Бақытты сәт

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақытты сәт

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бақытты сәт»

Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін құрметтеуге,

қазақстандық патриотизмді бойларына дарытуға, сөздік қорын

дамытып, тіл байлығын молайтуға, ел тарихын біліп,

дәріптеуге, танымдық қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілік: нақыл сөздер, слайдтар, газеттер.


Сабақ барысы

Залда жеңіл музыка ойналып тұрады.


Бастаушы: Құрметті оқушылар, ұстаздар, келген қонақтар! Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық , мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Тәуелсіз елміз жасай берсін! Тәуелсіздіктің тұғыры берік, туы биік болсын!

Осы мерекеге арналған «Бақытты сәт» атты ойынымызды бастаймыз. Ойынға 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған екі команда қатысады. Енді сол екі команданы ортаға шақырайық:

І команда – 5 «А» сынып оқушылары, команданың аты «Жұлдыз».

ІІ команда – 5 «Б» сынып оқушылары, команданың аты « Әлем».

(Екі команда өз орындарына өтеді).

Ал енді осы командалардың өнерін бағалайтын Әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. (Әділ қазылар өз орындарына отырады).

Ал, ойынымызды бастаймыз.

І Тур. Блиц- турнир.

Әр командаға 10 сұрақ беріледі. 1 минуттың ішінде олар жауап берулері керек.

Ал жауап бере алмаса, келесі команда жауап беруіне болады.

І команда сұрақтары:

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

3. Елтаңбаның жоғарғы жағында не орналасқан?

4.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

5.Қазақстанның көне қалаларын атаңдар.

6. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

7.Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

8.Мемлекеттік тудың авторы кім?

9.16-17 желтоқсан қандай мереке?

10.Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?


ІІ команданың сұрақтары:

1.Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген?

2. Қазақстан Республикасында неше астана болған?

3.Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.

4.Елтаңбаның авторлары кім?

5.Қандай мерекелерді білесіңдер?

6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

7.Мемлекеттік әнұранның авторын атаңдар.

8.Астана қаласының символы не?

9.Қазақстанда қандай таулар бар?

10.Қазақ тіліне тән неше әріп бар?


Ән «Қазақстан» .


ІІ Тур. «Темная лошадка»

Описываются о человеке. Учащиеся должны отгадать, кто это?

«Этот человек давно работает в нашей школе. Она добродушная, красивая, умная, одевается она со вкусом. Она всегда поможет в трудную минуту, и протянет руку помощи. Она руководит воспитательным процессом в школе. В школу она приходит одна из первых, и уходит последним. Отгадайте, кто это?»

Әділ қазыларға сөз береміз.

ІІІ Тур. «Сиқырлы қалта».

Сиқырлы қалтада әр командаға арналған конверт бар. Бұл конвертте сөйлемдер жазылған. Команданың міндеті – сөйлемдерді толықтырып, аударуы керек.

  1. Қазақстан – тәуелсіз ... . Астана – ... Қазақстанның елордасы.

Біздің еліміздің ... бақытты.

Керекті сөздер: Тәуелсіз, балалары, мемлекет.



  1. Қазақстан – әлемдегі ірі ... мемлекеттердің бірі. Қазақстанның жері пайдалы ... бай. Біздің міндетіміз - ... қорғау .


Керекті сөздер: табиғатты, қазбаларға, астықты.

2 «Б» сынып оқушыларының орындауында би.


ІV Тур. Капитандар жарысы.

Капитандарға «Қазақстан» деген сөз беріледі. Осы сөзден жаңа сөз құрау керек. Кім көп сөз құраса, сол жеңіске жетеді.


Ән « Туған жер»

Әділ қазыларға сөз береміз.


V Тур. Мақал-мәтелдер сайысы.

Әр команда конверт таңдап алады. Конвертте аяқталмаған мақал- мәтелдер берілген.

Команда мүшелері мақалдардың екінші жартысын табулары керек.

Мақал – мәтелдер:

Көз – қорқақ, ....

Жүз сом ақшаң болғанша, ....

Күлме досыңа, ....

Оқу – білім бұлағы, ...

Жері байдың - ....

Отансыз адам - ....

Еңбек пен бақыт - ....

Ашу – дұшпан, ....

Ел іші - ....

Оқу түбі - ....


Ән « Қазақстан»




Бастаушы: Ал енді ойынымыздың жеңімпаздарын білу үшін әділ қазыларға сөз береміз.

(Әділ қазылар жеңімпаздарды атап, құттықтайды, мақтау грамотасын, сыйлықтар тапсырады).

Келгендеріңізге көп рахмет. Амандықта кездесейік! Сау- саламатта болыңыздар!

Музыка ойналып тұрады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі