400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыт іздеп жолға шықтым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақыт туралы, оның қадірін, қасиетін түсіндіретін өлең шұмақтарын жаздым. Пайдалы болады деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Мамандыққа бастар жол.



Адамзат баласы бұл жарық дүниенің үлкен есігін айқара ашып кірген соң, оның өмірінде 3 кезең пайда бола бастайды…

Бірінші кезең- балалық шақ деп аталады! Осы кезең біздің ең керемет, тәтті, қиындық пен қайғы сынды дүниелерден хабарсыз, кіршіксіз, таза жүрегіміздің лүпілдеп соғып, енді тәй-тәй басып келе жатқан кезіміз.

Жасөспірімдік кезең- балалық шақ пен тығыз байланысты, бірақ өмірге деген көзқарасымыздың өзгеріп, өмір сүріп жатқан атмосферамызға бейімделетін шағымыз. Осы кезеңде біз өз мақсаттарымызды айқындап, армандарымызға құлшыныс жасап, белгілі бір мамандықты таңдаймын деп әуреге түсіп жүрген шағымыз. Негізінде бұл кезең үлкен жауапкершілікті, сабыр мен қажырлы еңбек, таудай талапты қажет етеді.

Ал үшіншісі- біздің есейген шағымыз. Бұл кезде біз өз екбектеріміздің, тынымсыз тер төгіп, жұмыс жасаған сәттеріміздің жемісін көретін кезіміз, оған қоса бір жанұяның отағасы немесе отанасы болар сәтіміз! Бірақ болашақта жақсы, жемісті және баянды өмір сүруіміз үшін біз өзімізге лайықты «МАМАНДЫҚ» таңдауға тиіспіз! Себебі мамандықтың біздің өміріміздегі маңызы өте зор. Қазіргі таңда өз қабілеттерін аша алмай, не ұнайтынын білмей жатып, ЖОО-ға түсіп жатқан жастардың қатары қалың! Ал Қазақстанға олардың саны емес, сапасы маңыздырақ болып табылады. Соны ескерген әрбір азамат пен азаматша өмірлік жолын дұрыс таңдайды деп сенемін!

Мамандықты таңдауда неге назар аударуымыз тиіс?Сіз белгілі бір мамандықты таңдамас бұрын осы сұрақтарды өзіңізге қойыңыз!

Мен қандай мамандыққа бейімделгенмін?

Бұл кәсіп маған ұнайма?

Неге осы саланы таңдадым?

Осы салада жұмыс жасау менің қолымнан келеме?Мен бұл кәсіп арқылы қанша табысқа ие боламын?

Сонымен қатар өзіңіз ұнатқан және сіздің қызығушылығыңызды өзіне тартып тұрған кәсіпті таңдасаңыз! Сонда сіз өз мамандығыңыздың шебер майталманы бола алсыз. Сіз тұла бойыңыздағы функцияны іске қосып, ойлана келе, қандай кәсіп сізге лайықты екендігіне көз жеткізсеңіз, анық өз мамандығыңызды таба аласыз! Егер сіз мамандығыңызды дұрыс таңдасаңыз, онда сіз әрбір өтіп жатқан күніңізден шабыт алып, қуанып жұмыс жасайсыз! Болашақта да керемет, жемісті өмірге қол жеткізесіз. Егер мамандықты өз қалауыңыз бен емес, керісінше өзгелердің қалауы мен, я болмаса қысым көрсетуінің нәтижесінде таңдар болсаңыз, баянды болашағыңызға бүгіннен бастап балта шауып немесе ол кәсіптен керекті қаржыны таба алмауыңыз әбден мүмкін! Сол себепті арманыңызға адал болып, жүрек үніне құлақ түріп, мамандығыңызды дұрыс таңдаңыз дегім келеді!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.01.2022
840
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі