Материалдар / «Бақытты сәт» математикадан тыс сабағы.

«Бақытты сәт» математикадан тыс сабағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
матиматика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бақытты сәт» математикалық сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, .

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

5. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

6. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)


  1. Топтың өзін таныстыруы.

І топ «Бұрыш» тобы.

Ұраны: Білекті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Бұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Бұрыш деп бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигураны айтамыз.

Бұрыштың түрлері:

  1. тік бұрыш - 900

  2. сүйір бұрыш - 900 –тан кіші бұрыш

  3. доғал бұрыш - 900 –1800 аралығындағы бұрыш

  4. жазыңқы бұрыш - 1800



ІІ топ. «Шеңбер» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

«Шеңбер» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Бір нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелер жиыны шеңбер деп аталады.

Элементтері: 1) радиус

2) центр

3) диаметр.

4) хорда.


ІІІ топ. «Дөңгелек» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Дөңгелек» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі дөңгелек деп аталады.

Дөңгелектің радиустармен бөлінген бөліктері сектор деп аталады.


2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Бұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

«Шеңбер» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?(тең)

«Дөңгелек» тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр, әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)



3. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Бұрыш» тобына.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе артық. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 48 см болса, онда оның ұзындығы мен енін табыңдар.

«Шеңбер» тобына.

Ұзындығы 94 м болатын сым үш бөлікке бөлінді. Оның бірінші бөлігінің ұзындығы 19 м, ал екінші бөлігінің ұзындығы үшінші бөліктің ұзындығынан 5 м-ге артық. Әрбір бөліктің ұзындығын табыңдар.

«Дөңгелек» тобына.

Бір күнде 1660 кг картоп жиналды. Түске дейін түстен кейінге қарағанда 4 есе кем картоп жиналды. Түстен кейін қанша картоп жиналды?


4. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр топ шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)


5. «Сөз құрау» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, беріледі)

«Апталық»

апта, апа, ата, ал, ала, ат, ақ, тал, қап, қат, қал, қала, қалып, қатал, ақыл, алып, апат, тап, тақ, тақпа, талқы, алты, алап, атқылап, қапта, тапал, тықпала.


6. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр топтың басшысы тез жауап беру арқылы балл жинайды).

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

6. 225 нешенің квадраты? (15)


Қорытынды.

Жалпы сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ пен белсене қатысқан оқ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ