400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Бақыт сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақытты отбасы туралы ата-аналарға арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Қарабау ауылы

Қарабау орта мектебінің

психологі

Сакенаева Айкүміс Мухтарқызы



































Shape1

Бақыт сыры

тренинг



тренинг













































Дайындаған: А.Сакенаева









Тақырыбы: «Бақыт сыры»

Мақсаты: оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Бақыт сыры туралы түсінік беру;

Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу. Формасы: тренинг

Көрнекіліктер: слайд, шарлар, стикерлер, макет, гүл.


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Бақыт сыры» атты тақырыптағы тренингке қош келдіңіздер!

Өмірдегі ең қалаулы нәрсені не екенін кез-келген адамнан сұраңызшы, «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіріттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе...

«Қанағат қарын тойғызады», - дейді халық философиясы. Ендеше, қанағат болған жерде бақыт та болады. Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!

Олай болса қуанышқа толы көңіл-күймен бүгінгі тренингімізді бастаймық.

Тренингміздің кезеңдері:

  1. «Менің есімім...» жаттығуы. Танысу

  2. Сенің бақытты сәттерің: сыр шерту

  3. Әріптер ойыны.

  4. Жүректен жүрекке.

Оқушыларымыз дайын болса бірінші жаттығуымызды бастайық. «Менің есімім...». Бұнда сіздер өз есімдеріңізге сын есім жалғап айтасыздар. Мысалы: Мен ақкөңіл Айкүміспін, осылай.

Екінші кезеңіміз «Сенің бақытты сәттерің» деп аталады. Сіздер, оқушылар өз ойларыңызды ортаға саласыздар. (оқушылар өз ойларымен бөліседі).

Әр адам өзінің бақытты болуын армандайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Сол себепті де арман-тілектері орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесіне қуанак білген адамның бағы жанады. Бағы жанған адам сәнді де, мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасында қарым-қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болуымыз керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа жетеді.

Ал ендігі кезеңіміз «Әріптер ойыны» деп аталады. Сіздерге көрсетілген әріптер бойынша, берілген сұрақтарға жауап бересіздер.

Әрептер: А О Р Л Д Н Е У Ъ Ц Ф Т М С З Я Х В

Сұрақтар:

  1. Сен қазіргі сәтте өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  2. Сен адамдарға не сыйлар едің?

  3. Өзіңді еліміздің қандай азаматымын деп санайсың?

  4. Болашақта кім болғың келеді?

  5. Сенің сүйікті асың?

  6. Қандай аңды көргің келеді?

  7. Қала аттарын ата?

  8. Бақыт дегенді қалай түсінесің?

  9. Ата-анаңды қалай қуантар едің?

  10. Ең қуанышты сәтің?

  11. Қай түсті көңілді түс деп санайсың?

  12. Көңіліңді көтеру үшін не жасайсың?

  13. Ең көңілді мамандық қай мамандық деп ойлайсың?

  14. Адамға бақытты болу үшін не керек деп ойлайсың?

  15. Өзіңді бақытты адам санатына жатыза аласың ба?


Ендігі кезеңіміз, соңғы кезеңіміз «Жүректен жүрекке». Сіздерге жүрек пішініндегі стикерлер таратылады. Тақтада үлкен жүректің макеті ілулі тұр. Алдарыңыздағы стикерлерге ақ тілектеріңізді жазып, осы жүрекке ілесіздер. Осылайша жүрегіміз сіздердің ақ ниеттеріңізге, тілектеріңізге толады. Сіздердің құрметтеріңізге Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген...» өлеңін 8-сыныптың оқушысы Марат Асылхан өлеңін оқиды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.04.2019
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі