400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бақытты бала" фестиваль сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз – бақытты баламыз» фестиваль-байқауының сценарийі

І жүргізуші:

Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.



1 жүргізуші:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар, жадыраған жас достар.

Бүгінгі «Біз – бақытты баламыз» фестиваліне қош келдіңіздер!


2 жүргізуші:

Құрметті қауым! Қазақ басына қандай заман туып жатса да , қазақтың жиын тойы қай кезде де аз болмаған. Ал сондай әр жиын, әр тойдан кейін ауыздан түспей айтылып жүрер, есінде қалар қызығы, айрықша оқиғасы –сол тойда  шырқалар ән мен тыңдаған күйі екендігі анық. Ендеше киелі сахнаның төріне 3 сыныбының оқушыларының орындауында «Жұмыр қылыш» биімен  қарсы алайық!


1 жүргізуші:

Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше келесі жас өренімізге жол береміз. Ортада Айтымов Алтынбекті «Ақ мамам» әнімен, қошеметтеп қарсы алайық!


2 жүргізуші:

Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Өнерді үйрен бір - бірлеп,
Ән де шырқап, би билеп.
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құр қалма! - деп,
биші қыздарымызды «Қамажай» биімен қарсы алыңыздар!


2 жүргізуші:

Осымен «Біз – бақытты баламыз» фестивалі өз мәресіне жетті. Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе шағын концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Аман-сау болыңыздар!!!

"Бауман негізгі орта мектебі" КММ

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі











"Біз - бақытты баламыз"

фестивалі








Жауапты: Елмуратова Г.Д.

Окенова З.Ж.



2021 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.04.2021
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі