Бақытты болу қандай тамаша!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты болу қандай тамаша!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Бақытты болу қандай тамаша! Мақсаты: оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Бақыт сыры туралы түсінік беру Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдары үйрету; Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бақытты болу қандай тамаша!

Мақсаты: оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Бақыт сыры туралы түсінік беру

Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдары үйрету;

Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Таныстыру ( топқа ат қою, төс белгі)

2.Пікірлесу;

3.Сенің бақытты сәттері сыр шерту;

4.Әріптер ойыны;

5.«Суреттер сқйлейді» ойыны

6.Сергіту сәті: Көрермендерге хат жолдау;

7.«Бақыт символдары» қортынды

8.Жүректен жүрекке.

1.Таныстыру

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не ЕКенін кез – келген адамнан сұраңызшы, «мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Біз бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы – қасіреттің болдырмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе.

«Қанағат қарын тойғызады», – дейді халық философиясы. Ендеше, қанағат болған жерде бақыт та болады. Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!

2.«Пікірлесу»

Сәби бақыты, ол– ….

Ата – ана бақытты, ол – …

Әйел бақытты, ол–…

Дәрігер бақыты, ол–…

Ер – азамат бақыты, ол–…

Ұлт бақыты, ол – …

Ұстаз бақыты, ол – …

Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң , өзің де бақытқа кеңелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл Табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқыммнан мың тұқым алатының сияқты, соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөленесің.

Адам жанына ең қажеті – өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым – қайғың өзінен – өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатына жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кезеңдерден қиналмай өтесің.

Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл– күйіме байланысты. Енденше, мен өз ойымды, яғни бақытымды басқара аламың.

3.Ойлан тап.

Бұл ойынның шарты: суреттерге қарап тез әрі дұрыс мақал айту

Ақша, кітап, айна, бұзау, табақ, дос

4.Сенің бақытты сәттерің; сыр шерту

Оқушылардың өз ойларын ортаға салады. Әр адам өзінің бақытты болуын армандайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман – тілектерді орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілігі мол болады.

Әр істінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы жанады. Бағы жанған адам сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің қзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасында қарым – қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болуымыз керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышың, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа жетеді.

5.«Әріптер ойыны»

А О Р Л Д Н

Е У Ъ Ц Ф Т

М С З Я Х В

  1. Сен қазіргі сәтте өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  2. Сен адамдарға не сыйлар едің?

  3. Өзіңді еліміздің қандай азаматымын деп санайсың?

  4. Болашақта кім болғың келеді?

  5. Сенің сүйікті асың?

  6. Қандай аңды көргің келеді?

  7. Қала аттарын ата?

  8. Бақыт дегенді қалай түсінесің?

6. «Көңіл-күй» тренингі

Оқушыларға түрлі-түсті беттер таратылады. Сол беттерді психологтың айтуымен екіге бөледі, төртке бөледі, ұстақ болғанша майдалап жыртады. Сол парақтарды өздерінің тілектерін айтып лақтырады. Әркім өзінің түстерін теріп бүгінгі көңіл күйінің суретін салады.

7.Қорытынды.

Оқушылар психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
89
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі