«Бақытты балалық шақ»
(Балаларды қорғау күніне
арналған концерттік бағдарлама)
1-жүргізуші:
Шағатай ауылында дүбірлі
той,
Балаларды қорғау күні, біліп
қой.
Алақай-ау,
алақай.
Той
тойлайық балақай.
Қызарғанша
алақан,
Қол
соғайық, балақай!
-Құрметті Шағатайлықтар, ауыл
қонақтары! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1
маусым-Балаларды қорғау күні құтты
болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге
бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі
тілейміз!
2-жүргізуші:
Бүгінгі Балаларды қорғау
күніне арналған ««Бақытты балалық
шақ» атты мерекелік шарамызға қош
келдіңіздер!
1 - Маусым 1950 жылдан бастап
Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы
мерекені атап өтпекшіміз. Алғашқы құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі
Рүстем Сейтонұлына беріледі.
«-----------------------»
әні
1-жүргізуші:
-Балдырғандар, барлығыңызды көңілді ойын
ойнауға шақырамыз. Ойын жылдамдыққа арналған. Сахна төріне
ойын ойнауға құлшынып тұрған 10 бала шақырылады.
2-жүргізуші: Балалар, ойынымыздың аты «Батпақ» деп аталады. Ойынның шартымен
таныстырайын. Екі топқа бөлініп тұрамыз. Мына алаңды батпақ
басып жатыр деп есептейік. Сендер берілген жерге дейін баптақтан
мына қағаздарды басып қана өте аласыздар. Түсінікті ме, балалар.
Қағазды қолыңа аласың, аяғыңның астына қоясың. Солай берілген жерге
дейін жетіп, қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп өз тобыңның
келесі ойыншысына беруің керек. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ
бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді. Ал, ойынды
бастайық.
1-жүргізуші:
Баршамызды
бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
2-жүргізуші:
Балалар, періштелер
сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
«Бал
балалық» әнімен Кенжебекова
Гүлназ
Сайқымазақтардың
келуі
-Бұл не мереке? Нені тойлап
жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке
болмайды?
1-жүргізуші:
Тоқта,
тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен
мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге
тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!
Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба?
Қалдырамыз.
2-жүргізуші:
Ақылды
балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті «Бөбек» бөбекжайының бүлдіршіндеріне
берейік.
садик)
1-жүргізуші:
Жаны құмар сәби ек
жаңалыққа
Шаруасы жоқ паңдық та даналық
та
Жаратқанның теңдессіз
шеберлігі-ай
Бар бақытты сиғызған
балалыққа
2-жүргізуші:
Мәңгі өзгермес бақыты, бақ
қадірі
Секілді жұпар шашқан бақша
гүлі
Адамзаттың сарқылмас
сағынышы
Балалықтың бал дәурен
патшалығы
-------------------------------------------------
1-жүргізуші:
Ұлан байтақ қазағымның жері
бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі
бар
Қазағымның жерін, елін
қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері
бар.
2-жүргізуші:
Жаса! Жаса! Егеменді
еліміз
Кең жазира ұлан – байтақ
жеріміз
Туған елін, туған жерін
сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз,
еріміз
Жүрегі туған елім, туған жерім деп соққан
әнші ұлдарыңыз Темірболатов Дәуренді
Туған
жер әнімен ортаға
шақырамыз.
1-жүргізуші:
- Болашағын
ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа
жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ
көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар
жасап келеді. Тәуелсіз
елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық
жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген
сөз.
2-жүргізуші:
Сәби үнімен,
сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса
кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман
болсын,- дей келе
-------------------------------------------- ортаға
шақырамыз.
Би
1-жүргізуші:
Ұрпақты жалғастырар бала
бағың
Күлкісімен келтірген өмір
сәнін
Бүгінгі мерекеде сіздерге
арнап
Бар өнерін көрсетті
балаларың
Сайқымазақ:
Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы өнер
көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл
алыңдар.
2-
жүргізуші:
Рахмет саған сайқымазақ!
Осымен ««Бақытты балалық
шақ»» атты мерекелік іс - шарамыз
аяқталды.Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер
келешектің кемеңгері болыңдар
демекпін.