Бақытты балалық шақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты балалық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийі

ТақырыбыБалауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жалаушалар, түрлі- түсті шарлар

Жүргізуші:     Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

Жүргізуші:    Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,

Хош келдіңдер, хош келдіңдер,  ата- аналар, қонақтар

Құрметті оқушылар, балалалар көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата- ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе  бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған»Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры Омарова М.Б-ға береміз.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылып

 Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт   

Балалар деп үлгілі

 Ән шашу : «Балдәурен»

Жүргізуші :  Балалар, бүгін бізге қонаққа  бүкіл әлемге жарық жылу беретін  күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма? ( Күн костюмін киген ұл. Төрт бала бұлт  болып, күннің көзін жауып тұрады)

үнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп  сиқырлы сөздерді айтайық.

 Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр құйсын!

ұлттар екі жақа қарай ашылады, күн ортаға шығады)

Күн:  Фархад

Сәлем, гүлім!

Сәлем , жерім!

Сәлем,саған- туған елім!

Бір шаңырақ астында

Сен тұрасың,

Ол тұрады,

Мен тұрамын,

Біз тұрамыз!

Жүрек жылуын,Берем саған,

Берем сіәзге,

Берем мен бәріңізге!

Айбын:  Күлімде, күн, күлімде!

            Күлсін барлық бала шат.

            Берекелі бүгіндей,

            Бейбіт болсын болашақ!

 Назерке: Күлімде, күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Жаз келді деп қуанып,

Шаттанады бүлдіршін!

Аийда:  Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

Азамат:

Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

 Қуанғанын күлгенін

Жебе: Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет слып біз жаттап

Ертегілер үйрендік

Жүргізуші:

Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

«Кішкентай жұлдыздар» биін билейді

томпаң қағып  «Даярлық топ» бишілері

«Кішкентай жұлдыздар» биін қабыл алыңыздар

Ән:  «Ойыншықтар »

Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

 «Жастар» биі



«Қуыршақ» биі

Жүргізуші:  Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние көрікті де көңілді

Ән шашу:      « Қошақаным»

Жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем  шаттық арайын

Осылай болсын әрбір күнің арайың

Қадамдарың сәтті болсын балалар

Тілектерің қабыл болсын ағайын!

(Ата-аналардан бата сұрау)

 Бақшаға біз гүл ексек ,

 Балдырғаным, сен үшін,

 Бақытыңды жыр етсек,

 Балдырғаным, сен үшін

 Жігіт болар, күні ертең

 Балдырғаным, гүл еркем

 Бақытты бол, өсе бер,

 Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі