400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Барбаросса жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысының басталуы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Барбаросса жоспары

Германияның КСРО шабуылы туралы анық деректі немесе шабуыл күнін ешкім айта алмады. КСРО ның барлаушысы Рихард Зорге лақап аты Рамзай немістер КСРОға егін уақыты біткен соң соғыс бастайды дейді, одан кейін мамыр айында басталады дейді, кейін маусым айының ІІ жартысында деген мәліметтер жібереді. Шабуылдың болуы болмауы туралы сұрақтар көп қойыла бастады. Германияда шығарылған бұйрықтар мен жоспарлар сол күні Сталиннің столына келіп түскен деген қате пікір халық арасында көп таралған. Негізінде ондай болмаған, барлаушылардан әр түрлі мәліметтер келіп отырған, кейде олар бір-біріне қарама-қайшы болатын. Ал негізінде Гитлер өз генералдарына 1940 жылдың жаз айларында КСРО мен соғыстың жоспарын жасауды тапсырады. Ал 1940 жылдың 18 желтоқсан күні Гитлер №21 бұйрыққа қол қояды, тарихта бұл бұйрық «Барбаросса жоспары» деген атаумен қалады. 1941 жылдың сәуір-мамыр айларында жүздеген әскери техникадан тұратын әскери топтар КСРО ның шекарасына жақындап келе берді. Гитлер өз әскеріне бұл өзімізді қорғау үшін жасалып жатқан әрекет, себебі КСРО мен Германия шекарасында КСРО өзінің 150 дивизиясын Германияға басып кіру үшін дайындап отыр, деген жалған ақпарат таратып отырды. Ал өз генералдарына Гитлер соғыстың себептерін былай түсіндірді; «Ағылшындар КСРО ның соғысқа қатысуын күтіп отыр. Егер КСРО болмағанда Ағылшындар Германия алдында тізе бүгетін еді».

Барбаросса жоспары келесі мақсаттарды көздеді. КСРО-ның жаяу әскерлері Германияның танкі дивизиялары арқылы қоршауға алып, оларды бірінен кейін бірін жоюды қамтыған болатын.

КСРО-мен соғысқа Германия 4 топ әскер жинады. Оларды Э.Гепнер, Ф.Клейст, Х.Гудерян, Г.Готт басқарды. Немістердің соңғы мақсаты КСРО жерін Архангельск-Астрахань аралығына дейін бағындыру болатын. Гитлер штабының соңғы жиналысында стратег-генералдар соғыстың 3-4 айда аяқталып, жеңіске жететіндеріне сенім білдірді. Неміс әскерлерін 3 бағытта үш топ әскер басқыншылық әрекетін жасау керек болатын. Солтүстік топ Ленинградқа, орталық топ Мәскеуге, оңтүстік топ Киев және Донбасқа қарай бет алады. Солтүстік және оңтүстік армияларда 1 танк тобы болды. Ал орталық негізгі шабуыл жолында 2 танк тобы болды. Оларды Х.Гудерян мен Г.Готт басқарды. Немістер КСРО шекарасында өз әскерінің топталуын ұқыптылықпен жасырып отырды. 1941 жылы Германия армиясы дүниедегі ең құдіретті армиялардың бірі еді. Оның дивизиялары талапқа сай жабдықталған еді. Францияны басып алғаннан кейін неміс әскерлері өз шеберліктерін шыңдап отырды. Блицкрик әдісі арқылы Еуропаның дерлік барлық мемлекеттерін тізе бүктірді.

1941 Қызыл әскердің негізгі күштері шекарадан алыс орналасып, әскерлер азайтылған штаттық кесте бойынша қызмет атқарды. Шекарада болса тек шекара әскері болды, олар жоспарлы және ұйымдасқан шабуылға төтеп бере алмайтын еді. КСРО басышылығына бір сұрақ маза бермеді. «Қызыл әскерді әрекетке қашан келтіру керек?» Молотов және Рибентроп келісіміне қол қойылуына қарамастан КСРО басшылары Германияға сенімсіздікпен қарады және бекерге емес еді. Дәл солкезде КСРО-да әскерді қайта құру жұмыстарды жүргізген. Әскер саны 1,5 миллионнан 5 миллионға дейін көбейді. Бірақ 1941 көктемде бұл жұмыстар әлі толық аяқталмаған болатын. Соғыстың боларына көзі жетпей тұрып, әскерлерді шекара маңына жинау қауіпті еді. Ол жағдай КСРО дайын болмаған соғысты тездету қауіпі жоғары еді.

1941 жылдың 22 маусым күні сағат таңғы 03:45 неміс генералдары «Барбаросса жоспарының» басталғанын өз әскерлеріне мәлімедеді. Мыңдаған әскери техника мен миллиондаған әскерлер КСРО шекарасын кесіп өтті. Ұлы Отан соғысының бірінші күндері басталып кетті. Неміс әскери қолбасшылары өз қол астындағы әскерлерге Гитлердің бұйрығын оқып берді. Ол бұйрық былай басталатын еді: Германия халқының жер жүзінде өмір сүру немесе жоқ болып кетуі енді сендердің қолдарыңда. Ал генерал Гепнер өз атынан тағы қосымша айтты: «Бұл соғыс бір мақсатты көздеуі тиіс бүгінгі ресейдің күл талқанын шығару және адам сенгісіз қатыгездікпен жүргізілуі тиіс».

Бірінші болып шекараны Немістердің «Бранденбург-800» полкі кесіп өтті. Олар қызыл әскерлердің формасын киіп, Бук өзеніден өтетін көпірлерді басып ала бастады.Немістердің ұшақтары КСРО шекарасына қарай ұшып бар жатқан еді. Олар КСРО-ның үлкен қалаларын және шекара маңындағы аэорадромдарды бомбылауға бара жатқан еді. 1941 жылдың 22 маусым күні Белорусияда 700 ұшақ, Украинада 300 ұшақ, Балтық бойы мемлекеттерінде 100 ұшақ жойылды. Немістердің бірінші соққысы күшті болды бірақ тоқырауға алып келеген жоқ. Балтық бойы елдерінде немістердің танк әскерлері 2-3 сағатта 50-60 шақырым жерді басып өтіп, Неман өзенінен өтетін көпірлерді басып алды. Герман Гот өз күнделігіне «Немандан өтетін көпірлерді аман есен басып алу біздер үшін күтпеген сый еді» деп жазады. Оның танкілері Вильнюсқа шабуылдау үстінде еді. Бірақ барлық жердегі немістердің шабуылы жоспар бойынша кете бермеді. КСРО шекарасында «Брест» қамалы бар еді. Немістердің жоспары бойынша 2-3 сағатта басып алуға жоспарланған бұл қамал, 2-3 күн бойы үздіксіз қарсылық көрсетті. Майор Говрилов басшылығымен аман қалған 400 адама күніне 7-8 шабуылға тойтарыс беріп отырды.Тек 1 айдан кейін 22 шілде 1941 жылы Майор Говриловты немістер қолға түсіреді.Оны қараған дәрігердің айтуынша Гаврилов шаршап әлсірегені оншалы бір жұтым суды жұтуға шамасы жетпеген екен. 1945 жылға дейін немістердің қолында тұтқында болады. КСРО-ның қаһарманы атағын 1956 жылы алады. Брестте жерленеді.

Соғыстың бірінші күндерінде негізгі ауырлықтың барлығы танк бөлімшелеріне түсті. Фашисттердің танкілерімен КСРО-ның танкілерін салыстыруға келмейтін. КСРО-ның Т-26 және БТ-7 танкілері неміс танклерінің оңай олжасына айналып отырды. Соғыстың бірінші екі күнінде КСРО-ның 250 танкісі жойылып толығымен істен шығарылады.

Немістер КСРО-мен соғыс үшін 4078 танк және өзі жүретін зеңбіректерді бөліп дайындады. Егер салыстыратын болсақ Немістердің танк дивизиясында 200 танк және 2147 көлік болды. Ал КСРО-ның танк дивизиясында 375 танк 1360 ғана көлік болаған. Сондықтан КСРО-ның танкілері жеткілікті болса да, оларға жанар май мен оқ-дәрі уақтылы жеткізіліп берілмеді. Сол себепті қақтығысыз танкілерді жоғалтуға әкеліп соқты. Немістер танкисттері өздерінің танкілеріне ешкім тойтарыс бере алмайтынына сенімді болып алға жүріп келді. Бірден өздерінен күшті қарсыласқа кезікті. 11-ші танк дивизиясының танкисты Густав Шродектің естелігінде жазуы бойынша « Родихов ауылының маңында шайқаста біз дұшпанға бірінші санрыдты жібереміз, танк мунарасына дәл тиеді бірақ танк өз жүрісін тоқтатпайды. Екінші снарятты жібересін дәл тиеді бірақ сондада танк тоқтау туралы ойы да жоқ. Біздің танкілеріміздің артықшылақтары қайда деген ойға келдім.» Бұл КСРО-дың жаңа танкілері еді. Бұндай құрал КСРО да бар екендігі туралы немістердің барлаушыларыда білмеген. Ол танкінің атауы Т-34 және КВ-1 еді. Бұл танкілерді тоқтату немістерге өте-өте қиынға соқты. Бұл танкілер КСРО қолындағы бірден-бір артықшылықтың дәлелі еді. Неміс генералы От өз естеліктерінде жазды; «Орыстардың табандылықпен қарсыласуы, бізді соғыстың барлық заңдылықтарына бағынуыға мәжбүр етті. Польша және Францияда өзімізге еркіндіктер берген болсақ, бұл жерде ондайға мүлдем мүмкіндік жоқ» делінген.

Соғыстың бірінші күндерінде КСРО көптеген аэродромдарынан айрылды, бұл өз орнында әуеден барлау жұмыстарының тиісті дәрежеде орындалмауына әкеліп соқты. Дұшпанның қай жерде екендігін білмеген қолбасшылары пайдалы шешім қабылдай алмады. Бұл жағдай өз орнында үлкен әскери топтардың дұшпанның қоршауына түсуге акеліп соқты. Немістер кері шегінуге арналған жолдардың барлығын жауып, қызыл әскерді жойып отырды.

Соғыстың бірінші күндерінен бастап Г.Гудерян мен Г.Гот мәскеуге қарай ұмтылды. Бірақ Г.Гитлер бұйрығы бойынша бірінші болып Минск қаласын бағындыру керек еді. Г.Гот бұйрыққа бағынып өз танкілерін Минскке қарай бұрыды. Ал Г.Гудерян болса өз танкілерінің 1/3 бөлігін Минскке жіберіп, қалғандарын күн шығысқа яғни Мәскеуге қарай ұмтылды. 28 маусым 1941 жылы Минск немістердің қоршауына алынды. Минск түбіндегі 270000 қызыл әскер қоршауға алынып, соғыс басталғанына 2 апта толғанда қарсылықтарды тоқтатуға мәжбүр болды.

Шекарадағы жеңістер немістердің көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына себеп болды. Мыңдаған адам тұтқынға түсті, қару жарақ, техника немістердің қолында еді. Немістердің құрықтықтағы әскерлердің басшысы Ф.Галдер өз күнделігінде жазды. «Ресейге қарсы соғыс бірінші 14 күн ішінде біздің жеңіске жетуімізбен аяқталды десем артық айтпаған боламын».

Г.Гот және Г.Гудериян Киев түбінде жеткен жетістіктерін Смоленск түбінде де қайтармақшы болады. Бірақ олар бір жағдаятты ескермеді. КСРО-ның шекарасын кесіп өткен кездегі жинақы болған неміс әскері енді КСРО-ның кеңбайтақ даласында шашраңқы түрде әрекет ететін еді. Қызыл әскер де соғыстың бірінші күніндегі сияқты бытраңқы емес еді. Немістердің жағдайы солтүсітікте де көңілдері толатындай дәрежеде болмады. Олардың танкілері кері соққы беріп жатқан КСРО әскерінің қоршауына түсіп, қоршаудан қантөгісті шайқастар натижесінде шықты. Сол күндері неміс офицері күнделігіне жазады; «Франция және Польшадағыдай жеңілген мемлекетке қадам басып отырмыз деген сезім жоқ.Оның орнына қарсылық, тоқсатусыз қарсылық, қаншалықты сенімсіз болса да олар қарсыласа берді.» 1941 жылдың тамыз айына келіп, КСРО мен Германия арасындағы соғыс майданында тұрақтылық байқалды. Бұл тұрақтылық немістер тарапынан басып алынған жерде қоршауда қалған әскерлерге қоршаудан шығып, қызыл әскердің қатарына қосылып, фашисттерге қарсы қарулы соғысты жалғастыруға жаңа мүмкіндік берді. Гудерян мәскеуге жаңа шабуылға дайындала берді. Бірақ 21 тамыз күні А.Гитлер өз әскерлеріне жаңа тапсырма береді. Бұл тапсырмасында Мәскеуге шабуылды кейінге шегере тұрып, Г.Гот өз әскерлерін солтүстікте жатқан Ленинградқа қарай бұрып, Э.Гепнерге көмектесуді тапсырады. Г.Гудерянға оңтүсітікте жатқан КСРО-ның Украинадағы әскерлерін қоршауға алу тапсырылады. Г.Гудерян ұшаққа мініп, Берлинге келеді. Бұл жерде ол А.Гитлермен кездесіп, өз шешімін қайта қарауды сұрайды бірақ А.Гитлер шешімін өзерпейді. Дәл сол уақытта Киев түбінде Оңтүстік-батыс майданының күштері тағы қоршауға алынады. Киев түбінде 532000 әскер қоршауыға алынады. Олардың 15000-20000 ғана қоршаудан шығып үлгірді.

Дәл сол кезде Смоленск түбіндегі Ельня қаласын КСРО әскерлері фашисттердің қолынан азат етті. Бұл Ұлы Отан соғысындағы ең бірінші азат етілген ірі қала болып есептеледі.

Германияның КСРО мен соғысқа ажыратқан 4 айының 3- айы бітіп қалған еді. Неміс гернералдары Барбаросса жоспарының жүзеге асыуына кұн өткен сайын күмәндана қарады. КСРО-ның жағдайы да мүшкіл еді, қоршауда қалған әскерлердің орнын толтыру қиындыққа әкеліп соқты. Соғыс жалғаса берді бірақ ,фашисттік Германия өзінің Барбаросса жоспарын КСРО жерінде жүзеге аспағанын мойындауға мәжбүр болды.

Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылы Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Эрниязов Жумадулла Мукумович


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
3004
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі