400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бар ізгілік-тек білімде

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың химия және биология пәндері бойынша алған білімдерін қайталау және қосымша мағлұмат беру. алған білімдерін көрсете білуге үйрету, ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық және топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бар ізгілік -тек білімде

Мақсаты: Оқушылардың химия және биология пәндері бойынша алған білімдерін қайталау және қосымша мағлұмат беру. алған білімдерін көрсете білуге үйрету, ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық және топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.


Көрнекіліктері: шарлар, слайд материалдары, кеспе қағаздар, суреттер, ХПЖ, жетондар, смайликтер .

Мұғалім:

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі апталықтың кезекті шарасы - "Бар ізгілік тек білімде" атты білім сайысына қош келдіңіздер!

Сайысқа екі топ, яғни 7-8 сынып оқушылары қатыстырылып отыр. Оқушыларға түрлі -түсті шарлар үлестіріледі. Шмузыка қосу арқылы билеп жүріп шарды жару. шар ішінен шыққан түрлі-түсті кеспе қағаздарға қарай топқа бөліну.

1-топ-Білімділер, 2-топ-Тапқырлар

Сайыс кезеңдері:

1.Қызықты сұрақтар

2.Суреттер сыры

3.Ойлы болсаң , озып көр...

4. Реакциялар сыр шертеді.

5.Жұмбақ кесте

1.Қызықты сұрақтар

1-топ

1.Қандай жануар құмды боранда дем алуы қиын болса, тұмсығын тығып алады? Түйе

2. Сирень қай жыл мезгілінде гүлдейді? Көктемде

2-топ

1.Неге құстар терең құдыққа түскенде , одан ұшып шығуды білмейді? Құстар аспанға қарай тігінен ұша алмайды.

2.Қандай жануар өз терісін тастап шығады? Жыландар


2.Суреттер сыры

Екі топқа перфокарталар мен суреттер беріледі. Тірі ағзалардың ішкі және сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін сызбаны толтыру арқылы түсіндіру.


3.Ойлы болсаң , озып көр...

Химия

Топтан екі оқушы шығып үстелді айналып жүреді. Мұғалім әртүрлі құбылыстарды атайды., оқушы химиялық құбылысты атағанда үстелге жылдам отыруы тиіс.

Аспанның бұлттануы, сүттің ашуы, мұздың еруі, жаңбырдың жаууы, шегенің майысуы, ағаштың жануы, темірдің таттануы, мыстың майысуы, көмірдің жануы, нанның көгеруі, қағадың жыртылуы, жапырақтың шіруі, қардың еруі, қорғасынның еруі, қанттың күюі, ақ қағаздың көк түске боялуы.


4. Реакциялар сыр шертеді.

Химия.

1-топ

1.Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке ( қосылу, айырылу, орын басу, алмасу) жататынын анықтаңдар:

а) МgCO3 = MgO + CO2 б) KCIO3 = KCI + O2

ә) Mg + HCI = MgCI2 + H2 в) AI + HCI = AICI3 + H2


2-топ

1.Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке ( қосылу, айырылу, орын басу, алмасу) жататынын анықтаңдар:

а) Na + O2 = Na2O б) N2 + H2 = NH3

ә) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O в) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O


5.Жұмбақ кесте

Берілген кестеде бос орындарды толтыру

Элемент атауы

Элемент таңбасы,

реттік рөмірі


Протон саны


Нейтрон саны


Атом заряды


Салыстырмалы атомдық массасы


Li

3

3

4

+3


Берилий

Be


4

5


9


B


5

6




C

6

6

6


12

Азот

N


7

7


14


O


8

8

+8



F

9

9

10

+9


неон

Ne


10

10


20


Сайысты жетон сандарын санау арқылы қорытындылау. Жеңімпаз топты жариялау. Марпаттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2023
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі