Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады

Құндылық

Нақыл сөздер

Мақсаттары

Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,

 Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Оқушылармен «Амандасу» тренингі

       Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

 Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

 Сейілмесін жанарынан ананың

 Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

 Аялайық аналарды әрдайым

 Қуанышқа бөлейікші өздерін

 Әжелердің,аналардың,қыздардың

 Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Сен дүниеге келдің. Айқай сала жылап, бұлданып келдің. Сонда кімге жылап, кімге бұлдандың?! Ал анаң үшін сенің соныңның өзі бақыт! Бүкіл сай-сүйегі босап, денесін әрең қозғап жатып, сенің айқайыңа жан жүрегі елжіреп мәз болады. Қайран, Ана! Анажан!



-Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,

 Аяулы аналар!!!



-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.

 Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

 - Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді

 Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

 Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.

 Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

 Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

Қорытынды

бұл өмірде кімге бірінші жақсылық жасау керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:

 -Әкеңе,-деді



 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.

 Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.





Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.



 -Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.



Ана туралы аңызˮ















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.02.2024
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі