400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бақыт гүлін терген күн!» Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бақыт гүлін терген күн!» Ұлы Жеңіске 70 жыл!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

№74 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектеп





«Бақыт гүлін терген күн!»

Ұлы Жеңіске 70 жыл!






Дайындаған: Б.Алмасова








Абай ауылы

Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий


І жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70жылдығы. 
ІІ жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды, 
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. 
Жалғызынан айырыпты ананы, 
Әкесінен айырыпты баланы. 


І жүргізуші: Дәл  осынау жадыраңқы жай күні

  Болсадағы қай ғасырдың қай жылы

  Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

  Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

 /1 минут үнсіздік, үнтаспаданжай ғана ән естіледі/

Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

ІІ жүргізуші:

4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде сағат 6:30 минутта Жеңіс туы тігілді. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. Бауыржан Момышұлы, Жұмағали Сайн, Қасым Қайсенов сияқты тағы басқа ағаларымыз өз ерліктерін көрстіп, «Совет Одағының батыры», «Халық хақарманы» атақтарымен марапатталған.


І жүргізуші:

Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.

Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып,

бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл. 
70 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы, 
70 жыл — шуақты күн таратты әнін. 
Талай құс содан бері қайта оралды, 
Талай бақ әлеміне қайта оранды. 
Соғыста өлгендер тек оралмайды, 
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы, 
Біздің елдің үстінен ұшпағалы. 


ІІ жүргізуші:

Отанымыздың байтақ жерін қорғады.


Ақ сүт берген анасын қорғады.


Пәк жүзді баласын қорғады.


Самал ескен даласын қорғады.


 

  І жүргізуші:

Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

 

Естідім-ау Жеңіс күні

 

Дүрілдейді көк пен жер

 

Күрескердің арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 


 ІІ жүргізуші:


Тыныштық! Жаса тыныштық!

 

Осы сөз бізге тым ыстық.

 

Көркейе берсін еліміз,

 

Көбейе берсін ырыс-құт!

 

 

Бақытты болсын балалар

 

Соғысты сүймес адамдар.

 

Өркендей берсін қалалар,

 

Гүлдене берсін далалар.

 

 

І жүргізуші:

 

Жеңіс келді қалама

 

Жеңіс келді далама,

 

Жеңіс келді әке боп,

 

Жеңіс келді ән болып,

 

Жеңіс келді алақай!

 

Тоя жейтін нан болып.

 

ІІ жүргізуші:

 

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

 

Жігерленген құштарлықтың құралы

 

Күрескердің арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 

Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

 


 І жүргізуші:


Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі