Материалдар / "Barbie қыздар" шебер-сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Barbie қыздар" шебер-сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Barbie қыздар» тақырыбында өткізілген шебер сынып жоспары Мақсаты: Шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту. Эстетикалық талғамға, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу. Көркемдік қабілеттерін, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту. Саусақ моторикасын жақсарту. Шашты өру және қию дағдыларын машықтандыру. Қиялды дамыту, әдемілікке баулу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Айдария» мектепалды тобында ұйымдастырылған

шебер-сыныптың жоспары


Күні: 21 қараша, 2023 жыл

Тақырыбы: «Barbie қыздар»

Мақсаты: Шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • Эстетикалық талғамға, әсемдікті көре білуге ​​тәрбиелеу;

  • Көркемдік қабілеттерін, қиялын, бейнелі ойлауын дамыту;

  • Саусақ моторикасын жақсарту;

  • Шашты өру және қию дағдыларын машықтандыру;

  • Қиялды дамыту, әдемілікке баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Проектор, ноутбук, суреттер, көрнекіліктер, сурет салуға арналған жабдықтар.

Әдіс-тәсілдер: Амандасу, көрсету, түсіндіру, ғажайып сәт, сергіту сәті, рефлексия, қорытынды.


Шебер-сыныптың барысы

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ.

Педагог:

Ғажайып сәт. Әуен қосылады.

  • Балалар, бүгін біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келді. Қане, барлығымыз бір қатарға тұрып, қонақтармен барлығымыз бірге амандасайық:

  • Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Педагог: - Құрметті қонақтар! Біздің «Томи сән салонына» қош келдіңіздер! Біздің сән салонымыздың көмекшілері «Айдария» мектепалды тобының сұлу қыздары.

Томи: - Нургуль Сапаргалыевна бүгінгі біздің салонымыздың тұрақты келушілерімізді қабылдай беруіңізге болады.

Педагог: - Жақсы. Қыздар, тұрақты келушілерімізді қабылдамас бұрын, барлықтарын әдемі болып өз орындарына отыруларыңызды сұраймын.

Педагог: -Олай болса біздің алғашқы клиенттерімізді қабылдауға дайынбыз ба?

Қыздардың жауабы: - Иа, әрине.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Педагог: - Балалар, бүгінгі алғашқы тұрақты келушілеріміздің сұранысы: «Кляксография» (түтікшемен сурет салу) әдісі бойынша шаш үлгісін жасап берулерін өтінді.

Қажетті құрал-жабдықтар: А4 форматта дайын сурет үлгілері, түтікше, авкарель бояулар, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, сүлгі.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Видео көрсету.


Сурет салу барысында релаксациялық музыка қосып қою


Педагог: - Балалар, біздің сән салонымызға келушілер саны көбейіп барады. Сол себепті мен сендерге клиенттеріміздің сұраныстары бойынша екі тапсырма беремін. Бірінші қатардағы қыздарға шашты өру керек, екінші қатардағы қыздарға шашты әр түрлі үлгі бойынша қию керек.

1 үстелдегі қыздарға шаш өру үлгісін көрсету, қажетті құрал-жабдықтарды беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қажетті құрал-жабдықтар: арнайы жасалынған үлгілер.

2 үстелдегі қыздарға шашты қию үлгісін көрсету, қажетті құрал-жабдықтарды беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қажетті құрал-жабдықтар: арнайы жасалынған үлгілер, қайшылар.


Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Релаксациялық әуен осып қою.


Педагог: - Балалар, енді бізді сән салонымыздың ең соңғы клиенттеріміз қалды. Сурет салу барысы ойын арқылы жүргізіледі.

Қажетті құрал-жабдықтар: дайын үлгілер, фломастерлер.

Педагог көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


Сурет салу барысында релаксациялық музыка қосып қою

Педагог:

  • Жарайсыңдар, қыздар! Бүгін барлығымыз өз қызметтерімзді орындап, сән салонымыздың келушілерінің көңілдерінен шықтық деп ойлаймын.

  • Құрметті қонақтар, Томи қызымыздың кішкентай кездегі арманы қазіргі таңда орындалды.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

  • Балалар, айтыңдаршы, сән салонымыздың алғашық келушілерінің шаш үлгілерін қандай әдіспен жасадық?

  • Келесі сән салонымыздың келушілерінің ұсыныстары қандай болды?

  • Сән салоны туралы тағы да не білеміз?

  • Сән салонында қандай қызметтер ұсынылады?

  • Сендерге бүгінгі шебер сынып ұнады ма?

Педагог: - Қыздар, біз үнемі әдемі және сұлу болып жүруіміз керек!

Қыздарды мадақтау, марапаттау, сыйлық беру.

Бүгінгі біздің шебер-сыныбымыз аяқталды, барлығымыз бірге қонақтармен қоштасайық: Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!