Материалдар / "Бәріміз бірдейміз!" тренинг

"Бәріміз бірдейміз!" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг ерекше білімді қажет ететін балаларға, мүгедек адамдарға деген балалар арасында толерантты қарым-қатынас қалыптастыру үшін ұйымдастырылады. Тренингті тек оқушылар арасында ғана емес, педагогтерге, сынып жетекшілерге, ата аналарға да жүргізуге болады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Бәріміз бірдейміз!»

Бұл тренинг ерекше білімді қажет ететін балаларға, мүгедек адамдарға деген балалар арасында толерантты қарым-қатынас қалыптастыру үшін ұйымдастырылады. Тренингті тек оқушылар арасында ғана емес, педагогтерге, сынып жетекшілерге, ата аналарға да жүргізуге болады. Себебі, қазіргі қоғамда мүгедек адамдар Конвенциямен, Заңмен қорғалса да, кемсітушіліктер, қадір-қасиетін құрметтеуде, жаңа ортаға бейімделуде кемшіліктер байқалады. Осы кемшіліктерді жою, мүгедек балалардың, адамдардың құқықтары басқа адамдардың құқықтарымен бірдей екенін мектеп оқушыларының бойына жастай сіңіріп, түсіндіру.


Мақсаты: жасөспірімдер арасында мүгедек адамдарға қатысты толеранттық қарым-қатынас қалыптастыру

Міндеті: -мүгедектік түрлері туралы түсініктерін кеңейту;

-мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ортада болуына және қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Қажетті құралдар: көз байлайтын орамалдар, шырпы, түрлі түсті қағаздар, пирамида, желім, қайшы

1. Қатысушыларға тақырып атын хабарлау.

жаттығу № 1 «Мұқият тыңдаушы». Қатысушыларға оң жағында отырған көршісіне мұқият қарап, оның бойындағы жағымды қасиеттерін атауды ұсынамын. Мысалы, «Ануар, менің ойымша сен өте мейірімді адамсың».

2.  «барлық баланың құқығы бірдей ме?» тақырыбына дискуссия жүргізу

Жүргізуші сұрақтар қояды: - дені сау адам және мүгедек адам туралы не білесіңдер? Мүгедектік туралы не білесіңдер? Оның қандай түрлері болуы мүмкін.

Қатысушылардың жауаптары тақтаға жазылып отырады.

Жаттығу № 2 «Мүмкіндіктері шектелген». Қатысушылар 3 командаға бөлінеді.

Өмірде мүгедек жандардың өздерін қалай сезінетіндерін қатысушыларға өздері олардың орнына қойып көруге, сезіп көруге ұсыныс жасалады.

1- команда қайшы, скотч, қағазды пайдаланып башня құрастырады. Ескерту: қатысушылар бір бірімен сөйлеспейді, тек жестпен тілдеседі. (құлағы естімейтін, сөйлемейтін адам ретінде өздерін орнына қойып көру)

2- команда пирамиданы құрастыру, шырпыдан үй тұрғызу ұсынылады. Онда қатысушылар байлаулы көздерімен дөңгелекшелерді үлкенінен кішісіне дейін таяқшаға кигізеді. Көздері байлаулы болғандықтан олар дөңгелектердің көлемін көрмей құрастыру керек. (көзі көрмейтін, нашар көретін адамдардың орнына өздерін қойып, сезіп көреді).

3- команда қатысушылары өз қалаулары бойынша қол-аяқтарын байлап тастайды да бөлме ішінде жүреді, светті қосып-сөндіреді, парталарды қозғайды, жоғарыда тұрған кітапты түсіріп қайта көтеріп қояды. (тірек-қимыл қозғалысы бұзылған адамдар орнына өздерін қойып көреді).

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін қатысушыларға сұрақтар қойылады. «Өзіңді қалай сезіндің?», «Тапсырмаларды орындау қиын болды ма?» т.б.

Қатысушылардың ойларын тыңдап болған соң, мүгедек жандардың бұл 2 минут емес, бүкіл өмір бойына созылатынын ескертемін.

Егер балаларда өздерінің істеген істеріне күлкімен қарап, психологиялық қорғану қалыптасса, онда балаларға сұрақ қойылады. «Не себепті мүгедек адамдар бұл істерді істегенде күлмейді?»

«Сіздерге, сіздердің істеріңе басқалардың күлгені ұнар ма еді?

Осыдан соң жаңағы тапсырмаларды көмекші арқылы орындау тапсырылады. Сұрақ қойылады: «Көмекшінің көмегімен тапсырмаларды орындау оңай болды ма? Мүгедек адамдарға қалай көмектесуге болады?»

Зерттеу жұмыстары

Командалар жүргізушінің тапсырмаларын зерттейді. Мектепке кіре берісте, спорт залда, киім шешетін орында,баспалдақтан көтеріліп, түсуге, табалдырықтан арбамен (коляска) өтуге жағдай жасалған ба? Бұлардың барлығын кедергісіз аймақ деп атайды.

3. Талқылау

Балалар мектептегі кедергісіз аймақтың қай жерлерде бар екенін атайды. Олардың қаншалықты керек екенін, әлде бұлардың барлығы артық, керек емес, мектепте ондай балалар оқымағаны дұрыс. Қандай болса да жауаптарын тыңдап, оларға мүгедек жандарға қолдау көрсету - өздерінің мәдениеттілігін, толерантты, адамгершілігі мол адам екенін көрсететінін, мұндай жағдай кез келген жағдайда кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін түсіндіру.



03 Желтоқсан 2024
159
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі