«Саурық батыр ауылындағы орта
мектеп Бірлік бастауыш мектебімен» КММ
Бәрі де адамгершіліктен
басталады
Тренинг сабақ /9-
сынып/
Дайындаған : Педагог-психолог
Ә.Қ.Ғайнанова
Саурық батыр
ауылы
2016-2017 оқу
жылы
Тренингтің
мақсаты: Жасөспірімдердің топтағы
қарым-қатынасын қалыптастыру, адамгершілікке өзара силастыққа және
өзін-өзі тануға тәрбиелеу.Көңіл-күйді көтеру ,сезім мен эмоцияны
реттеу.
Тренингтің
барысы:
Кіріспе:
Адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасы өте күрделі әрі нәзік үрдіс.Қоршаған ортамен дұрыс
қарым-қатынас жасай білмеу, адамдардың бір-бірін түсінбеушілігінің
негізгі себебі.
Өз мінез-құлқына басқа адамдар
тарапынан баға алу,өз айналасындағылармен салыстыру және келесі
жағдайларда өз қарым-қатынасын түзету әр адамның
міндеті.
Психолог: Дәл бүгіннен бастап бәріміз
білімді болып,биікке көтеріліп,ортамызға жағымды жақтарымызбен
көрінуге тырысайық,үлкен жетістіктерге жетуге ұмтылайық.Жақсылық
пен жамандықты айыра біліп, өз бойындағы кемшіліктерді жоя біліп,
және қателіктерге бой алдырмауды ойлайық. Балалар, бәрі де
адамгершіліктен басталады . «Адамгершілік» деген кең ұғым .Оның астарында
үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету ,рухани тазалық, ұқыптылық
,силастық,достық т.б ұғымдар кіреді.Сіздермен осы мақсатта бірнеше
ойын жаттығу жүргізгім келіп отыр.
1-жаттығу. «Бір күнгі танысыңа қырық күн
сәлем»дегендей, біз бір-бірімізбен дәстүрден тыс сәлемдесіп
көрейік.
1-нұсқау. Бір-бірімізге
күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп
сәлемдесу.
2-нұсқау. Оң жақ тізелерін
түйістіру арқылы сәлемдесу.
3-нұсқау. Оң жақ иықтарын
тигізіп сәлемдесу
4- нұсқау. сол және оң
беттерін бір-біріне түйістіріп сәлемдесу
Бұндай сәлемдесудің түрі
ұнадыма өз ойларыңызды айтып өтіңіз.
2-жаттығу. «Мен және айна» Екі оқушыдан
бірігіп бір біріне қарап отырады.Әр жұптағы оқушылар бір-біріне
қарап біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса ,екіншісі оны
жағымды қасиетке айналдырып айтады.
Жалқау-еңбекқор, ұялшақ-батыл
,өтірікші-щыншыл адамдар туралы қысқаша әңгімелеп айтып
береді.
Түйін. Құпия сурет жаттығуы.Бұл
жаттығуда жаман қасиеттерден аулақ болуды
үйретеді.

Біз нені байқап
тұрмыз?
Ақ кеңістікті көрмей көбісі
қара нүкте деп жауап береді.Дұрысы ақ кеңістіктегі қара ноқат.Ақты
аңғармай қараны тез қабылдайды.Адам бойынан кез-келген жағдайда
жақсыны таба білуден гөрі, адамның кемшілігін көре білу
жеңіл.
Сол себептен әр адамның
бойынан кемшілік іздемей, тек қана жақсы қасиеттерін бағалай
білейік.
Қортынды.
Психолог:Күн шуағымен жылу береді,ал
адам жылы сөз айту мен бір-біріне жылу
береді.
Балалар, шын жүректен бір
–бірімізге тілек айтып тренингімізді
қортындылайық.