топтарда жол көліктерінің жарақаттанудың алдын алу жұмысының жүргізілуін бақылау |
Өмір қауіпсіздігі бойынша білімдерін анықтау |
Ересек тобы |
Ағымдағы |
Бақылау |
Әдіскер |
Меңгеруші жанындағы кеңес |
Сәуір |
|
10 |
Балалардың танымдығын дамыту жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді тексеру |
Ересектер топ балаларының психологиялық айырмашылықтарын, қайсы бір қабілеттерін, дағдыларын, біліктерін, тұлғалық сапаларының деңгейін анықтау. |
Ересек тобы |
Ағымдағы |
Бақылау |
Әдіскер |
Меңгеруші жанындағы кеңес |
Мамыр |
Жаңа оқу жылына топтардың дайындығын тексерудің
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Жаңа оқу жылына тәрбиешілер мен педагогтардың дайындық деңгейін анықтау. Барлық топтардың эстетикалық көркемделуін, санитарлық-гигиеналық тазалығын қарау.
Бақылау нысаны: барлық топтар.
Өткізу уақыты: 02.09.- 08.09.2023 жыл аралығы.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл мектепке дейінгі мекемедегі педагогика теориясы мен тәрбие үрдісіндегі жаңа өзгерістерге, жаңа модульдік білім беруге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңаша гумандық қарым-қатынасы пайда болды.
Балабақша педагогикалық ұжымы алдына келесі міндеттерді қойды:
- әр педагогтың санатын көтеру;
- инновациялық технологияларды әзірлеу, енгізу.
- көрсетілмелі және үлестірмелі көрнекі құралдарды безендіру және жаңарту;
Жаңа оқу жылына педагогтар үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Барлық топтарда ата-аналар бұрышы, денсаулық бұрыштары,құттықтау бұрышы, табиғат бұрышы, кітаптар бұрышы, сюжетті рөлдік ойындар жиынтығы, папкаларда дамыту ойындары, қимылды ойындар, логикалық ойындар,үстел үсті ойындарының жиынтығы бар.
Барлық топтың ойын бөлмесі, жатын бөлмесі өзіне сай безендірілген.
«Балапан» кіші тобында балаларға арналған көрнекіліктер саны, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар жиынтығы аз. Тірі және өлі табиғат бұрышына гүлдер жас ерекшеліктеріне сай емес. «Ақбота» ересек тобында балаларға көрсетілетін көрнекіліктер жас ерекшелігіне сай емес. Сюжетті рөлдік ойындарды толықтыру қажет. Баланың қолына таратылып берілетін көрнекі заттардың түсі ашық, түсінікті болуы шарт. Ұлттық бұрышты толықтыру керек, гүлдер жас ерекшеліктеріне сай емес.
«Ақбота» ересектер тобында ұлттық бұрышты толықтыру керек, балаларға таратылып берілетін көрнекіліктер саны жағынан толықтыру, сапасына көңіл бөлу, табиғат бұрышын толықтыру, кіреберіс балаларды қабылдау бөлмесіне топтың визиткасын қою керек. Табиғат бұрышын өлі және тірі табиғат заттарымен, гүлдермен толықтыру қажет.
«Жұлдызай» ортаңғы тобында табиғат бұрышын жабдықтау қажет, мата түрлерін, жіптердің түрлерін қою керек. Табиғат бұрышына балық, тоты құс, гүлдер болу керек .
Ұсыныстар:
1. Барлық топта бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша көрнекіліктермен толықтырылсын.
Мерзімі: мамыр
2. «Балапан», «Жұлдызай» «Ақбота» топтарында дамыту, логикалық ойындар жас ерекшеліктеріне сай толықтырылсын.
Мерзімі: 1 қазан
3. Барлық топтардың гүлдерін балалардың жас ерекшеліктеріне сай толықтыру.
Мерзімі: 1 қазан
Директор: М.Рустамбекова
Педагогтардың құжаттарын тексеру
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Педагогтардың құжаттарды жүргізуін, балалардың өмірі мен тәрбиесінің ұйымдастырылу циклограммасын дұрыс жоспарлануын тексеру, барлық топтардағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталарының бағдарламаға сай толтырылуын қарау, педагогтардың жұмысы бойынша ұсыныстар беру.
Бақылау нысаны: педагогтар, тәрбиешілер.
Өткізу уақыты: 09 .10.- 17 .10.2023 жыл аралығы.
«Жастерек» бөбекжайында 3 топ жұмыс жүргізеді, осы топтарда жұмыс істейтін тәрбиешілердің топтық құжаттарды жүргізу жағдайы тексеріліп, талданды.
«Балапан» кіші топ тәрбиешілерінің топ құжаттары түгел. Топта екі тәрбиеші. Топтың тәрбиешілері өз жұмыстарын мектепке дейінгі білім беру сатысының оқыту және тәрбие беру барысында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын жетік қолданып, балалардың оқытуы мен тәрбиесін толық қамтамасыз ететін жағдайлар жасалған. Күн тәртібінің барлық кезеңдері балалардың жасына сай ерекшеліктерін ескере отырып циклограмма жоспарланған. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы бағдарламаға сай дұрыс толтырады. Сонымен қатар ата-аналармен жұмысты жүйелі жоспарға сай жүргізеді. Бірақ топта балалардың келу тізім дәптері толық толтырылмаған, ата-аналардың хаттамасы толық жазылмаған, ата-аналар жиналысының хаттамасы қысқа жазылған, қойылған сұрақтары және жауаптары толық көрсетілмеген. Тәрбиешілерге хаттамаларды толтыру жайында ұсыныс берілді.
«Жұлдызай» ортаңғы тобының тәрбиешілерінің құжаттары талаптарға сай болғанымен біршама кемшіліктер байқалды. Топта балалардың балабақшаға келу тізім дәптері толық толтырылмаған, өз білімін жетілдіру дәптері, ата-аналар хаттамасы толық емес. Құжаттарды толтыру, технологиялық карталарды талаптарға сай толтыру бойынша ескертулер жасалды.
«Ақбота» ересектер тобында балалардың өмірі мен тәрбиесін, білім алуын қамтамаасыз ететін жұмыс жоспары жүйелі жүргізіледі. Топтың тәрбиешілері өз жұмыстарын мектепке дейінгі білім беру сатысының оқыту және тәрбие беру барысында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын жетік қолданып, балалардың оқытуы мен тәрбиесін толық қамтамасыз ететін жағдайлар жасалған. Күн тәртібінің барлық кезеңдері балалардың жасына сай ерекшеліктерін ескере отырып циклограмма жоспарланған. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын бағдарламаға сай дұрыс толтырады. Тәрбиешілердің құжаттары толық, апталық циклограммалары жалпы талаптарға сай әзірленген. Топ тәрбиешілерінің перспективалық айлық жоспарларының тақырыптары ауысып кеткен, жоспарлары ұқыптылықпен толтырылмаған. Тәрбиешілерге кеткен олқылықтарды жою керектігі айтылды.
Ұсыныстар:
1. «Балапан» «Жұлдызай» топтарында тәрбиешілердің құжаттары мектепке дейінгі мекеменің талаптарына сай, құжаттарды толтыруда эстетикалық жағына назар аударып толтырсын;
2. Барлық топтардың тәрбиешілері құжаттарын бағдарлама талаптарына сай, балалардың өмірі мен тәрбиесін, денсаулығын сақтау ережелеріне сәйкестендіріп жүргізсін.
3. Жалпы балабақша бойынша басқа да педагогтардың құжаттары бағдарламаға сай толықтырылып, жазылсын.
Директор: М.Рустамбекова
Ересектер топтарының даму деңгейлерін тексерудің
АНЫҚТАМАСЫ
Бақылау нысаны: Ересектер тобы
Өткізу уақыты: 20.10.- 24.10.23 жыл аралығы.
2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес қазан айының 20 мен 24 аралығында «Ақбота» ересек тобының балалардың даму деңгейлері тексерілді.
Тексеру мақсаты: Қазақстан Республикасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес базалық мазмұныңм қамтамасыз ету. Бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі» бойынша әзірленді. Әр балаға бөлімдер бойынша сұрақтары бар парақшалар дайындалды. Балаларға сұрақ қою арқылы , жауаптары тіркеліп отырды. Тексеруді балабақша директоры М.Рустамбекованың қатысуымен алынды. Тексеруге 29 бала қатысты
Тексеру қорытындысы бойынша :
2023-2024 оқужылы
|
Р/с№ |
Дағдылартізбесі |
Мектепкедейінгіжас (3-6 жас) |
|||||||
|
Кіші жас (2жастан бастап) |
Орта жас (3 жастанбастап) |
Ересекжас (4 жастанбастап) |
Барлығыигерген % |
||||||
|
Топтар саны/ балалардың саны* |
Дағды лардыигергенбалалар саны %* |
Топтар саны/ балалардың саны* |
Дағды лардыигергенбалалар саны %* |
Топтар саны/ балалардың саны* |
Дағды лардыигергенбалалар саны %* |
Барлығытоптар саны/ балалардың саны* |
Барлығыдағды лардыигергенбалалар саны %* |
||
|
1 |
2 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
1 |
Денсаулық дағдысы |
1/30 |
27/100% |
1/30 |
24/100% |
1/30 |
30/100% |
3/91 |
98/100% |
|
2 |
Коммуникативтік дағды |
1/30 |
27/100% |
1/30 |
24/100% |
1/30 |
30/100% |
3/91 |
98/100% |
|
3 |
Танымдық және зияткерлік дағды |
1/30 |
27/100% |
1/30 |
24/100% |
1/30 |
30/100% |
3/91 |
98/100% |
|
4 |
Шығармашылық дағды |
1/30 |
27/100% |
1/30 |
24/100% |
1/30 |
30/100% |
3/91 |
98/100% |
|
5 |
Әлеуметтік эмоцианалды дағды |
|
- |
|
24/100% |
1/30 |
30/100% |
3/91 |
98/100% |
Қорытынды: зерделеу нәтижесінде балалардың тілін дамытудың келесі кемшіліктері анықталды: Балаларға тіл дамытуда берілетін білім мазмұнының жүйесінің қалыптаспағаны; Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрап айта білуі, өз ойын жүйелі жеткізуі төмен;
Ұсыныс: балаға меңгерген білік-дағдылары күнделікті өмірде пайдалануын қадағалап, бағыт беріп отыру; Балалардың дыбыстық мәдениетін дамыту мен тәрбиелеуді жүйелі, бірізді, күн барысында өткізілетін ойындар мен жаттығуларға кіргізе отырып жүргізу; Балалардың сауаттылығы бойынша көп жұмыс атқару керек; сөздік қорын молайту ; Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылықтарын, түсініктерін арттыру; жан-жануарлар, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту. Ұлттық дәстүрлер туралы білімдерін кеңейту.
Директор: М.Рустамбекова
Денсаулық дағдысы
АНЫҚТАМАСЫ
«Жастерек» жекеменшік бөбекжайында 2023-2024 оқу жылының бақылау мен басқару жұмыс жоспарының негізінде қараша айының 02 .11 - 21 .11.2023 аралығында дене шынықтыру нұсқаушысының жұмысы зерделенді.
Мақсаты: Педагогтардың құжаттарды жүргізуін, барлық топтардағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталарының бағдарламаға сай толтырылуын қарау, дене шынықтыру нұсқаушысының жұмыстарын тексеру.
Бақылау нысаны: Барлық топта
Өткізу уақыты: 02 .11.15 - 21 .11. 23 жыл аралығы.
«Жастерек» бөбекжайында 3 топ бар. Барлық топтарда дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін тәрбиешілері жүргізеді.
«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты:
Өз денсаулығына саналы көзбен тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіндіту, қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиеттерін қалыптастыру.
Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:
-
Қозғалыс дағдыларын меңгеруге;
-
Түрлі оқиғаларға қатысты өзінің змоционалдық күйін білдіруге;
-
Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді;
Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ата-аналармен бірлесіп өткізу өте тиімді. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың проблемасын ойын және әр түрлі методикалық ойындар арқылы шешуге болады. Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауға тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына маңызды орын алады. Балалардың күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелерін орындауларды үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдыларды үнемі жетілдірулері қажет. Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар жеке бос гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді. 3 жастан бастап 5 жасқа дейін гигиеналық шараларды орындау ретін біледі. 5 жастан 6 жасқа дейін гигиеналық шараларды өздігінен орындай біледі.
«Жұлдызай» тобында Тәрбиешілердің жылдық жоспары мен күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекет тақырыптары сәйкес келеді. Қауіпсіз мінез құлық негіздері, валеологиядан ұсынылған тақырыптарды игеру барысында және сабақты интерактивті әдістер арқылы балалар болып жатқан өзгерістерді бақылауға, салыстыруға, қарапайым шығармашылық тапсырмаларды орындауға, өзінің көңіл күй жағдайын түзетуге, айналамен өзара қарым – қатынас құруға үйренеді. Балалар білімді дайын түрінде алмай, ойын барысында талқылау, бақылау, эксперимент жүргізу арқылы өздігінен шешім қабылдап, қорытындылай білуге мүмкіндік алады. Балалардың өз денсаулығына, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтына деген ұмтылысы мен тілегін қалыптастыру балалар өмірінің әрекетін ұйымдастырудағы ең маңызды нәрсе болып табылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде желілі-рөлдік, дидактикалық ойындар, сергіту сәттері, жаттығу лар , таным белсенділігін оятатын, ынталандыратын психологиялық жайлы ортаны құрады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл белсенділігін арттыру дене шынықтыруды жүзеге асыру мақсатында: физикалық дамуын қамтамасыз ету, дағдылар мен қажетті қозғалмалы ептіліктерді жүзеге асыру және қалыптастыру міндеттері қамтылған. Барлық топтарда балалардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарлары құрылған. Барлық топтарда жылдық , айлық , күнделікті жоспарлар жазылған. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруда әр түрлі дене шынықтыру құрал-жабдықтары және дене тәрбиесінің әдістемелік нұсқаулықтары қолданылады. Алайда балабақшада спортзал жоқ болғандыктан музыка залында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өтеді. Дене шынықтыру нұсқаушыларының ұйымдастырылған оқу іс-әрекет жоспарларында оқу іс әрекетінің мақсаты мен міндеттерін ойластыра отырып жазады, әдіс-тәсілдері, көрнекіліктері қазіргі заман талабына сай. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Денсаулық сақтау» технологиясын кеңінен қолданады. «Белгі бойынша тоқтап жүру және жүгіру» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өтті. Ұ.О.Ә - де балалар спорт киімін киген, ұйымдасқан түрде залға кірді. Балалар сапқа тұра біледі. Дене шынықтыру нұсқаушысы кіріспе бөлімін, негізгі бөлім, қорытынды бөлімді жүйелі жүргізді. Нүктелі массаж, тыныс алу жаттығулары жасалынды. Қимылды ойын, аз қимылды ойын ойнатылды. Ұ.О.Ә көркем сөз , билингвалды сыңары болды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері талқыланып жетістіктері мен кемшіліктері айтылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық дамуын қамтамасыз ету педагогикалық процесте ата-аналар да белсенді түрде қатысады. Қыркүйек айында ересек топтар арасында «Денсаулық еліне саяхат», «Алақай, балақай» атты спорттық ойын сауықтар болып өтті.
Қорытынды:
1.Тексерілген дене шынықтыру нұсқаушысының іс-әрекеті мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Алайда балабақшада спорт зал болмағандықтан дене шынықтыру оқу іс-әрекеттері топта, ойын бөмесінде жүргізіледі.
Ұсыныс:
1. Таңертеңгілік жаттығуды жүйелі, өз уақытында өткізу.
Топ тәрбиешілері ауысым бойынша. Мерзімі : үнемі
2.Балалардың қозғалысының толыққандылығын қамтамасыз ету.
Денешынықтыру нұсқаушылары. Мерзімі: үнемі.
3. Дене шынықтыру нұсқаушысы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу үлгісін түрлендіру. Тәжірибе жинақтау.
Мерзімі: үнемі.
-
Спорттық ойын- сауықтар ұйымдастыру барысында ата-аналардың белсенділігін арттыру.
Мерзімі: жоспар бойынша үнемі.
Директор: М.Рустамбекова
Балалардың тамақтануын ұйымдастырудың жалпы бақылауының
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Балалардың толыққанды рационалды тамақтануын ұйымдастыру, талаптарды орындау, тамақтанудың гигиенасы және эстетикасы.
Бақылау нысаны: Медбике, тәрбиешілер.
Бақылау уақыты: 04.12. - 05.12.2023 жыл аралығы.
Азық-түлік келесі тізбеге сай шағын орталыққа алынады: аптасына ет, күнделікті сүт, нан, жұмыртқа, түрлі жармалар, печенье, кисель т.б өнімдері алынады. Азық-түлік сақталатын қойма, мұздатқыштар бар. Қабылданған азық-түліктер тіркеледі. Қажетті құжаттар толықтырылуда. Балалар күніне үш рет тамақтанады: ертеңгі ас, түскі ас, бесін ас. Мысалы: 4 желтоқсан күнінің ас мәзірі. 1. Ұнтақ жарма қосылған тәтті сүт ботқасы, нан, сүт қосылған тәтті шай. 2.Қырыққабат сорпасы, тұшпара, нан, компот+ «с» қызылша салатымен. 3. Сүт. Вафли. Ас мәзірін медбике жазады. Шағын орталықтың медбикесі А.Әдилова. Тамақты әзірлеу және тарату әрекеті медбикенің қатаң қадағалануымен жасалынады. Балабақшаның барлық топтарында ыдыстарды сақтауға және жууға арналған арнайы орындар бар. Тәрбиешілер және тәрбиеші көмекшілері топ ішінде балаларға тамақ таратады. Топ тәрбиешілері ас мәзірімен балаларды таныстырады. «Жұлдыз» тобында тамақ ішу ережесін балаларға үйретпеген. Осы топ тәрбиешілеріне ауызша ескертулер айтылды. Қатаң түрде гигиеналық-санитарлық талаптар орындалады.
Ұсыныстар:
-
Тамақтануды әзірлеген кезде санитарлық-гигиеналық талаптарын қатаң сақтау.
-
Мерзімі. тұрақты.
-
Балалардың күніне үш рет толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету. Балаларды күнделікті ас мәзірімен таныстырып отыру.
Мерзімі: тұрақты.
-
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтану кезіндегі эстетикалық гигиеналық машықтарын жетілдіру.
Мерзімі: тұрақты.
Әдіскер: А.Тулекбаева
АҚ жоспары бойынша жұмыстың жүргізілуінің
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: АҚ жоспары бойынша жұмыстың жүргізілу жағдайы.
Бақылау уақыты: 03.01. – 24.01.2024 жыл аралығы.
Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар дайындығы бойынша 2024 жылының қорытындылау барысында балабақшаның жылдық жоспары негізінде 03 – 24 қаңтар аралығында жүргізілген жұмыстары зерделенді.
03.01.2024 жылы «Жастерек» бөбекжайында сейсможаттығу өткізу туралы бұйрығы бойынша «Әрдайымдық қызмет көрсетуші құрамның және балалардың жер сілкенісі болған кездегі әрекеттері» тақырыбында сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу сағат 10 -00де басталды. Дабыл қағудың шартты белгілері берілді. «Жер сілкінді» - үздіксіз электор қоңырау берілді. Балалар мекемесінде 21 қызметкер толық қатысты. Қоңырау беруге жауапты шаруашылық меңгерушісі А.Керекова Жалпы сейсможаттығу кезінде балабақша балаларының, тәрбиешілердің, қызметкерлердің сыртқа шығу уақыты 5-6 минутты қамтыды.
03.01.2024 жылы «Жастерек» бөбекжайында «Әрдайымдық қызмет көрсету құрамының және балалардың су тасқыны болған кездегі әрекеттері»
Тақырыбында сейсможаттығу өткізілді. Сағат 9.30-да дайындық жұмыстары өткізілді. Сейсможаттығу сағат 10-00 де басталды. Дабыл қағудың шартты белгісі берілді. «Су тасқыны» - үздіксіз электор қоңырау берілді. Балалар мекемесінде 12 қызметкер қатысты. Сейсможаттығу кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты мед.бике болды. Алғашқы жәбірленушіге медициналық көмек беруге даяр болды. Сейсможаттығу өтілу барысында мекемедегі балалар тегіс қауіпсіз алаңға шығарылды.Жалпы сейсможаттығу кезінде балабақша балаларының, тәрбиешілердің, қызметкерлердің сыртқа шығу уақыты 8-10 минутты қамтыды.
Әрбір топ тәрбиешілері мен кезекшілері АҚ штабының бастығына келіп, топта қанша бала екендігін, канша бала келмегені туралы мәлімет берді. Жаттығу барысында 90 бала тұрақты құрамдармен қамтылды.
Ұсыныс: Сейсможаттығу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау. Бірінші сәбилер тобының балаларын көшірген кезде өте мұқият болу.
Әдіскер: А.Тулекбаева
Анықтама
«Балабақшаның тамақтануын ұйымдастыру жағдайы»
Бақылау уақыты: 05.02. – 25.02.2024 жыл аралығы.
Мақсаты: Балабақшада балалар тамағының сапалы даяралануын қадағалау.
Баланы дұрыс тамақтандыру олардың ой және қимыл - қозғалысының едәуір өсуіне, оқыту процесінің қазіргі ерекшеліктеріне, сондай-ақ, еңбек және дене тәрбиесіне байланысты уақыт өткен сайын зор мәнге ие болуда. Көптеген зерттеушілер олардың биологиялық дұрыс тамақтануын денсаулық жағдайына, өсіп - дамуына және балалардың оқып-ұғынуына тікелей байланыстырады. Себебі, дұрыс әрі уықытында тамақтандыру балалардың денсаулығының үйлесімді дамуына жағдай жасайды. Ал, керісінше дұрыс тамақтандырмаудан оларда әрқилы аурулар пайда болады, бәрінен де бұрын асқазан, нерв, жүрек - қан тамырлары жұмысын төмендетеді, тұмау ауруларына организмнің қарсы тұру мүмкіндігін әлсіретеді.
Дене және ой жұмыстары кезінде балалардың организмінде зат алмасу күшейеді. Тіпті, жай отырғанның өзінде жатқанмен салыстырғанда ол процесс 12 %, ал тұрған кезде 20, жүргенде-80-100, жүгіргенде - 400% артады.
Бір қалыпты өсіп келе жатқан бала организмі жүйелі түрде, белгілі мөлшерде тамақ арқылы адам тіршілігіне қажетті заттарды алып отырады. Олар: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, су мен минералды тұздар.
Таңертеңгі уақытта баланың организмі энергияны көп жұмсайды. Ол осы уақытта белсенді жұмыс істейді. Сондықтан да алдағы жұмсалатын дене энергиясының орнын толтыру үшін таңертеңгі аста тағам заттары жеткілікті мөлшерде болғаны абзал. Таңертеңгі ас кезінде олар ыстық етті, жармалық тамақ, көкөністі, сүзбеден немесе жұмыртқадан жасалған тағамды және сүтті, кофені немесе шайды, нан мен майды қосып жеген дұрыс. Түскі ас үш түрлі тағамнан болады. Яғни, борщ немесе сорпа, етті тамақ және компот немесе шайды, кисель, жемістер. Кешкі тамақты әрі жеңіл, жұғымды етіп, ұйқының алдында 1,5 - 2 сағат бұрын берген дұрыс. Ұйқы алдында құрамында ақуызы көп азық-түлікті жеуге болмайды. Олар жүйке жүйесін тітіркендіреді, ағзаның белсенділігін арттырады және асқазанда көп тұрады, балалар мазасыз ұйықтайды.
Медбике: М.Мырзабаева
Ересек топтарда коммуникативтік дағды жұмысының жүргізілу жағдайын бақылаудың
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсасаты: Ересек топтарда коммуникативтік дағды жұмысының жүргізілу жағдайын жүргізілу деңгейін анықтау.
Бақылау нысаны: Ересектер тобы.
Бақылау уақыты: 08 .03. -18.03.2024 жыл аралығы.
Балабақшаның жылдық жоспары негізінде 08.03 – 18.03 аралығында ересек топтарда коммуникативтік дағды жұмысының жүргізілу жағдайын бойынша ересектер тобының жұмысы зерделенді. Мектепке дейінгі ересек жаста коммуникативтік дағды базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:
-
тіл дамыту;
-
көркем әдебиет;
-
қазақ тілі.гс
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту жұмысы Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру стандартына сай жүргізілуде. Білім беру педагогикалық процесті ұйымдастыруда ересек топтра «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы қолданылады. Балалардың жас ерекшелігіне сай «Қатынас» білім беру саласының мақсаты айналадағы адамдармен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасауға қабілетті көптілді мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Балалардың тілін дамытуда келесі міндеттер жүзеге асырылады.
-тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу;
-сөздікті дамыту;
-тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
-мәнерлеп оқу;
-әңгімелеуге үйрету;
-сөйлеу тілін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту күнделікті әрекеттің барлық түрінде жүзеге асады. Алайда балалардың тілін дамыту бойынша оқытудың негізгі түрі арнайы ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінде жүзеге асады. Балабақшада оқу іс-әрекетінің құрылымы тілдік жұмыстардың түрлі бөлімдерінің өзара байланысымен анықталады. Сөздікті молайту және жандандыру , тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу және басты міндет балалардың тілін дамытуда монологты байланыстырып сөйлеуді дамыту. Шағын орталықта «Күншуақ» ересектер тобы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тиянақты дайындалған. Көрнекі құралдары, дидактикалық материалдары бар. Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне белсенді қатысады. Тіл дамытуда балалар суреттерге сүйеніп әңгіме құрастыра біледі. Педагогтың сұрағына нақты, толық жауап бере алады. Сауат ашуда балалар өтілген әріптерді біледі. Буын, сөз, сөйлем құрастыра алады. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу барысында Нагимет Ұлжан, Сайиндық Диас деген балалардың сөздік қорын қалыптастыру керек. Дыбыстарды дыбыстау, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін қалыптастыру керек. Әңгімелеу және сөйлеу тілін дамыту, қалыптастыру керек.Көркем әдебиетте балалар шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін үйрету. Мәтін мен суреттердің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруді үйрету керек. Сауат ашуда балалардың барлығы өтілген әріптер мен дыбыстарды біледі. Дауысты, дауыссыз әріптерді ажырата біледі. Буын, сөз, сөйлем құрай алады. Сөзді буынға бөлуді жақсы менгерген. Алайда балаларға жазу жазғанда дұрыс отыру ережесін үйрету керек.
Дыбыстарды дыбыстау, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін қалыптастыру керек. Әңгімелеу және сөйлеу тілін дамыту, қалыптастыру керек.Көркем әдебиетте балалар шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін үйрету. Мәтін мен суреттердің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруді үйрету керек.Алайда балаларға жазу жазғанда дұрыс отыру ережесін үйрету керек.
Ұсыныстар: 1. Ересек топ тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдану;
Жауапты: Ересек топ тәрбиешілері
Мерзімі : тұрақты.
2. «коммуникативтік дағды» бойынша балалардың тілін дамыту барысында театр әлемін түрлендіріп , балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеп алып, қолдану.
Жауапты: Барлық топ тәрбиешілері
Мерзімі: тұрақты
3.Барлық педагогтарға балалардың тіл дамыту дағдысын жетілдіру жұмысына атсалысу.
Жауапты: Барлық топ тәрбиешілері,педагогтар.
Мерзімі: тұрақты.
Әдіскер: А.Тулекбаева
28 қараша 2015 жылы өткен педагогикалық кеңестің шешімінің
орындалуы туралы анықтама
1.Балабақшада таңертеңгілік жаттығудың маңызы өте зор және күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады. Осы маңызды себептермен мектепке дейінгі мекемелерде таңертеңгілік жаттығудың өткізілуі маңызды. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі. Таңертеңгілік жаттығуды балабақшада І,ІІ кіші топтарда тәрбиешілер, ортаңғы, ересек топтарда дене шынықтыру нұсқаушылары жүргізеді. Күнделікті бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызуғышылығын төмендетпеу үшін жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отырады. Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіреді. Жаттығулар балалармен дұрыс орындалуы қадағаланады.
Балабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалардың сапқа тұруымен басталады. Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Содан балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүгіруден бастайды. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын; иық буыны, аяқ, табан, кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшық еттерін шынықтыратын жаттығуларға назар аударылады.Таңғы жаттығу балабақшада жүйелі түрде жүргізіледі.
2. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Балабақшаның күн тәртібінде қимыл-қозғалыс ойындары жүйелі жүргізілуде. Барлық топтарда балалардың жас-ерекшеліктеріне сай ойын түрлері таңдалып алынған. Балабақшада балаларды жас ерекшеліктеріне сай заттармен, үстел үсті ойындармен, сөздік ойындармен ойнатады.М: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», «Қай сурет тығылды», «Ұқсасын тап» т.б түрлі ойындар ойнатылады. Балалар күннің І-ші және ІІ жартысында, серуенде қимыл-қозғалыс ойындарын ойнайды.
3.Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде дене шынықтыру нұсқаушысы қимылды ойындарға ұлттық ойындар түрін кіріктіреді. Ұлттық ойындар арқылы балалардың танымын арттырып, қозғалыстарын жетілдіреді. Аз қимылды ойындарды дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде қорытынды бөлімде орындайды. Аз қимылды ойындар қимылды көп қажет етпейді. Бұл ойындар көбінде орындарында тұрып орындалады, сөздік ойын ретінде де өткізеді. Мысалыға: «Дауысынан таны», «Ұшты-ұшты», «Шар үрлеу» т.б.ойын түрлері жүйелі жүргізіледі.
4. Мектепке дейінгі педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында №1684. 30.12.2011 ж санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын балабақша қызметкерлері қатаң орындайды. Сонымен қатар күнделікті күн тәртібінде, мерзімдік іс-шараларын жүзеге асыруда гигиеналық талаптар ережелерін, бөлмені желдету ережелерін, ойыншықтарды дұрыс қолдану ережелерін, тамақтану гигиенасын сақтау қатаң қадағалануда. Бұған жауапты балабақшадағы барлық қызметкерлер.
Әдіскер: А.Ж.Жунисова
Балалардың дамуын бағалау жүйесін тексеру
анықтамасы
Бақылау обьектісі: Барлық топтар
Өткізілу уақыты: Қаңтар айы, 2016 ж
2015-2016 оқу жылының қаңтар айында балабақшадағы І , ІІ кіші, ортаңғы, ересектер топтарында оқу жылының бірінші жарты жылдығына балалардың білім деңгейін анықтау индикаторы жасалды.
«Жұлдыз» бірінші сәбилер тобы
«Денсаулық» – %
«Қатынас»- %
«Таным» - %
«Шығармашылық» - %
«Балапан» екінші сәбилер тобы
«Денсаулық» – %
«Қатынас»- %
«Таным» - %
«Шығармашылық» - %
«Әлеуметтік орта» - %
«Тамшылар» ортаңғы тобы
«Денсаулық» – %
«Қатынас»- %
«Таным» - %
«Шығармашылық» - %
«Әлеуметтік орта» - %
«Күншуақ» ересектер тобы
«Денсаулық» – %
«Қатынас»- %
«Таным» - %
«Шығармашылық» - %
«Әлеуметтік орта» - %
Диагностика жасау жұмысы желтоқсан айының ІІІ-ІV аптасында жүргізілді. Барлық тәрбиешілер мен пән жетекшілері әр баланың ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасады. Диагностиканың нәтижесінде қабілеті ерекше балалар анықталып, І деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізу тәрбиешілерге тапсырылды.
Ұсыныс: Балалардың білімін есепке алған кездегі төмен көрсеткен аймақ бойынша балалардың білімін көтеру жұмыстарын жүргізу.
Әдіскер: А.Ж.Жунисова
Таныстым:

Мақсаты: Балалардың толыққанды, рационалды тамақтануын ұйымдастыруын бақылау.
Бақылау нысаны: Барлық топтар.
Бақылау уақыты: 16.02 - 20.02.2024 жыл аралығы.
Тамақтану - баланың
физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс
өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының
төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің
төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне
мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші
болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл
бөлінеді.
Біздің мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар:
* Тамақ мөлшерінің энергетикалық құндылықтары баланың энергетикалық шығындарына сәйкес келеді;
* Тамақ мөлшеріндегі барлық ауыстырылатын және ауыстыруға болмайтын азық түліктер теңдестірілген.
* Тамақ мөлшерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін азық-түліктер мен тамақтардың көптеген түрлері;
* Азық-түліктердің технологиялық және аспаздық дұрыс өнделуі, олардың тамақ құндылықтарының бастапқы қалпын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тағам дәмінің жоғары сапасы.
* Үйлесімді тамақтану тәртібі, айналадағы жағдай балалардың тамақтаны мәдениетін дағдыландыруға себепші болады;
* Тамақтануға деген гигиеналық талаптарды сақтау (тамақтану қауіпсіздігі)
Шағын орталықта күніне үш рет тамақтанады:
Таңертеңгілік ас – сүт ботқалары: сұлы, күріш, қарақұмық, бидай, "Достық", макарон өнімдерінен көже. Ботқалар жұмыртқа, ірімшік өнімдерімен ауыстырылып отырады. Сусын ретінде сүт қосылған какао, маймен, сыр бутерброды.
Түскі ас – өсімдік майы қосылған балғын көкөністерден түрлі салаттар (қияр, қызанақ, сәбіз)
Бірінші ыстық тағам - борщ, көкөніс көжесі, балық сорпасы, жарма немесе макарон өнімдері қосылған көжелер.
Екінше тағам - гарнирмен ет, балық, тауық.
Үшінші тағам – балғын жемістерден, кепкен көкөністерден компот, табиғи жидектерден кисель.
Бесін ас - сүт,айран, шырын, лимон қосылған шай, печенье, кондитерлік бұйымдар, тоқаштар.
Тамақты әзірлеу және тарату әрекеті медбикенің қатаң қадағалануымен жасалынады. Балабақшаның барлық топтарында ыдыстарды сақтауға және жууға арналған бөлмелер бар. Тәрбиешілер және тәрбиеші көмекшілері топ ішінде балаларға тамақ таратады. Топ тәрбиешілері ас мәзірімен балаларды таныстырады. Дастархан басында отыру ережесін балаларға ескертіп отырады. Ас ішіп болған соң ішу ережесі гигиеналық машықтарды орындатады. «Тамшылар» топ тәрбиешілері тексеру барысында балаларды ас мәзірімен таныстырмады. Балаларға ас ішу ережесін айтып түсіндірмеді. Балалар стол басында сөйлеп отырды.Осы топ тәрбиешілеріне ескертулер айтылды. Қатаң түрде гигиеналық-санитарлық талаптар орындалады.

Балалардың мектеппен сабақтастық жұмыстарының жүргізілу барысы туралы бақылаудың
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Балалардың мектепке деген эмоционалдық-жігерлік, мотивациялық, танымдық дайындықты анықтау.
Бақылау нысаны: Ересектер тобы.
Бақылау уақыты. 02.02.- 06.02.2024жыл аралығы.
Мектепке дейінгі мекеме жұмысының сапасының негізгі көрсеткіші, балалардың мектепке дайындығы.
Оқыту-тәрбиелеу жұмысының маңызды бөлімі – балалардың мектеппен таныстығы, олардың мектепке қызығушылығын тәрбиелеу, оқуға деген қызығушылығын ояту. Бұл балабақша бағдарламасына сәйкес және Ж.Мыңбаев біріге өткізілетін жұмыстар жоспары негізінде балалардың мектеппен танысуының және педагогткалық ұжымның қарым-қатынасын қарастыратын жұмыстарға сәйкес жүргізіледі.
Мектепке экскурсия, балабақша түлектері және бірінші сыныптардың біріге өткізетін іс-әрекеттері – мұның бәрі балаларда болашақ оқу туралы жақсы көзқарас қалдырып, олардың танымдық қызығушылықтарын нығайтады, оқу оқуға итермелейді. Балабақшаның ұжымы мен мектеп ұжымы бірнеше жылдар бойы тығыз байланыста жұмыс атқаруда, бір-бірінің сабақтарына баруы, педүрдістерін бақылап талдаулары салтқа айналды, жаңа әдебиеттермен танысып, тәжірибе бөліп, бірінші сыныптардың сабақтарына қатысып, кітапхана, сыныптарға, спор залдарына саяхатқа апарды.. Осының бәрі балалардың мектепке сапалы біліммен дайындалуына әкеледі, балабақша мен мектеп педагогтарының мақсатты бағытта жұмыс жасауы жақсы нәтижелер береді.
Әдіскер: А.Тулекбаева
Ойын алаңында техника қауіпсіздік талаптарының орындалуын шұғыл тексерудің
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: Ойын алаңында техника қауіпсіздігінің орындалуы.
Бақылау уақыты: 18.09. – 25.09.2023 жыл аралығы.
Балабақшаның бақылау мен басшылық жылдық жоспары негізінде барлық топтардың ойын алаңдары тексерілді. Ойын алаңдары балалардың өміріне қауіпті заттардан тазартылған. Құрғап қалған ағаш пен бұталарды дер кезінде алып тастайды. Серуенді ұйымдастыру алдында балабақша тәрбиешілері ойын алаңдарын мұхият қарап шығады. Барлық топтың ойын алаңдарында балалар ойнайтын құм бар. Ойын алаңындағы техника қауіпсіздігі қатаң сақталады.
Шаруашылық меңгерушісі : А.Керекова
Ортаңғы, кіші жас топтарда танымдық және зияткерлік дағды жұмысының жүргізілу жағдайын бақылаудың
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсасаты: Ортаңғы, кіші топтарда танымдық және зияткерлік дағды жұмысының жүргізілу деңгейін анықтау.
Бақылау нысаны кіші жас , ортаңғы топтар.
Бақылау уақыты: 10.03.-13 .03.2024жыл аралығы.
Балабақшаның жылдық жоспары негізінде 10.03 – 13.03 аралығында Танымдық және зияткерлік дағды бойынша кіші жас топтар мен ортаңғы топтарының жұмысы зерделенді. Мектепке дейінгі кіші жас , ортаңғы жаста Танымдық және зияткерлік дағды базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:
-
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
-
құрастыру;
-
экология негіздері;
-
қоршаған ортамен таныстыру.
Танымдық және зияткерлік дағды мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балалар сан мен санау, көлем, геометриялық пішін, кеңістікті бағдарлауды білу керек.
Құрастыруда балалар түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасау,бөлшектерді қатарластырып, кірпіш – пластиналарды көлденеңінен, тігінен, дөңгелек пен төртбұрыш бойына бір-біріне жақын және белгілі арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдану.балаларға құрлыс материялдарының негізгі бөліктері
( текше,кірпіш,пластина,призма ) мен олардың түстерін,көлемдерін атай білуге ынталандыру. Құрылыс бөлшектерін көлеміне қарай (үлкен-кіші, ұзын-қысқа, биік – аласа, кең-тар) ажырата білуге үйрету.
Қағаздан құрастыруда бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын көлемі өзгерту іскерліктерін қалыптастыру.(мысалы шөп, бақбақ, кұстар)
Экология негіздерінде балалар өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортамен таныстыруда балалар айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалынғаны туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау. Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, заттардың сапасы мен қасиеттерін ажыратуға , сипап сезуге, дәміне, естуіне. «Балапан»» кіші жас тобының тәрбиешісі Г.Бекмаганбетова күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарларында мақсаты мен міндеттерін ойластыра отырып жазған. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалар ұзын-қысқа, үлкен-кіші, биік-аласа, алдында-артында ұғымдарын тәрбиешінің көмегімен айтады.
Құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түрлі-түсті бөлшектер балалардың санына қарай жетпейді. Қағаздан бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін балаларға үйрету керек. Экология негіздерінде балалар өсімдіктер мен жануарлар ажырата алады. Жыл мезгілдерін біледі. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді тәрбиешінің көмегімен айтады. Қоршаған ортамен таныстыруда балалар ойыншық аттарын, түсін, жұмсақ-қаттылығын ажыратады. Көкөністер мен жемістерді біледі. Көлік түрлерін ажырата алады.Бірақ, балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тыныш отырмайды. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүйелі жүргізбейді.
«Жұлдызай» ортаңғы тобының тәрбиешісі М.Жилхайдарова перспективалық жоспары бар. Жоспарлары тақырыпқа сай жазылған. Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықпен қатысады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалар таңертең, күндіз, кеш, түн ұғымдарын біледі. Геометриялық пішіндерді ажырата алады. Биік-аласа, бір-көп, жоғарыда – төменде, алыс-жақын ұғымдарын біледі. Балаларға оң жақта-сол жақта ұғымдарын үйрету керек екендігі айтылды. Құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бала басына көрнекі құралдыры жетіспейді. «Қақпалар» тақырыбында өткен сабақта бала басына құрылыс материялдары жетіспеді. Балаларға бұзау аласа оған аласа қоршау, сиыр үлкен оған биік қоршау керек деген ұғым берілмеді. Қоршаған орта мен экология негіздерінде балалар жыл мезгілдерін , маусымдық өзгерістерді жақсы игерген. Балалар ай аттарын біледі. Көкөністер мен жемістер атауларын, түстерін, пішінін ажырата біледі. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады, қайда мекендейтінін біледі.
Ұсыныстар: 1. Кіші жас , ортаңғы топ тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын, денсаулық сақтау технологияларды тиімді қолдану;
Жауапты: барлық тәрбиешілері
Мерзімі : тұрақты.
2. Танымдық және зияткерлік дағды бойынша балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту барысында ойын түрлерін түрлендіріп , балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеп алып, қолдану.
Жауапты: Барлық топ тәрбиешілері
Мерзімі: тұрақты
3.Барлық топ тәрбиешілері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне керекті құрал жабдықтар мен көрнекіліктерді эстетикалық талғамға сай және бала басына жеткілікті етіп толықтыру.
Жауапты: Барлық топ тәрбиешілері.
Мерзімі: тұрақты.
Әдіскер : А.Б.Тулекбаева
Ересек топ балаларының психологиялық бағдарын бақылау
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсаты: ересектер топ балалардың психологиялық айырмашылықтарын, қайсы бір қабілеттерің, дағдыларың, біліктерің, тұлғалық сапаларының деңгейін анықтау.
Бақылау нысаны: Ересектер тобы
Бақылау уақыты: 02.03.-06 .03.2024 жыл аралығы.
Балабақшаның жылдық жоспары негізінде 02.03 – 06.03 аралығында ересек топ балаларының психологиялық бағдарын бақылау жұмысы зерделенді. Ерсектер топтарында барлығы 66 бала тәрбиеленеді. Зерттеу барысында балалардың оқу іс-әрекетіне қатысу белсенділігі, бағдарламалық құзыреттерінің деңгейі бақыланды. Балалармен әңгіме жүргізіліп, ойын іс-әрекетірі өтілді.. Бақылау барысында келесі нәтиже алынды : жалпы балалардың балабақшаға деген әсері жақсы, бір-бірімен қарым-қатынаста ынтымақты. Балалар балабақша жағдайларына толық бейімделген, жаңа білімдер алуға құштарлығы айқын көрініс береді. Балалар тапсырмаларды жақсы түсінеді және жұмысты ересектер тарапынан ескертулер мен бақылаусыз да соңына дейін жеткізе алады. Балалар өзіне өзі бара-бар баға бере алады және өз сәтсіздіктері мен басқалардың ескертулеріне ілтипат білдіре алады.
Қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру және көркем жазулары орташа. Тәрбиешілерге балалардың сауаттылығы бойынша көп жұмыс атқару керектігі айтылды. Жаппай сөздік қоры орташа .
Ұсыныс : Сөздік қорларын жетілдіру үшін тәрбиеші танымдық қызығушылығын арттыруға, белсенді қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп шағын кітапшаларды оқуына баса назар аудару керек және күнделікті оқу іс-әрекетінде есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында сергіту сәттерінде жаттығуларды өткізіп отыру керектігі айтылды.
Ересек топтарда жол көліктерінен жарақаттанудың алдын алу жұмысының жүргізілу жағдайын бақылаудың
АНЫҚТАМАСЫ
Мақсасаты: Ересек топтарда балалардың өмір қауіпсіздігі бойынша білімдерін анықтау.
Бақылау нысаны: Ересек тобы.
Бақылау уақыты: 13 .04.-18.04.2024жыл аралығы.
Балабақшаның жылдық жоспары негізінде 13.04 – 18.04 аралығында балалардың өмір қауіпсіздігі бойынша Ересек топтарының жұмысы зерделенді. 2023-2024 оқу жылына арналған жол-көлік жарақатынан сақтану жоспары бар. Жоспар бойынша жұмыс түрлері жүргізілуде.
Бала денсаулығын сақтаудың бір жолы жарақаттанудың алдын алу. Бала жарақаты әртүрлі жағдайлар мен себептерге байланысты болады. Сондықтан, негізгі назар балалармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға аударылуы тиіс. Бұл жұмыстар ата-аналар, тәрбиешілер, мейірбикелердің тығыз байланыста болуы арқылы жүргізіледі. Соғылу, сыну, шығарып алу және т.б. сияқты жарақаттар аяқ асты орын алады. Балалар ең алдымен қоршаған ортаның қолайсыздығы, көңіл бөлмеу, қамсыздық, асығыстық, жол ережелерін сақтамау, көшеде, үйде, ойын кезінде, күнделікті тұрмыста бала тәртібінің дұрыс болмауының және т.б. салдарынан жарақат алуға тап болады. Тәрбиешілер жарақаттанудың алдын алу және болдырмау үшін мына бағыттарда жұмыс жүргізді.
- қоршаған ортадағы қолайсыздықтан, жарақат қаупін туғызатын жағдайлардан сақтану, оларды болдырмау;
- балаларды қауіпті жағдайлар пайда болу кезінде олардан сақтанудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету.
Жарақаттану түріне қарай тұрмыстық, спорттық, көліктік жарақаттану деп бөлінеді.
Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында әңгімелесулер, ойын-сауықтар ұйымдастырылып өтіледі. Жолда жүру ережесіне байланысты «Үш көзді дәумен кездесу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналарға арналып «Баланың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың көшеде және жолда жүру ережелерін білу» атты кеңес берліді. Балалардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында «Қауіп – қатерсіз қозғалыс» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Сәуір айында ересек топтарда жолда жүру ережелеріне байланысты ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері өтіледі деп жоспарлануда. Ересек топтарда жол жүру тәртібіне үйрету мақсатында
дамыту орталары жабдықталған. Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдері жақсы қалыптасқан. Балалар бағдаршамның қызметін, жаяу жүргіншілер жолын біледі. Жол белгілерін ажырата алады.
Ұсыныс:
Ең ауыр жағдайларға әкелетін жарақаттану – көліктік, жол жарақаттары, көшелердегі жазатайым оқиғалар. Баланы жастайынан жол қауіпсіздігін сақтау дағдыларына үйрету керек. Бұндағы басты мақсат – баланы өзін-өзі көшеде ұстау ережесіне үйрету.
Әдіскер: А.Б.Тулекбаева
Жаңа оқу жылына топтардың дайындығын тексеру бойынша кемшіліктердің орындалғаны туралы анықтама.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа ж.йесі жасалып, білім беру жүйесі әлемдің білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл мектепке дейінгі мекемедегі педагогика теориясы мен тәрбие үрдісіндегі жаңа өзгерістерге, жаңа модульдік білім беруге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасыөзгерді, білім берудің жаңаша гумандық қарым-қатынас пайда болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі мақсаты – бұл ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, білім берудің сапасын жаңарту.

- инновациялық технологияларды әзірлеу, енгізу

«Ақбота» ортаңғы тобы бойынша топта балаларға арналған көрнекіліктер саны біршама көбейтілді. Гүлдердің жас ерекшеліктеріне сай толықтырылулары ескертілді.
«Балапан» І кіші тобында балаларға көрсетілетін көрнекіліктер жас ерекшелігіне сай жөнделді. Сюжетті рөлдік ойындарды толықтырылды. Баланың қолына тартылып берілетін көрнекі заттардың түсі ашық, түсінікті болып жасалды. Ұлттық бұрыш толықтырылды, гүлдердің жас ерекшеліктеріне сай толықтыру ескертілді.
«Балдаурен» ІІ кіші тобында ұлттық бұрышты толықтырылды, таратылып берілетін көрнекіліктер саны жағынан толықтырылды, сапасына көңіл бөлінді, табиғат бұрышын толықтырылды. Табиғат бұрышын өлі және тірі табиғат заттарымен, гүлдермен толықтыру ескертілді.
«Балдырған» ІІ кіші тобында балаларға арналған көрнекіліктерді толықтырылды, табиғат бұрышында гүлдердің жас ерекшелігіне сай жабдықталуы ескертілді.
«Балбөбек» ересектер тобында табиғат бқрышын жабдықталды, мата түрлерін, жіптердің түрлері қойылды. Табиғат бұрышы балық, тоты құс, гүлдермен толықтырылды.
«Құлыншақ» ересектер тобында табиғат бұрышында жіптер, маталар түрлері қойылды, тотықұс, гүлдер жастарына сай қойылды, балаларға таратылып берілетін көрнекіліктер саны жағынан толықтырылды, көрнекіліктердің барлығы бір форматта А3 болды
Жалпы педагогтардың құжаттарын тексеру бойынша кемшіліктердің орындалғаны туралы анықтама.
«Ақбота», «Балдырған»топтарының құжаттары толық, эстетикалық жағынан әсем безендірілген. Осы топтардың тәрбиешілері Н.Джанбосынова, Ш.Баятанова, Г.Сеймулдаеваның өздерінің тәжірибелі маман екендігін көрсетті. Өз жұмыстарын мектепке дейінгі білім беру сатысының оқыту және тәрбие беру барысында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын жетік қолданып, балабақшаның күн тәртібінде және әр түрлі іс-әрекеттерді өткізуде қиындық көрмейді. Тәрбиешілердің құжаттары толық, технологиялық карталары және апталық циклограммалары жалпы талаптарға сай әзірленген. Педагогтар тәжірибе алмасу дәптерлерінде 10-15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге қатысып, өз білімдерін шыңдап жүр.
«Балапан» І кіші тобының тәрбиешілерінің жылдық жоспарлары, айлық перспективалық жоспары түгел. Топтың тәрбиешілері өз жұмыстарын мектепке дейінгі білім беру сатысының оқыту және тәрбие беру барысында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын жетік қолданып, балалардың оқыту мен тәрбиесін толық қамтамасыз ететін жағдайлар жасалған. Күн тәртібінің барлық кезеңдері балалардың жасына сай ерекшеліктерін ескере отырып циклограмма жоспарланған. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын бағдарламаға сай дұрыс толтырылды. Сонымен қатар ата-аналармен жұмысты жүйелі жоспарға сай жүргізеді. Балалардың келу тізім дәптері толық толтырылды, ата-аналардың хаттамасы толық жазылды. Топ тәрбиешілері М.Шаріпбаева 15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке, Р.Тулегенова 10 ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке қатысты.
«Балдаурен» ІІ кіші тобының тәрбиешілерінің құжаттары талаптарға сай болды. Топта балалардың балабақшаға келу тізім дәптері толық толтырылды, өз білімін жетілдіру дәптері, ата-аналар хаттамасы толықтырылды. Тәрбиеші А.Туғанбаева 12 ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке, Б.Қыиықтаева 10 ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысты. Ата-аналармен жеке жұмыс жоспарлағанда сұрақтарды нақты қою керек. Тәрбиешілер өз білімдерін шыңдап, үнемі тәжірибе алмасып отыр.
Педагогтар тәжірибе алмасу дәптерлерінде 12-15 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге қатысып, өз білімдерін шыңдап жүр.
Балабақша педагог-психологы Г.Сейтбекованың құжаттары толық, бірақ балалармен жеке жұмыс жүргізу бойынша таратылып берілетін қажетті көрнекіліктерді толықтырды.
Балабақша бейнелеу өнерінің жетекшісі Р.Абдрахманованың да құжаттары да толық. Балалармен жұмыс жүргізгенде көрнекілік құралдарды толықтырды. Тәжірибе алмасу дәптерінде 12 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер жазылған.
Ағылшын пәні жетекшісінің А.Анарбектің тәжірибе алмасу дәптері және балалармен жұмыс жасағанда қолданылатын көрнекілік құралдарын толықтырды.
Дене шынықтыру жетекшісі З.Күзенбаеваның да ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке қажетті атрибуттары жеткілікті және тәжірибе алмасу дәптерінде 10 оқу іс-әрекет жазылған.
Балабақша музыка жетекшісі А.Жолымбетова, З.Асанова құжаттары толық емес. Тәжірибе алмасу дәптерлері, балаларға оқу іс-әрекет барысында таратылып берілетін көрнекіліктер жеткіліксіз.
Ұсыныстар:
1. «Балапан», «Балдаурен» топтарында тәрбиешілер құжаттары мектепке дейінгі мекеменің талаптарына сай, құжаттарды толтыруда эстетикалық жағына назар аударып толтырсын;
2. «Балдаурен», «Балапан», «Балдырған» топтардың ата-аналар жиналыстарының хаттамалары толықтырылып жазылсын, шешімдері дұрыс шығарылсын;
3. Барлық топтардың тәрбиешілері құжаттарын бағдарлама талаптарына сай, балалардың өмірі мен тәрбиесін, денсаулығын сақтау ережелеріне сәйкестендіріп жүргізсін.
4. Жалпы балабақша бойынша басқа да педагогтардың құжаттары да бағдарламаға сай толықтырылып, жазылсын.
Әдіск
Балалардың танымдығын дамыту жұмысында қолданылатын
әдіс-тәсілдерді тексеру анықтамасы.
Мерзімі: 20.05 -24.05.2024 жыл.
Баланың танымын дамытатын жаттығуларға психологиялық талдау көрсеткіші арқылы ішкі теориялық іс-әрекет қатарының жалпы күші сыртқы практикалық іс-әрекетінің жеке құрылымдық элементері бар жаттығулар жатады. Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту және оны ұйымдастырудың тиімді жолы бойынша Л.С.Выготский ойлауды белсендетуді «ойлауды ойлау ойламайды, адам ойлайды» деген. Сондықтан дамытушы ойындар арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыруда олардың психикалық қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды жеңілдете беру керек. Сонда ғана балалардың бойында білімді сіңіруге деген түрткі қалыптсады. Осындай түрткілердің қалыптасуы балалардың оқу іс-әрекетті қызыға тыңдауын, тапсырмаларды құлшына орындауын туғызады. Тапсырмаларда берілген сөздердің мағыналарымен білдіретін ұғымы балалардың жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ересектер тобының балалары эмоционалды активті, әңгімеге тез енеді, берілген сұрақтарға әңгіменің мазмұны бойынша жауап береді. Өзі білетін ертегіні жақсы айтады, оның мазмұнын түсінеді, ертегіде болған оқиғаларын жақсы айтады. Өлең тақпақтарды мәнерлеп оқиды. Антоним,синоним сөздерді тез қолданады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалардың сөздік қорын молайтуға септігін тигізетін ойын жаттығулары көп қолданылуы керек. Сонымен қатар дамытушы ойындарға қолданылатын сөздер әрі таныс, әрі түсінікті, әрі мағыналы болу керек. Дамытушы ойындарға берілген тапсырмалар балаларға өте жеңіл болуы шарт. Дамытушы ойындарды балалар орындаған кезде олардың ойлау процесі аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан іске асады. Баланың қабылдаған білімі «ішке» қарай өтіп, оны практиалық тұрғыдан басқа жағдайда сыртқа шығара алады. Мысалы: «Тау» сөзін басқа сөзге айналдыру қажет деген тапсырма берілген. Анаграмма ойынында баланың ойлау процесі дамиды, мысалы:
- «Тау»
сөзін оқып таниды.
- «Тау» сөзінің мағынасын еске түсіреді
- «Тау» сөзіндегі қандай дыбыстарды орын ауыстыру арқылы басқа
сөзді туғызуға болатындығын анықтайды. Бұл операцияны орындаған
кезде балалардың санасында дыбыстарға қатысты ережелер еске
түседі.Осындай тпасырмаларды орындау барысында балалардың ойлау
және шығармашылық қабілеттері нығаяды, жетіледі. Дамытушы ойындар
балаларды ойландырады, сол арқылы баланың танымдық қабілеті
дамиды.
Танымдық- дамытушы ойындарды орындау барысында балалардың санасында аналитикалық, синтетикалық процестер жүреді де балаларды білімді игеріп оны басқа да практикалық жағдайларда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Нәтижеде балалардың бойында шығармашылық іс-әрекеттер қалыптасады. Сондықтан дамытушы ойындарды қолдана отырып, олардың бойында шығармашылық қабілетті қалыптастыруға болады. Баланың белсенділігі оқу іс-әрекетте білімді игеруге, білімді сыртқа шығаруына негіз болады. Танымдық-дамытушы ойындар балаларда күнделікті оқу іс-әрекетте ерекше басқа жағдайда өтетіндіктен, балалардың оқу іс-әрекетке деген қызығушылығын оятады, әрі жалықтырмайды. Мұндай оқу іс-әрекетте ойын түрінде игерілген білімдерінің бала бойында 75 пайызына дейін қалатындығы байқалып тұр.
Ұсыныс: Тәрбиешілер оқу іс-әрекеттерде танымдық-дамытушы ойындарды көбірек қолдансын. Балалардың ойлау белсенділігі артып, білімді игеруі жылдамдатылып, жұмыстары дұрыс жүргізілу ескертілді.
Әдіскер : А.Б.Тулекбаева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бақылау мен басшылық

шағым қалдыра аласыз