Бақыт сыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыт сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектебі 39 орта мектебі

Мерзiмі:2.10.2017 №5

Тақырыбы: Бақыт сыры

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттері: адалдық, сенім, мейірім,

Мұғалiмі:Басмагамбетова

Класы: 11

Оқушылар саны:20


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «бақыт» ұғымының мағынасын түсіндіру арқылы оның бойына сүйіспеншілік құндылығын ұғындыру.


Міндеттері:

  • Бақыт ұғымының мағынасын түсіндіру;

  • Адалдық, сенімділік, сүйіспеншілік қарым-қатынасты дамыту;

  • Адалдыққа,кішіпейілділікке мейірімділікке, тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. 5Т.

  2. Тыныштық сәтi

«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі

  1. Үй тапсырмасын тексеру

5 сабақ. 23 бет

. «Бақыттың он сыры» әңгімесі беріледі.

    1. Әңгіме не жайында айтылған?

    2. «Бақыт» ұғымын қалай түсіндірер едіңіздер?

3.–Бақытты сәттеріңізді еске түсіріп көріңіздер - Монолог «Бақыт деген не өзі»

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Өзін-өзі билеген- ер бақытты

Өзін-өзі билеген-ел бақытты

Халық мақалы

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі.

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

-Ер бақытын қалай бағалар едіңіз?


  1. Әңгiмелеу

«Егіздер әңгімесі» бейнефильм

  • Бұл бейнефильм де бақытты сәттерді қалай әңгімелеуге болады?

  • Балалар бақытты ма?

Осы жайлы диалог құруға беріледі.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сурет пазлдары арқылы 4 топқа бөлу.

«Ең бақытты адам» тақырыбына кластер жасау



  1. Топпен ән айту.

«Бақыт деген сенің бала күндерің»

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз ақ ойнағаның күлгенің


Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң

Бақытты сол тәрк етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім


Бақыт –деген әркімдерде бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң



  1. Үй тапсырмасы.

34бет. М.Әуезовтің "Абай жолы" оқып мазмұндау



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Біле білсең сен өмірге қайтіп келмейтін, өз үні бар,өз орны бар,алар асуы бар тұлғасың. Айналаңа бір сәт зер салшы, барлығы сенің игілігің үшін қызмет жасауда, сені тоңбасын деп, сені ауырмасын деп, сені жыламасын деп жүрген жандар қаншама? Бақыттың осы түрі сені алға жетелейді,болашағыңа қанат бітіреді, сен сол арқылы өмірдің биігін бағындырасың,өзіңе тиесіліні алсың,ерекше құрметке бөленесің,сенің қолыңнан бәрі келеді.

Себебі сен ең бақытты адамсың.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.11.2018
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі