400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристалдық суды анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы пәннен зертханалық жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зертханалық жұмыс №6

Тақырып: Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристалдық суды анықтау.

Мақсаты: Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристалдық суды анықтауды үйрету.

Керекті құрал-жабдықтар:Химиялық ыдыстар(бюкс, эксикатор), барий хлориді, аналитикалық таразы, кептіргіш шкафы.


Теориялық бөлім

Кіріспе


Қатты заттардағы су гигроскопиялық және кристалдану болуы мүмкін.Заттардағы гигроскопиялық судың мөлшері оны ұнтақтау дәрежесіне және қоршаған ауаның ылғалдылығына байланысты әр түрлі болады.Ылғалды анықтау-бұл гигроскопиялық судың мөлшерін анықтау.

Құрамында кристалдану суы бар заттарды кристалды гидраттар деп атайды.Кейбір кристалды гидраттар құрғақ ауада сақталған кезде кристалдану суының бір бөлігін жоғалтуы мүмкін. Бұл процесс кристалдардың желденуі(выветривание) деп аталады.Басқа кристалды гидраттар керісінше ылғалды ауадан ылғалды сіңіреді.Бұл процесс кристалдардың таралуы (расплывание)деп аталады.Кристалды гидраттар өз құрамын өзгертпеуі үшін, оларды жақсы жабылған банкаларды сақтайды.

Кристалдану суының мөлшерін анықтау үшін алдын ала справочниктен белгілі заттың қандай температурада кристалдану суын жоғалтатынын білу керек.Мысалы барий хлориді BaCl2*2H2O 120-125градус С –де анықталады.



Тәжірибелік бөлім

Жұмыс барысы


1.Бюксты тұрақты салмаққа келтіру.

Алдын ала жуып кептірілген бюксты қақпағын жанына қойып 120-125градуста 30-40 минутқа кептіргіш шкафқа саламыз.Одан кейін ыстық бюксты эксикаторға 15-20 минутқа салып суытамыз.Бюксты қақпағымен бірге аналитикалық таразыда өлшеп аламыз.Екі үш рет қайталап салмағы тұрақтыға келгенше (0,0002г)қайталаймыз.

2.Тұрақты салмаққа келтірілген бюкске 2-3 гр BaCl2*2H2O аналитикалық таразыда өлшеп саламыз.

3.Бюксты қақпағын жаппай (қақпағын жәніне қойып) 1,5-2 сағатқа 120-125 градуста кептіргіш шкафқа саламыз.Температура 120-125 тен төмен болса кристалдану суы толық кетпейді.

4.Бюкстың қақпағын жауып, эксикаторда суытамыз,одан кейін таразыда өлшейміз.Осылай қайталап, суытып өлшеп бюкстағы барий хлоридімен бірге (0,0002 г ден аспағанға дейін)қайталап тұрақтылыққа келтіреміз.

Барий хлоридінің кептіргенге дейінгі өлшенуі

Бірінші кептіруден кейінгі бюкс массасы---------24,3240г

Екінші кептіруден кейінгі бюкс массасы---------24,3238г

Бюкстың тұрақты массасы---------------------------24,3238

Бюкстің барий хлоридімен массасы----------------27,0141

Барий хлоридінің массасы----------------------------2,6903


Барий хлоридінің кептіргеннен кейінгі өлшенуі

Бюкстің барий хлоридімен бірге бірінші кептіруден кейінгі---26,6172г

Бюкстің барий хлоридімен бірге екінші кептіруден кейінгі---26,6163г

Бюкстің барий хлоридімен бірге үшінші кептіруден кейінгі---26,6161г

Бюкстің барий хлоридімен тұрақты салмағы----------------------26,6161

Кристалдану суының массасы: 27,0141-26,6161=0,3980г

Кристалдану суының проценттік мөлшері:

2,6903г-да------------0,3980г су

100г да ----------------------х су х=14,79% H2O

Алынған нәтиже химиялық формула бойынша кристалдану суының теориялық мазмұнымен салыстырылады.

Молекулярлық массасы BaCl2*2H2O-----244,28г

Молекулярлық массасы H2O-------18г пропорция құрамыз

244,28г BaCl2*2H2O –да---------- 36г H2O (себебі 2H2O)

100г BaCl2*2H2O –да---------- х H2O х=14,75%

Абсолютты қатесі: 14,79% - 14,75%=0,04%



Бақылау сұрақтары:

1.Кристалды гидраттар дегеніміз не?

2. Ылғалды анықтау дегеніміз

3. Кристалды гидраттар өз құрамын өзгертпеуі үшін қайда сақталады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

С.А.Шапиро, М.А.Шапиро «Аналитическая химия»Москва «Высшая школа»1979

П.П.Коростелев «Лабораторная техника химического анализа»Москва «Химия» 1981



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі