400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты баламыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақытты баламыз!

Тақырыбы: Біз бақытты баламыз

Мақсаты:

«Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру;

Адами қасиеттерін дамыту;

Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Слайд, шарлармен безендіру;

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біздің бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шақ.

- Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Олай болса, балалар, қонақтармен амандасын алайық.

- Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үлкендерді көргенде,

Сәлемдесіп аламыз.

Ән : «Балабақша бақытым»
Жүргізуші:

Біздің балаларымыздың тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық. Тақпақтар: Нұрзат
Достармен бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз?!
Мирас
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Әмір
Балаларға сол бақыт,
Болса Отаным аман-сау.
Басын бұлтқа байлатып,
Тұрса биік Алатау.
Тоғжан
Күлім қағып көкте күн,
Тал шыбықтай көктедім.
Әлдилейді апамдай,
Мейірімді мектебім.
М .Медина
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз оқушы боламыз.
К.Медина
Балалық шақ – балғын шақ,
Өмірдің өзі болашақ.
Балалық шақ шектеулі,
Ойнайтын кезде асыр сап.
Т.Айзере
Балалықтың шаттығы,
Ештеңеге жетпейді.
Үлкен болып өскенше,
Ол жаныңнан кетпейді.
Қ.Алтынай
Қайта оралып келмейтін
Балалық шақтың қызығы
Мектеп те қайта келмейді
Қоңыраудың сыңғыры,
Балайым
Бейбіт елдің ұланы
Оттай лаулап жанамыз,
Бұл бақыттың ұланы,
Біз бақытты баламыз.
Е.Айзере
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерді сыйлаймыз
Тентек бала болмаймыз
Таңда ерте тұрамыз
Гүлім
Беті қолды жуамыз
Кір қоңдарды қуамыз
Біз ұқыпты баламыз
Кесте тоқып, сурет салып
Біз шебер де боламыз.
Аяла
Тақпақ жаттап,ән айтып,
Біз өнерпаз боламыз
Біз осындай боламыз
Біз бақытты баламыз.

Жүргізуші:Сонымен, бақыт дегеніміз біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз,мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді. Сахналық көрініс. Жүргізуші: «Қарлығаш»тобынын қыздары Төлеуғазы Айзере мен Байкадамова Ұлпанңын Сейфолла Оспановтың «Бақыт деген не өзі?» шығармасынын көрінісін қабыл алыныздар. Айзере :Айтшы білсең егер де,бақыт деген не?
Ұлпан: Бақыт деген , шырағым
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің.
Айзере: Қайда бақыт мекені,Қалай оған жетеді?
Ұлпан: Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.
Айзере: Көрінбейтін көзіңе,Сонда оның өзі не? Ұлпан: Бақыт деген, сөзім шынАйналайын, өзіңсің! Балалар, қалай ойлайсыңдар, « Бақытты бала » деп кімді айта аламыз?
Балалар:

-Өз отбасы бар
-Достары көп
-Денсаулығы мықты
-Арманы орындалған баланы

Жүргізуші:
-Иә, ойларың дұрыс, балалар.

- Балалар, денсаулық демекші, біздің бақытты болуымыздың ең бастысы – спорт.

- Сонымен бақыт дегеніміз - ой арманның орындалуы, қуанышты сәттердің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар осымен бүгінгі Біз бақытты баламыз атты тәрбие
сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар!




«Бекітемін»

«Болашақ» жеке меншік балабақша меңгерушісі

Турлыбекова А.Б.

« » 2019




« Бақытты баламыз!»

(Ашық тәрбие сағаты)












Тәрбиеші: Касымжанова.Д.Н

Саз жетекшісі:Калиева С.С




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі