Бидайық орта
мектебі
Сынып
сағаты:


Дайындаған :
Касимова
Райхан
Баймурзовна
4-сынып
Тақырыбы:
Бақытың да,
байлығың да – Денсаулық.
Мақсаты:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын,
өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін
ұғындыру.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу
шеберлігін жетілдіру.Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Көрнекілік:
слайдтар.
Сабақтың барысы
І.
Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ.
Кіріспе.
- Мен сөзімді Сара
Назарбаеваның мынадай сөздерінен бастағым
келеді:
1 слайд: Дені сау сәби әр отбасының қуанышы,
бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби – халықтың болашағы, Отанының
сенімді тірегі.
-
Олай болса, құрметті оқушылар, Отанымыздың
келешегі, көркеюі де,
балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан да
сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын
сақтау.
2 слайд:
Бақытың да,
байлығың да – Денсаулық.
ІІІ. «Дұрыс – бұрыс
тұжырымдамалар»
3
слайд:
Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс
жұмыс істеуі.
4
слайд:
Денсаулық - дұрыс
тамақтану.
5 слайд: Денсаулық - тәулігіне 15 сағат
ұйықтау.
6 слайд: Денсаулық - таза ауада көбірек
жүру.
7 слайд: Денсаулық - тазалық
сақтау.
8 слайд: Денсаулық - тамақты тойып
ішу.
9 слайд: Денсаулық - тамақтан соң 1-2 сағат
ұйықтап алу.
(оқушылар әр сөйлем туралы өз
ойларын ортаға салады.)
ІҮ.
Көрініс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап
барады
Жанымды қоярға жер
жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір
сұмдықты
Қоянға не
болған?
Қоян жылама,
жылама.
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы
өзің
Неліктен ісінген бас –
көзің
Қоян.
Енді не
істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай
тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер
шақырайық
Дәрігер дәрімен
емдейді
Ауырса адамды, аңды да
емдейді
Кәдімгі мейірімді
дәрігер
Шақырсақ қалай
келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш
көрейін
Кәмпит жесең
көбірек
Тісің жүрер
мазалап
Не жесең де
күніне
Екі рет жу
тазалап
Мұғалім
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас
үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп
жүріңдер.
- Балалар дендерің сау болу үшін таза болып
жүру мен бірге тағы не істеуіміз
керек?
(Оқушылар:
Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен
шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе
біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады.
Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.) Денімізді сақтау үшін зиянды
әдеттерден аулақ болу керек.
Ү. «Сау адам» жобасы
(жұппен жұмыс)
- Қазір сендер дені сау
адамның жобасын жасап көресіңдер. Ол үшін алдарыңда қағаздан
қиылған адамның фигурасы жатыр. Дені сау адамның бойында қандай
қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар, соларды таңдап алыңдар.
(алдарында қағаз жолақтарында жазылған
сөздер)
Қасиеттер: сұлу, бүкірейген,
күшті, епті, боз, келбетті, сымбатты, жуан, мықты, олақ,
үйлесімсіз, ашушаң.
Тексеру!
Қорытынды: сау адамның
денсаулығы мықты, денесі шымыр, көңілі
жай.
ҮІ.
Ойтолғау.
-
Еш қай жері ауырмайтын,
денсаулығы мықты деп санауға бола ма, егер де адам басқаларды,
жануарларды ренжітетін
болса?
-
Жаман ой адам денсаулығына
әсер ете ме?
ҮІІ. Топтық
жұмыс.
І топ: Адам денсаулығына жақын достар не деп
ойлайсыңдар?
Топтастыру.
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану,
күн тәртібі.)
ІІ топ: Адам денсаулығына қас деп нені
айтасыңдар?
Топтастыру.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық,
жалқаулық.)
ҮІІІ. Жағдаяттарды
талдау.
- Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да
шұғыл шешім қабылдайсың ба?
- Бұл жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай
болады?
- Не
істейсің?
ІХ. «Білгенге
маржан»
10 слайд: Лұқпан хакім
портреті, жеті өсиеті.
11 – слайд:Ерте
тұру.
12 - слайд: Орта тазалығын
сақтау.
13 - слайд: Дене
шынықтыру.
14 - слайд: Үнемі денені таза
ұстау, ыңғайлы киіну.
15 - слайд: Үнемі сергек
жүру.
16 - слайд: Артық тамақ
ішпеу.
17 - слайд: Көп ұйықтап жалқау
болмау.
X. Ой
тұжырымы:
— Біз бүгін қандай тақырыпта
сөз қозғадық?
— Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
— Сендер қандай азамат болып өсулерің
керек?
Мұғалімнің қорытынды
сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал
көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол
айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір
салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып
өсіңдер.