400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Бақыт деген не?" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру. Отбасында баланы тәрбиелеу жолдары, ата-ананың міндеттерін, жауапкершілігін сезіндіру. Оқу тәрбие жұмысының алдағы міндеттерін жүзеге асыруда ата-аналардың белсенділігін көтеру ынтымақтастықты нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Ақай орта мектебінің

Бастауыш класс мұғалімі

Дуйсебаева Майра Алдановна

Тақырыбы: Бақыт деген не ? ( тренинг)

Мақсаты: Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру. Отбасында баланы тәрбиелеу жолдары, ата-ананың міндеттерін, жауапкершілігін сезіндіру. Оқу тәрбие жұмысының алдағы міндеттерін жүзеге асыруда ата-аналардың белсенділігін көтеру ынтымақтастықты нығайту.

Күтілетін нәтиже:

*Ата-аналар балаларын бақытты ете алады

*Отбасы бірлігі нығая түседі.

*Балалардың тәрбиесіне үнемі көңіл бөледі.

Өту әдісі; өз ойларын ортаға салу, өмірмен байланыстыру.

Көрнекілігі; нақыл сөздер, сұрақтар.

Жүру барысы;

1.Кіріспе

Жиналыстың тақырыбы, мақсаты, өту туралы түсінік беру. Ата-аналар мен балаларды топқа бөлу.

2.Ережемен таныстыру.

А) бір-бірімізді тыңдау

Ә) бір-бірімізді сыйлау

Б) ойларын ортаға салу

В) белсенділік таныту

Г) уақытты үнемді пайдалану

Д) тақырыптан ауытқымау


Құрметті ата-аналар,оқушылар сіздерді бүгінгі Бақыт деген не? атты тренинг жиналысымызға қош келдіңіз. Сіздердің жүздеріңізден қуанышты сезімдер, сонымен қатар мейірімділік, қайырымдылық, ақылдылық сияқты асыл қасиеттер шуақ шашып тұрғандай.

-Кәне балалық шағымызды еске түсірейік. Ата-аналарыңыз сіздерді еркелетіп есімдеріңізді қалай атады? (ой бөлісу сәті,)


3.Теориялық бөлім.

Бақыт деген досыңның табағында, домбыра шынағында, жарыңның жанарында, халықтың қабағында. ҚадырМырзаӘлі

-Бақыт деген не?

-Қалай ойлайсындар?

-Өмір өзі -Бақыт! (Сұрақтар беру)


1-топ Ата-аналар.

Өз өмірлеріңіздің қай кезінде, қандай жағдайда өздеріңізді бақыттымын деп сезіндіңіздер?


2-топ Оқушылар

Айналаңыздағы адамдарға бақыт әкелген өзіңіздің іс-әрекеттеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз.

Ата-ана

Өздеріңіздің пікірлеріңіз бойынша тағдыры бақытты саналатын адам туралы әңгімелеп беріңіз.


Мақал-мәтел айту

Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең.

Балаң жақсы болса-қызық

Балаң жаман болса-күйік.


Ата-ананың қадірін

Балалы болсаң білерсің.

Әке-асқар тау

Бала баурайындағы құрақ.

Бақыт деген не?

Практикалық жұмыс.

1-топ Балалар.

Ана бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ.Ата-аналар.

Бала бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?

(Балалар пікірін тыңдау)

(Аналар пікірін тыңдау)

5.Бақытты өмір сүру үшін Бақыт ережесін құрастырайық.

Сары қағаздарға Бақыттың не екенін жазып, шуақ шашқан күнді құрастырамыз.

Ата-аналар.

Музыкалық үзіліс.

Ән. Менің қос бәйтерегім. Жансая, Нұрислам, Жұлдыз

-Балаларыңызды қалай еркелетесіздер?

-Ата-аналарыңыз есімдеріңізді толық айта ма?

-Қандай бала болып өсесіңдер?

-Ата-анаң не үшін ренжиді?

-Ақылды болу өз қолыңда ма?

-Бос кездеріңде үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

Қортындылау.

Ата –аналар бұл тренингтен кейін өздерінің көп уақытын балаға жұмсау керектігін түсінді. Ата-анаға баланың болашағы мен қазіргі тәрбиелік мәнін ұқты. Балаларға әр кез ата-ананы, ұстазды тыңдауға қадірлеуді түсіндірді. Сонымен бірге достар арасында тату ұйымшыл болуды үйретті. Балаларға мейірімділік пен адалдықты берді. Балалар өздерін бақытты екенін және аналарын ренжітпеуді түсінді.

Picture 1 Picture 2 Picture 3 Picture 5

Picture 4 Picture 6



Ата-ананың ақылы, сайрап жатқан жолмен тең.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі