Материалдар / Бақытыңды балаңнан ізде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бақытыңды балаңнан ізде

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде!

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланысты нығайту. Ата-ана мен бала арасында тығыз қарым-қатынас орнату

Түрі: ата-аналар конференциясы

Әдістері: топтық, жұптық, жеке тапсырмалар;

Тәсілдер: Бестармак,буриме ,синквейн

Барысы: эстафета

І.Кіріспе.Құрметті ата-аналар! «Отан – отбасынан басталады», - демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату-кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек. Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ата аналар конференциясын бастауға рұқсат етіңіздер

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен

Ойым емес, оллахи біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем

Жарық силап, маңына жылу силап,

Бұ да бір күн алаулап жана ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарып ала бөтен

Мүше тістеп, басқалар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екен?

Үмітпенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен


(М. Әлімбаев)


ІІ Негізгі бөлім


  1. Танысу. БЕСТАРМАҚ әдісін пайдалана отырып танысамыз.

1 жол Сіздің есіміңіз

2 жол Сізді мінездейтін екі сын есім

3 жол Сіздің сүйікті (Сізге ұнайтын) үш әрекетіңіз

4 жол Сіздің өмірлік ұраныңыз немесе қағидаңыз (төрт сөзден

тұрады)

5 жол Өзіңізге бір синоним (1 сөз) келтіріңіз

  1. Топқа бөлу. Балалардың суреті бар қағаздарды ата-аналар алып, артқы жағындағы түсіне қарап топтарға бөлінеді.


  1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Мақалды тап» әдісін пайдалана отырып, топтың қызметін жандандыру.

  2. Топтық жұмыс.

І топқа: Баламен үй тапсырмасын орындау!

ІІ топқа: Менің балам бос уақытында!

ІІІ топқа: Ата-ана және ұстаз!

  1. Жеке жұмыс. Жағдаяттық тапсырмалар.

  1. Тоқсандық қортынды бойынша сіздің балаңыз 3 пәннен үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетініз?


  1. Балаңыз мектептен жылап келді «Мұғалім маған ұрысты» деп.Сіз не істер едініз?


  1. Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды.Ол бала сіздің балаңыздың өте жақсы жолдасы еді.Сіз не істер едіңіз?


4. Балаңыз өте жақсы оқиды.Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді. Сіз не істер едіңіз?


5. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  1. Сіздің балаңыздың басқа оқушылардан тиын алып жүргенін ұстаз ескертті. Сіздің әрекетіңіз?


  1. Жүректен жүрекке...

1-топқа:

«Буpимe» әдiсі. Бұл тәсiлдiң қолдaнылуы кeз-кeлгeн өлeң жолдapын тaңдaп, әp тapмaқтың соңғы сөздepiн aлып тiзбeктeп жaзып қойып, әp сөздi соңы тapмaқ сөзi eтiп, төpт тapмaққa сaй өлeң жолын құpуғa тaпсыpмa бepiлeдi. Мысaлы:

_________________________ кeзiмнeн,

_________________________көзiңнeн.

_________________________ ұмытып,

_________________________үмiттiң


2-топқа

«Синквейн» әдісі (Бес жолды өлең)Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер. Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстан терең, бай түсініктің негізінде болуын талап етеді. Бұл ақпаратты синтездейтін және материалды қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең жолдары.Бұл 5 жолды өлеңді айтарда біріншіден, бұл өлеңді жазудың негізгі шарттарын айту керек. Әр адамға бұл өлеңді жазуына 3-5 минут ақыт беріледі. Өлеңнің шарты:

  1. Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұру керек. (зат есімнің сұрағына жауап беруге тиісті).

  2. Екінші жол тақырыпты суреттейтін екі ғана сөзден тұратын сөз болу керек. (сын есімнің сұрағына жауап береді)

  3. Тақырыптың іс-әрекетін көрсететін 3 сөзден тұруы керек. (етістіктің сұрағына жауап береді)

  4. Төртінші жол тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөз орамы

  5. Соңғы, жол тақырыптың мәнін көрсететін бір сөзді синоним болуы керек.

Мысалы:1 жол Бала

2 жол Жаксы,ұқыпты

3 жол Өседі,дамиды,қарайды

4 жол Бала-ата-ананың жалғасы.

5 жол Адам

3-топқа:

Кубизм немесе текше стратегиясыБұл стратегияда геометриялық фигура кубик пайдаланылады. Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу:

1.Суреттеңіз (Түсі,пішіні,өлшемі )

2.Салыстырыңыз(Неге ұқсас,неге ұқсамайды?)

3.Байланыстырыңыз(Бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестет)

4.Талдаңыз(Неден жасалған, неден тұрады,не үшін?)

5.Қолданыңыз(Мұнымен не жасауға болады?)

6.Дәлелдеңіз(«ия»,)«жоқ» деп оған дәлел келтір,бұл жақсы ма,әлде жаман ба? Неге?)



  1. Ыстық жүрекпен...(жүрекшелерге тілектер жазылады)

ІІІ.Қорытынды.

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»- деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баланың түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүретіні сөзсіз.Бақытымызды әркез баламыздан іздейік, құрметті ата-аналар!!!

Баламды бақытты қылудағы менің міндетім...(сөйлемді әр ата-ана аяқтайды.)

























Ата - аналар конференциясы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!