400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бақытты әлемге саяхат" түзету-дамыту жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының өз-өзіне деген сенімділіг арттыру, "Мен" концепциясын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бақытты әлемге саяхат

Мақсаты: «Мен» концепциясын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.

1 жаттығу: «Көңіл-күй неге ұқсас».

 Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

2 жаттығу: «Күн шуақты алаңқай».

Нұсқау: Елестетіңдер, күн шуақты көк шалғын алаңқайда демалып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңе қарайды. Көздеріңен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен  сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайларыңа, мұрындарыңа, ауыздарыңа, беттерінің ұшына, иектеріңе түсті. Одан кейін мойындарыңнан, қолдарыңнан, денелеріңнен, арқаларыңнан сипап өтті. Күн шуағы сендерді жылытты.

«Күн шуақты аланқай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді түйіп, жылы лебіздеріңді, тілектеріңді білдіріңдер.

3 жаттығу: «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. 
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . 
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... . 
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . 
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . 
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . 
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . 
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . 
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . 
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі