400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бақыттың он сыры" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бақыттың он сыры" психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақыттың оң сыры.

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұрасаңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақатты болғым келеді». Сондай-ақ, біз бәріміз сол үшін бұл дүниге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсау және бақыттың кейбір дана сырларын білу керек.

Шынай бақыттың бірнеше сыры-көзқарас күші.

Ұстаз:

  • Мына бөлме ішіне мұқият қарап, қоңыр түсті заттарға назар аударшы,-дейді шәкіртіне.

  • Жас жігіт асықпай қарап шығады.

  • Енді көзіңді жұм да, барлық көгілдір түсті заттарды атап шық.

  • Жігіт жымиып күліп:

  • Ешқандай көгілдір затты байқаған жоқпын,-дейді.

  • Көзіңді ашып, қарап көр, қаншама заттарды көрмей қалдың?!

  • Расында да айналада көгілдір заттар көп екен.

  • Бұныңыз қулық қой,-деді жігіт. – Мен көгілдір емес, қоңыр заттарды іздедім.

  • Меніңде көрсеткім келгені осы. Өмірде де солай: адам жамандыққа көп көңіл бөледі де, жақсылықты байқамай қалады. Керісінше, өмірдің жақсы және жарқын жақтарын іздеп, өз мақсатыңды соған жұмылдыра біл.

  • Осы сәттен бастап өз өмірімнен тек жақсылықты іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіме байланысты. Ендеше мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын.

Шынайы бақыттың екіші сыры – дене күші.

  • Қимыл-қозғалыс біздің сезімдерімізге әсер етеді. Спортпен үнемі айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері босап, әлсізденеді. Олардың сүйектері кальциді екі есе көп жұмсайды. Бұндай адамдар жабырқау, бей-жай болып, күйзеліске бейім болатындығын көп адам біле бермейді. Дене қимылы миды эндорфиндер мен энцифалиндер бөлуге мәжбүр етеді. Олар адамның қанағаттану сезімін оятады, адам өзін әрқашан сергек ұстайды. Дұрыс тамақтану да адамның көңіл күйіне әсер етеді. Күніне бір сағат ашық аспан астында серуендеу керек.

  • Бұған айтар дауым жоқ. Сергек көңіл, ширақ дене өзімді бақытты сезінуіме көмектеседі.

Шынайы бақыттың үшінші сыры – бір сәттік өмір күші.

Ұстаз:

  • Бақытты жылдар, айлар,апталар, тіпті күндер қаклтарысынан емес, әрбір сәттен іздеу керек. Біз көз жіберсек, бір күнгідей ғана болады. Егер тек жақсы және шаттыққа толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркем-фильм сияқты көрінеді. Сондықтан да әр сәттің ең жақсысын сете сақтайтын болсақ өміріміздің бақытты еке\ндігіне көз жеткіземіз.

  • Не туралы ойласам да, не істесем де, өмірімнің әр сәтіне: біреумен сөйлессем- сол адамға, жұмыс істесем- сол нысанаға; жолдан өтсем- машинаға көңіл бөлем.

Шынайы бақыттың төртінші сыры- өзін-өзі тану күші.

Ұстаз:

  • Адамды қарт, сырқат және бақытсыз ететін оның жасы, ауру және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ, сондай боламыз. Өзімізге көңіліміз толмаса, өмірімізге де риза болмаймыз. Сондықтан дабақытқа қол жеткізу үшін өзіңе-өзің риза болуың керек.

  • Әр адам ғажап, бірегей және керемет. Бірдей екі қар қиыршықтары болмайтын сияқты бірдей екі адам да болмайды.

  • Айтсам сенбейсіз, көптеген адамдар «Мұрным үлкен», «Қолымнан ештенке келмейді» немесе «Көріксізбін» деп ыңғайсызданады.

  • Ол қайдан шығады? – деп сұрады жас жігіт.

  • Өмір тәжірибесінен, - деп жауап берді Ұстаз.

  • Әдетте бала кезімізде, өзіміздің кім екенімізді біле бермеген шағымызда пайда болады. Бізді қоршаған адамдар біздің айналамыз сияқты, біз өзімізді солардың пікірі арқылы бағалаймыз. Бірақ қисық айна да болады ғой.

  • Өзіміз туралы жаман ойдан арылу үшін:

  • Басқалардың айтқаны әділ екендігін анықтаймын, егер оған негіз болса, өзімнің теріс жақтарымды өзгертемін;

  • Күнбе-күн болашақта өзімнің қандай адам болатындығым туралы жақсы ойлармен өзімді-өзім сендіремін;

  • Не үшін өзіме-өзім ұнаймын, не үшін өзімді-өзім силаймын деген сауалдар қоям.

  • Адам баласының ең ғажап қасиеті - әрқашан дұрыс сұраққа дұрыс жауап бере алуында.

Шынайы бақыттың бесінші сыры – мақсат күші.

Ұстаз:

  • Адам жанына ең қажетті- өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді. өмірде кездесетін қиындықтар зө мақсатына жетер жолдағы шағын келергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кездерден қиналмай өтесің.

  • Мақсаттар өмірімнің қиын кездерін неғұрлым жеңіл, жеңіл кездерін одан да жарқын етеді. Ол өміріме мән мен мағына береді. Менің таңертең төсектен риза болып тұруыма түрткі болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі