Бақыты баянды жан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бақыты баянды жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың оқушыларға берер тәлім тәрбиесі мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : « Бақыты баянды жан»

Тоқсандағы Біләлқызы Бәтен туралы бір үзік сыр.

Жер бетінде қанша адам тіршілік етіп жатса, соның бәрі бақыттан дәмелі. Адамзатты табындырған сол «бақыт» деген не сонда? Ертегі әлеміндегідей күні түні бұл бұл құсы сайраған, ғажайыбы көңіліңді баураған, жайлылығы жаныңды шуаққа бөлейтін таңғажайып мекен бе, әлде саясы ғұмырыңды ұзартып, мәңгілік тыныштыққа бөлейтін өмір ағашы ма? ... Не екенін білмеймін, әйтеуір адам бәткеннің бәрі соған ынтызар. Ол туралы нақты түсінік те жоқ, әркімнің оған деген көз қарасы да сан қилы. Өзгені қайдам, өзіме келер болсам, мен оны қартайғанда тәрбиенің ұрпағының қолында немере шөберелерінің қызығын көріп отырған аналардан ғана көретіндеймін. Тамырын тереңге тартып, жайқалған бәйтеректей Аналарға қарап, өзгелер ынтығатын бақыт деген осы аналардың құшағына ұялап алғандай сезіледі де тұрады.

Құдайдың қуатымен тоқсанның торқасына жеткен Бәтен әже жаны жайсаң, өмірі шұғылалы жан. Болмысы байтақ даланың кеңдігі мен жазиралы жаздың шуағынан нәр алғандай. Олай дейтінім әженің көңілі дархан, пейілі кең. Қиналса да қабақ шытып көрмеген, өзінен бұрын өзгелердің жайын ойлайтын, барын ешкімнен аямайтын жүрегі таза, мейірімді жан.

Бәтен әженің әкесі Біләл жеті атасынан мал біткен, есімі елге тараған, ауқатты адам болған. Әкесі тілмаш болған. 1932 жылы әкесін байдың ұлы деп Семей қаласына жер аударған. Жанұясын біртіндеп 1933 жылы көшіріп алған. 1934 жылы әкесі қайтыс болған. Әкесі қайтыс болғанда Бәтен әже бес жаста болған.

Тұлымшағы желбіреген қыз анасымен бірге егістікте егін орып, мал бағып, еңбекке ерте жегілген. Жоқшылықтың тауқыметін тартып жүргенде соғыс жылы 18 жастағы қыздың орнына 14 жасында ПЗО ға алынды. Он тоғыз жасында тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шыққан соң еңбектен қол үзіп , бала тәрбиесі мен отағасының жағдайын жасайды. Дос жаран туған туысқа қашан да есігі айқара ашылып жататын, береке бірлігі жарасқан отбасының ұйытқысына айналды. Өзінің және туыс туғандарының, көрші қолаңның балаларын бағып қаққан. Екі қолымен бесік тербетіп, қаншама баланы тәрбиелеген.

Жолдасы Әлімхан ел ішінде сый құрметке ие, сегіз қырлы , бір сырлы жан болған. Ұлағатты ұстаз болған. Шәкірт тәрбиелеген.

Бәтен әже екі баланы дүниеге әкеліп , солардан немере , шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Балалары Серікқазы мен Еділхан үйлі баранды. Екі ұлы да жастайынан дүниеден озған. Серікқазыдан үш ұлы ұрпағын жалғастырып жатыр. Жолдасы Күлпәш. Алпысқа келсе де , келіндік міндетін жақсы білетін көпті көрген , ұлағатты жан екенін сол өңірдің бәрі біледі. Ауыл кітапханасында 35 жыл еңбек етті. Енесін мәпелеген ананы қартайғанда балалары да солай аялап, алақанына салып өтері анық.

Ұлдары Азамат , Нұрбол және кенжесі Едіге. Азаматтың жолдасы Гүлжахан, олардың төрт баласы Ұлпан, Ұлжан, Нұрсая және Асылжан деген ұлы бар. Нұрболдың жолдасы Аңсар және үш ұлы Ерсұлтан, Арсылан , Ерсылан және қызы Әсем дүниеге келді. Кенже ұлы Едігенің жолдасы Данагүл балалары Гүлсая және Еділ деген батыр ұлы бар. Бәтен әженің немерелері мен келіндері өз мамандықтары бойынша жұмыс жасауда.

Осындай ұл- қыз өсіріп, олардан ұрпақ өрбітіп, бақытқа бөленіп отырған Бәтен әжеге: «Бала- шағаларыңыздың тек жақсылығын көріп, ұзақ та баянды ғұмыр сүріңіз!»- дегіміз келеді.

Сөз соңында әжеміз ақ батасын берді.





Жолдасы Әлімхан Бәтен әже шөбересімен



















БPicture 3 әтен әже балаларының ортасында

















Picture 4



Бәтен әже шөберелерінің ортасында



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі