400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бақытты балалық шақ" тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Губайдуллина Алмагул Мейрамгаликызы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің педагог – психологы



Тақырыбы"Бақытты балалық» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеру, алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

 Қатысушылар: Оқушылар

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта, бор, доп ,ватман, фламастерлер.

  Жоспар:

1.Жаттығу « Мен бақыттымын » сөйлемді аяқтау

2.Бақыт дегеніміз не? (Оқушылардың әр түрлі көзқарасын анықтау)

3. « Хор жаттығуы»

4.Постер қорғау «Бақытты балалық»

5.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"

6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

 Психолог::Саламатсыздар ма қымбатты оқушылар!

I –жаттығу.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып «Мен бақыттымын» деген сөйлемді аяқтайды. Келесі қатысушы жалғастырады.

II- жаттығу. Біздің көбіміз яғни барлығымыз бақытты болғымыз келеді.   Ал енді осы «бақыт» дегеніміз не? Біздің  бүгінгі тренингімізде осы « бақыт » сөзін талдап көрейік. Енді барлығымыз « Бақыт »сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:қуанышты,керемет,жақсы ,амандық, өте жақсы, т.б

.III- ;жаттығу. Психолог   Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады.  Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек. Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.

   IY. Постер қорғайық «Бақытты балалық».үш топ бойынша оқушылар өз постерлерін қорғайды.

  Y- жаттығу.Психолог:  Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып бақытты адамның суретін саламыз.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

 Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады.

Сыйлықтар – қағазға жазылған жақсы тілектер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

 Ендеше осылай аман –сау жүргеніміздің өзі бақыт..Біз бақытты баламыз.Егемен еліміздің ертеңі өздерің болғандықтан да біз сендерге сенеміз!

Қорытынды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18.06.2018
3390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі