400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бақытты балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалық шақтары туралы қысқаша мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Антоновка №23 негізгі мектеп






Тәрбие сағаты


:

Бақытты балалық шақ
























Дайындаған: Жунисова Г.К













Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»

Мақсаты: 1. Оқу білігі, сурет, математика пәндерінен игерген білімінің нәтижесін, сонымен қатар өнерлерін тамашалау.

2. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.

3. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту.

Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту

стратегиялары.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.

Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң

жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.

1.Кіріспе бөлім

Мұғалім: «Ән – көңілдің ажары» демекші «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастайық.

2.Негізгі бөлім

Думанды дүбір, ән жырлы,

Жайқалған өмір, жас бағы.

Мінеки, тағы бір жылды,

Сырғытып кейін тастады.

Ұстаздардың жаны нұр,

Шаттық күйін бөліскен.

Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы баламыз.

«Мақал-мәтел сөз мәйегі» демекші кезекті мақал – мәтелге берейік. Біздің оқушылар мақал – мәтел біле ме екен?

Жаңылтпаштар сайысына кім қатысып, белсенділік көрсете алар екен? Жаңылтпашты жаңылмай айта алар ма екен, балалар?

Оймен, кәне, өсейік,

Жұмбақ шешіп көрейік.

Оқушылар қорапшадан жұмбақтарды алып, шешуін табады.

  1. Компот

Жансая 2 алмаға 3 өрікті қоссаң неше болады?

  • Компот болады.

Қазір, балалар «Әріп, буын, сөз, сөйлем» ойынын ойнаймыз. Мен әріп айтамын, сендер әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрайсыңдар.

Әріптер; А, Е, О.

Мұғалім: Енді «Жылдам ойлан» ойынын ойнаймыз

Шарты: Жүргізуші сөз айтады. Оқушылар сол сөздің қай сөз табына жататынын сұрақ қоя отырып айтады.

Мысалы: Айна – не? Заттың атын білдіреді

Әдемі – қандай? – Заттың сынын білдіреді

Бірнеше – қанша? – Заттың санын білдіреді

Жүгіреді -не істейді? – Заттың қимылын білдіреді

Келесі бір ойын.Шарты: столдағы сұрақтарды қалаған ата-ана алып, жауап береді.

  1. Төрт түлік малдың аталуы:

  2. Қазақша ай аттарының аталуы

  3. Қазақ халқының дәстүрлі той-томалақтарын атаңыз

  4. Ұлттық ойындарды атаңыз

  5. Балаңызды еркелетіп айтатын сөздеріңіз

Математикалық жұмбақтар

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? (2)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның қабын және алдым.

2 дәптер, 1 қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары? (6)

  1. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара? (10)

  1. Табақта 5 өрік

Қолында 4 өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік? (9)

  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,

1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)

  • Олай болса, көрермен қонақтармен, ұстаздармен, оқушылармен қоштасайық.

  • Міне оқушылар осымен біздің сіздерге дайындаған шағын сынып сағатымыз өз мәресіне жетті.

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жетейік

Келер оқу жылына!


Хормен: Білімдіміз, өнерліміз біз деген,

Ұстаздарға бас иеміз құрметпен!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2019
1363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі