400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақ жоспарын жасауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сезім нұры»



Дүниежүзілік адамзаттың психикалық денсаулығын қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілік.

Өтетін күні:10.10.2018ж

Өтетін уақыты:10:30.

Жүргізуші:

Бойында бар адамдық пен тектілік,

Болашаққа жетелеген отты үміт.

Бармысыздар сабырлы алтын ағайын,

Армысыздар жиналған жұрт көпшілік!

10 қазан Дүниежүзілік адамзаттың психикалық денсаулығын қолдау күні.Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін,сәлемдесіп,көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын мүмкіншілігі шектеулі жандар үшін бұл күн маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1993жылдан бастап 10қазан Мүмкіншілігі шектеулі жандарды қодау күні деп белгіленген болатын.Содан бергі уақытта осы атаулы күн барлық жерде ұйымдасқан түрде атап өтілуде.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Мүмкіншілігі шектеулі жандарға мейірімді болайық!

Құттықтау сөз _мекеме директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары _Жанар _Хамитқызына _____________________________________________

беріледі.


Жүргізуші:

Тіршілікте оқ атпайтын қару бар,

Жылы сөзден жүрекке ем-дәру бар.

Бөленіңдер бейбіт күн шуағына ,

Құлпыратын гүлдей нәзік балалар!-деп Курумбаева Меруерттің Армандар орындалады әнін қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол,бай тегі

Әнші депте,биші депте айт оны.

Биге сенің қанша икемің бар еке,

Көріп алып жалғастырсаң қайтеді!-деп ортаға Ибраева Райгүл,Қалиасқарова Арайлым,Бейсенбаева Баян «бүйтіп биле» қазіргі заман биін қабыл алыңыздар!



Жүргізуші:

Кездерімде анамнан туылмаған,

Әкем бәлкім тыңдатқан күйін маған.

Өлең,өлең өзің кеп дарығанда,

Бірінші боп бозторғай шырылдаған!-деп Биболатов Төлеуханның «Қапаланба» өлеңін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші:

Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,

Самға биік,жалын атып жүр алда,

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Жас қырандай қанат қағып қиянға!-деп Муфтиева Назым мен Аккозин Мақсаттың үнді биін тамашалаңыздар!


Жүргізуші:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім ,

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ пейілім!-дей келе әлеуметтік қызметкер Хаджиякпарова Анардың «ойна жастар» әнің қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Қазір балалардың мерекеге арнап жаттап келген тақпақтарын тыңдаңыздар.

Альмира

Қайырымды күз келді

Тартуы көп тиісті.

Шабдалы бар алқызыл

Алмасы қош иісті.

Владик

Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ


Дильяра:

Алма,алмұрт, құлпынай,қарақат

Нұрсұлтан:



Ей жарық күн нұрыңды шаш далама

Шаш нұрыңды қарттарға жас балаға

Ызғар сінген жеріме шуақ керек

Сәулеңменен себеле мұқтаж жанға.

Жүргізуші

Ән сыңсып бар денемді балқытады,

Ән бұлт қып аспанда қалқытады.

Ән,ән шіркін керемет қой,

Бойды балқып,көңілді шалқытады!-деп Бөлекбаев Мадиярдың аспанға қараймын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.!


Жүргізуші:

Күлімде жаным күлімде,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап халқыңа,

Әнімде саған биімде!-деп Жолжігітова Толқынның орындауыңдағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Кетсін дағы шарықтап алысқа үнім,

Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып,

Қазағымның елдік пен намыс туын.

Жарқырасын шуақ болып алғашқы үміт.

Жүректерді жүрекпен жалғастырып.

Адамдарға бірлік бер,тыныштық бер,

Ынтымақтан туындар бар жақсылық!-деп бүгінгі мерекелік ертеңгілгімізді аяқтаймыз.Кездескенше аман-саулықта болайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.11.2019
2370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі