Тимиязев қазақ жалпы
білім беретін
мектеп-интернаты
Тәрбие
сағаты
«Бәрін білгім
келеді»
1-
сынып
Сыздыкова
Б.А
2018-2019 оқу
жылы
Қайырлы күн құрметті
ата-аналар, ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі күні сіздерге тағы бір
той қосылып отыр.Кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
кішкентай бүлдіршіндер, бүгінгі күні мінекей үлкен жауапкершілікті
мойындарына арқалап, 1-сынып оқушысы атанып отыр.Ендеше
бүгін «Бәрін білгім
келеді» атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер.
Ал енді біздің
бүлдіршіндерімізге алғашқы қадамдарына ақ тілектерін білдіруге ДІО
Римма Байкеновнаға сөз беріледі.
Шындықты айтар
әншімін,
Жайып салар бар
шынын.
Жүрек тулай
желбіреп,
Алаулайды жан
сыры –деп, барлық аналардың,
қонақтардың құрметіне Алихан мен Аңсардың
орындауында «Анашым» әнін қабыл
алыңыздар.

Келесі кезекте балалардың
орындауында өлең шумақтарын
тыңдаңыздар.
Айкерім: Өсті міне
бойымыз,
Өсті міне ойымыз
.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын
тойымыз
Нурсултан: Мектеп-қамқор
анамыз
Оқып білім
аламыз,
Өнерпаз боп
өсетін
Біз оқушы
боламыз.
Ақерке: Отанның біз
ұл-қызы
Халықтың біз
жұлдызы.
Оқимыз
ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек
сырларын.
Аңсар: Мектеп деген білім кені,жыр
кені,
Мектеп деген ғылымның ең
үлкені
Мектеп деген тәрбиеші
адамға,
Мектеп деген даналардың
мекені.

Назерке: Мектеп, мектеп менің жарқын
көңілім
Мектеп,мектеп шаттық толы
өмірім.
Мектеп,мектеп әнің болып
төгілдің
Мектеп,мектеп анам боп та
көріндің
Даниял: Мектебім менің
мектебім,
Сағынып аңсап
жетемін
Мектебім сені
күтемін,
Сені ойлап
өтемін.
Алихан: Кітап деген басыңдағы
білімің,
Кітап деген ақыл,ойың,
ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар,
жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой,
баспаңдар.
Ал енді балалар ,олай болса
біз І тоқсанда алған білімдерімізді ортаға салып, өнерлерімізді
көрсетейік.
Сауат ашу сабағында біз қандай
әріптерді өттік? Қане есімізге түсірейік.(Қол көтеріп
айту).

-Дыбыстар нешеге бөлінеді және
қандай болып?
Мен сендерге сөздер
оқимын,сендер сол сөздің бас әрпін айтып
бересіңдер.
Айна,Орал,Арал,Отан,тау,
сынып,қалам,шапалақ,тал т.б.Өте жақсы.Енді балалар осы өткен
әріптерді пайдаланып,келген қонақтарға,қаншалықты біз оқи
алатынымызды көрсетейік.(Балалар кітап
оқиды).
Ал енді кезекті өлең жолдарына
берейік.
Мадияр: Біз әдепті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Үлкендерге жол беріп, Біз
ақылды боламыз.
Алдияр: Жақсылықты
қолдаймыз,
Табиғатты
қорғаймыз.
Гүл егеміз
бақтарға,
Айналасын
қоршаймыз.
Меруерт: Табиғат біздің
анамыз,
Жер-Ана біздің
панамыз.
Таза болса
табиғат
Біз де аман
боламыз.
Келесі кезекте қыздардың
орындауында «Жапырақтар» биін
тамашалаңыздар.
Ал енді, балалар біз
сұрақ-жауап арқылы жаратылыстану,дүниетану сабақтарында алған
арқылы білімдерімізді тексеріп
көрейік.
-Неше жыл мезгілі
бар? Атап кетейік
(4)
-Әр жыл мезгілінде неше ай
бар? (3)
-Жануарлар нешеге
бөлінеді? (2
)
-Мектепте кімдер жұмыс
істейді? Ұстаздар, аспазшы,дәрігер,
кітапханашы.
-Жақсы, балалар бұл
сұрақтардан сүрінбей өттіңдер.
Жарайсыңдар!!!
-Енді математика сабағында
алған білімдерімізге тоқталайық.
Кім 1-10 –ға дейін тура
және кері ретпен санап береді?
-Сандар жазылған
парақшаларда қандай сандар
жетіспейді?
Қандай сызықтар?
(Тұйықталған, қисық,түзу)
Көлемді фигураларды
ата? (Конус,пирамида, цилиндр, шар,
текше)
Массаның өлшем
бірлігі? (килограмм)
Ұзындықтың өлшем
бірлігі (сантиметр)
Көлемнің өлшем
бірлігі (литр)
-Енді ата-аналар,сіздерге де
сұрақтар қойсақ.
-Балаңыз партада қай баланың
жанында отырады?
-Аптасына математика сабағы
неше рет болады?
-Дене шынықтыру сабағы
аптасына неше рет болады?
- Мектепте оқу ісі
меңгерушісінің аты-жөні кім?
-Әлеуметтік ұстаз
кім?
-Мектеп психологының аты-жөні
кім?
Жақсы ата-аналар да жақсы
жауап бердіңіздер.Мектеп әкімшілігін сұрап жатқаным, сіздер
мектеппен тығыз байланыста болады деген сенімдемін. Тығыз байланыс
сіздер үшін де,біздер үшін жақсы болады деген
сенімдемін.
Бізде қыркүйек айынан
бастап,балалар түрлі тоғызқұмалақ, ән, би,домбыра үйірмелерге
қатысып келеді.Кеше ғана Аңсар мен Алихан тоғызқұмалаққа қатысып
жүлделі орындарға ие болды.
Айкерім мен Аңсар өнер
мектебінде домбыра үйірмесіне
қатысады.Осы аралықта үйренген
өнерлерін тамашалайық.
«Кім
шапшаң» ойыны.Ойынның шарты мектепке
құрал –жабдықтары тез және мұқият кім сөмкеге салады, бірінші
болған оқушы жеңімпаз атанады.

Мектеп-кеме,білім-теңіз
Барар жолға тез
жетеміз.
Адаспаймыз ұлы
жолда,
Ұстаз берген білім
қолда-дей отыра оқушылардың
орындауында «Мектеп» әнін қабыл
алыңыздар.
Сендердікі
болашақ,
Өтер балғын шастық
шақ.
Озат болып
оқыңдар,
Ойға білім
тоқыңдар-дей келе бүгінгі ашық тәрбие
сағатын аяқтаймыз.Уақыт бөліп келгендеріңізге, назарларыңызға
рақмет!
