400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бақытты отбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, әдістемелік-психологиялық көмек көрсету, адамгершілікке, жан-жақты дамыған тұлғаны, рухани жағынан тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг

«Бақыты отбасы»                                  

Мақсаты мен міндеттері:  Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, әдістемелік-психологиялық көмек көрсету, адамгершілікке, жан-жақты дамыған тұлғаны, рухани жағынан тәрбиелеу.

           Тренинг барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен құрметті ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенемін. Тәрбие беру мәселесі жайында әңгімелесетін боламыз. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз. Сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

Психологиялық дайындық.

Дөнгеленіп тұрайық,

керегені құрайық.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп киіз үйді құрайық.

Психолог:   Шеңбер – тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді, бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы»)

Отбасы - кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжымы. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады. Отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы - отбасы  мүшелері арасындағы – өз ара қарым-қатынасқа  байланысты. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Психологиялық тест

« Сиқырлы заттар дүкені. Сіз қандайсыз? »

1.Уақыт машинасы.

2.Бөгде адамдардың ойын оқуға.

мүмкіндік беретін кәмпиттер.

3.Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық.

4.Қабырға арқылы көруге мүмкіндік беретін эликсир.

Уақыт машинасы

Сіздің басты артықшылықтарыңыз – талдаулық мүмкіндіктер, қиын жағдайлардан тез шығып кету және өзіңізге жауапкершілік жүктей алуыңыз. Сіз болып жатқан оқиғаларға, тіпті тарихқа әсер ете аласыз.

Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер

Сізді алдау оңай емес, өйткені сіз адамдарды тани білесіз, ойын оңай сезінесіз. Сіз ақылға емес, көбінесе интуицияға жүгінесіз. Сіз айналадағы адамдардың ойына тәуелдісіз және барлықтарымен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысасыз.

Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық

Сіз өте ашық адамсыз. Сіздің достарыңыз көп. Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне тез кіресіз. Бірақ құпия сақтай алмайсыз, сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз. Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.

Қабырға арқылы көруге мүмкіндік беретін эликсир

Сіз әр нәрсеге беткей қарай алмайсыз. Шешім қабылдамай тұрып, мәселені жан жақты талдап аласыз. Тіпті кей жағдайда өсек айтудан да бас тартпайсыз. Ал егер де сіз туралы біреулер талқылайтын болса, ренжіп қалуыңыз мүмкін.

Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
- Сәби бақыты, ол –
- Ата – ана бақыты, ол –
- Әйел бақыты, ол –
- Ер – азамат бақыты, ол –
- Ұстаз бақыты, ол –

– Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
– Отбасы бұл….
– Отбасым бақытты болу үшін….
– Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі….
– Мен қалар едім отбасымның….

Жеке жұмыс:

Ой қозғау: Бала деген кім?

(Гүлдің бейнесін келтіру)

а) бауыр етіміз 

ә) болашағымыз 

б) үмітіміз 

 в) сүйенішіміз

 г) өмірімнің жалғасы

д) асыраушым

е) ізбасарымыз

ё) мұрагеріміз

 ж) көмекшіміз т.б



Топтық жұмыс: (ватман, маркер )

Ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біріншісіне балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екіншісіне ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғанына талдау жасалынады, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады....)

Аталған жұмыстың (плакаты көрсетіледі), пікірлермен бөлісу

Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.

Талқылау тапсырмасы: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі кезең, жасөспірім шақ басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер.  Өз-өзіме жаңалық ашып : менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен екен, мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпегенімді түсіндім.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар, -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам, мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Психолог: тапсырма ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Сұрақ метафора: ата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?

Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға талқылау.........

Психолог: ал енді осы өскіншедегі жылы сөздерді алып  тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біз өсімдікті суарып үлгермейміз... Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суарайық.

Тапсырма: Енді осы аңыздан кейін қазіргі заманның отбасылар формуласын құрайық. Әрқайсыңыз өз формулаңызды құрып көріңіздер ( тәрбие берудегі оң нәтижелерді назарға алу).Жауаптары тыңдалып  отбасында балаға тәрбие берудің құпия заңдары көрсетілген формула ұсынылады: ( плакатта жазылған схема көрсетіледі).

Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.

         Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса, бала адамгершілігі мол, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекетті мен мінезі зор ықпал ететінін есте ұстаған жөн.

Кері байланыс: « Японские мудрости » бейнеролик үзіндісі

Рефлексия: «Жылулық шеңбері»

Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап  үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, тағдырымыз .... бар

Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезінетіндей етіп жасау біздің күш- жігерімізде. Біз қаншалық көп берсек, соншалықты өзі сізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз - тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз... ( сезіну мен жанасу коммуникациясы)

 Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.


      Құрметті аналар! Ата-ана мен бала өзара түсінушілік қарым-қатынасында төзімділік пен аяушылық, тілектестік пен ниет білдірушілік болуын тілеймін, бала тәрбиесінде шыдамды болыңыздар, балаларыңызды жай ғана сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтауларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген шексіз махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.                  













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі