400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

«Бақытты отбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету.Халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО Есіл ауданы Горное ауылы

«Горное негізгі мектебі» КММ

Мусина Динара Муратовна

әлеуметтік педагог



«Бақытты отбасы»
Мақсаты:Ата-аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету.Халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Жүр: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы-бір түбірден тараған.Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді.Бала бақыт,бала қуаныш,өмірді жалғастырушы,демеуші ата-ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы –бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Бақытты отбасы» атты сайыс өткелі отыр.Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық

ЖҮР:1 Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Абиловтар отбасы ортамызда.
2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Амиржанов отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл
3 Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Касеновтер отбасы таласады.
4 Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып Касенов отбасы.
жүргізуші: Әке деген —  биік шыңы адамның,

Әке деген — тірегі  ғой ғаламның,

Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Кайыржанова Жансая « Менің анам алтын» әні

Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.
1. Мусина Д.М
2.Мустафина Ж.К
3.Жангарина У.К

4.Шакубаева А.Д

Алдымен сайыс кезеңдерімен таңыстыру.
1Сұрасаң менің тегім. Таныстыру.

1-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандаға айменен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғанына

Бишілерге қызығып қарасасын.

Флешмоб биі 9 сынып қыздары

2. скакалкамен жүгіру

жүргізуші: Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

9 сынып қыздары әнімен : « Родительский дом».

3. Эстафета

4.доппен жүгіру

жүргізуші: Ақ жаулығың қымбат маған анашым

Тілегімсің, сүйенішім панамсың,

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол мейірімді данамсың.

8 сынып қыздары–«Ана жүрегі» әнімен

5.»Шынжыр» эстафета ойын

Үнді биі Аманжол Меруерт 5 сынып оқушысы

1-жүргізуші: Бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ералина Бағдат Жетписбайқызына беріледі.

Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.12.2020
700
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі