400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бақытты отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 07.02.19ж

Мектебі: №4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі

Сыныбы: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Садыбекова К.А.

Сабақтың тақырыбы:

Ата-ана бақыты —  бала.

Мақсаты

Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру. Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Отбасының қоғамдағы орны туралы білді.
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды.

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, смайликтер, үйдің суреті және стикерлер. «Отбасы бақыты» видео. «Көңілді күн» видео

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Кіріспе. Мұғалім сөзі

Топқа бөлу

Ақ көбелек – «Әке» тобы

Қызыл көбелек – «Ана» тобы

Жасыл көбелек – «Бала» тобы


( көбелек суырады жасыл, ақ, қызыл)


«Бақытты отбасының бәйтерегі»



Өзінің жанұясы туралы айтып берейінші... (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы әңгімелейді.


«Біз бақытты – отбасымыз!»

бейнежазба

Әр оқушы өздері дайындаған тақпақтарын айтады.


Сан сұраққа – бір жауап.


Сұраққа жауап беру

1. Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?
2. Өзіңді бақыттымын деп есептейсің бе?
3. Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?
4. Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?
5. «Отбасының бақыты үшін не керек?»

6. .Сіз мерекелерде анаңызға дайын сыйлық бергенді қалайсыз ба? Әлде өз қолыңмен жасаған бір затты сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?

7. Отбасыңда қандай мерекелер мен дәстүрлер аталып өтіледі.

8. Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?



Рефлексия

«Жақсы тілек менен»

көбелекке тілек жазып, гүлге жабыстыру











Shape1

4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі









Тақырыбы:

«Ата-ана бақыты —  бала

/ Ашық тәрбие сағаты/









Сыныбы: 5 «Ә»

Сынып жетекші: Садыбекова К.А.















Ақтоғанг ауылы

2018-2019 оқу жылы.






































Өту барысы:

Кіріспе сөз

-Құрметі ұстаздар , оқушылар!Бүгінгі 5 «Ә» сыныбында өткелі отырған «Ата-ана бақыты —  бала.»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Топқа бөлу

Ақ көбелек – «Әке» тобы

Қызыл көбелек – «Ана» тобы

Жасыл көбелек – «Бала» тобы



  • «Бақытты отбасының бәйтерегі» / шығармашылық тапсырма/


Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыңдар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен, біздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя – отбасы бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

  • «Біз бақытты – отбасымыз!» бейнежазба. Оқушылардың дайындаған тақпақтары.

Самал.

Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі,

Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі,

Ақ шашты әжем бар.

Феруза.

Ұлдардың үлкені,

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені,

Бір туған әпкем бар.



Арсен.

Ұлдардың кішісі,

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі,

Бір туған қарындас,

Әпкеге - сіңлі бар.



Аруна.

От басы – жылы ұямыз, 

Тірегі – ата-анамыз. 

Уыз сүт еміп осында, 

Уылжып біздер өсеміз.



Дулат.

Осында үлгі аламыз, 

Осында адам боламыз. 

Еркелеп, ойнап, еліктеп, 

Осында өсіп толамыз



Дәулет.

Тәрбие мектеп – от басы, 

Ақылды баулып, тіл ұштар. 

Өрімдей тезге тартылған 

Әдепті бейне дұрыстар.



Мирас.

Ата-ана болса өрнекті, 

Ұл мен қыз өсер көрнекті. 

Әуезов Мұхаң айтқандай: 

Түзейік бесік-жөргекті.



Мария.

Бұрынғының қарттары дана болған.


Қартты сыйлар жастарда сана болған.


Ата – анадан үлгі алып, жастар да,


Болашағын қорғайтын адам болған.


«Бақыт» туралы бейнежазба . Тарихта талай адамдар бақыт іздеп өмір сүрді. Қазіргі заманда бақыт та, байлық та, өмірдің мәні де – мал дүние дейтіндердің саны басым. (байлық,мансап, билік туралы аңыздар айтылады).



Сан сұраққа – бір жауап.

«Жақсы тілек – менен» әр адам көбелкке тілек жазып, тақтадағы гүлге қондырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі