Материалдар / Бәрін білгім келеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәрін білгім келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара. 7сыныпқа арналған. Жаңартылған білім бағдарласамасы бойынша өткізілген. Ұстаздарға, тәрбиешілерге арнаоған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2021
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 мектеп-лицей

Күні:14.10.21ж














Сыныптан тыс іс –шара

Тақырыбы: Бәрін білгім келеді..




.



Өткізген: Назарова Г.М

Сыныбы: 7 «А»

























Шалқар қаласы

2021-2022 оқу жылы


Күні:14.10.21ж

Сынып:7а


Тақырыбы: « Бәрін білгім келеді...»
Мақсаты:
1) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру;
3) Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, бірлікке баулу.
Көрнекілігі: суреттер, сызба- кестелер;
Шараның өту барысы:


І. Ұйымдастыру
:

Сәлеметсіздер ме , «Бәрін білгім келеді...» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Тапсырмаларды мұқият тыңдап бір- біріңмен ақылдасып, жауап берулеріңе болады

- сайыстың тақырыбы мен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтар мен таныстыру,

- әділ қазылармен таныстыру.

- сайыстың шарттары мен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)


ІІ. Негізгі бөлім:

1-шарт«Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (2-минут)

2-шарт. «Бәйге» Әр топқа 10 сұрақтан қойылады,пәнге байланысты

3-шарт. Үй тапсырмасы: Әр топ өздерінің үйден дайындап келген ребустарын бір –біріне береді, шешеді. (5-минут)

4-шарт. «Тапқыр болсаң, тауып көр» /Мақал-мәтелдерді аяқтау)

5-шарт. «Адасқан әріптер» сайыс. Дұрыс сөзді жаз
6-шарт«Кім тапқыр» Топ басшылыр сайысы , логикалық сұрақтарға жауап беру

7-шарт«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қағаздан гүлдер жасау












1-шарт«Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (2-минут)

2-шарт. «Бәйге» Әр топқа 10 сұрақтан қойылады,пәнге байланысты.


Қыздарға:

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

5.Адам бейнесін салу жанры қалай аталады(портрет)

6. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі,түйе)

7. Шыт, атлас, жібек (мата)

8.Матаның ұзына бойына орналасқан жіп қалай аталады(негізгі )

9. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

10. Тамақ әзірлеу өнері, орысша (кулинария)


Ұлдарға:

  1. Табиғатты бейнелейтін бейнелеу өнердің бір түрі (Пейзаж)

  2. Металдан әсемдік бұйым жасаушы шебер(зергер)

  3. Ыдыс - аяқ жасауда кеңінен қолданылатын металл түрі. ? (алюминий)

  4. Сәбіз неше жылдық өсімдік (1-жылдық)

  5. Қазақ шеберлерінің қолынан шығатын барлық оюлардың алғашқы негізгі қандай элемент болып табылады? (қошқар мүйіз)

  6. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады. (кереге)

  7. Натьюрмортта нені бейнелейміз(жансыз заттарды)

  8. Қыста өнім алу үшін көкөністерді қандай орында көктетіп өсіреді? (жылыжайда)

  9. Шегенің орысша атауы. (гвоздь)

  10. Ежелден келе жатқан кәсіп (қолөнер

3-шарт. Үй тапсырмасы: Әр топ өздерінің үйден дайындап келген ребустарын бір –біріне береді, шешеді. (5-минут)

4-шарт. «Тапқыр болсаң, тауып көр» /Мақал-мәтелдерді аяқтау)

1.Басы қатты болса ...

2.Еңбек етсең ерінбей,,,,,
3.Өнерлінің қолы алтын,,,,,
4..Еңбектің наны тәтті,,,,,,

5.Бір тал кессең, он ...

6.Ағама жеңгем ...

7. Жаман айтпай, жақсы ...

8.Отансыз адам- ормансыз ...

9.Бәрі бірі үшін, бірі ...

10. Қорыққанға қос ...



11. Атаның баласы болма, адамның ...

12. Өнер алды –қызыл ..

13.Жеті рет өлшеп, ...

14.Күш - ...

15.Аз сөз - ...

16.Кітап- білім ...

17.Еңбек түбі ,,,

18.Шеберді саусағы,,,,,

19.Еріншектің ,,,,

20.Ердің атын еңбек,,,,

5-шарт.

«Адасқан әріптер» сайыс. Дұрыс сөзді жаз


  1. Ы Н А Қ Д Й Ы Д (ДАЙЫНДЫҚ)


  1. Ұ М Й Ы Б (БҰЙЫМ)


  1. Е Л Е К Ә С У (сәукеле)


  1. Л А Ғ Б А (БАЛҒА)


  1. Қ Ы М А Н А Д М (мамандық)



  1. Ө Р Л О Н Р Е Қ (қолөнер)



  1. М Е Ш Е Б Л Е Д (белдемше)



  1. Ш Ы М Қ А (қамшы)



  1. З А К О Й М А (мозайка)


  1. К Д Ә С З Т І Е У Л І (Тәуелсіздік )




6-шарт«Кім тапқыр» Топ басшылыр сайысы , логикалық сұрақтарға жауап беру

7-шарт«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қағаздан гүлдер жасау

Гафрии қағазынан үлгі бойынша гүлді жасау


ІІІ. Қорытынды:

Топтарға жинаған балдары бойынша орын беру, марапаттау
Міне, балалар, сайыс сабағымыз да да өз мәресіне жетті. Мен сендерге «болашақта елімізді көркейтетін, адал,өз ісінің шебері ,білімді ұл - қыз болыңдар, - деп айтқым келеді.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңа көп рахмет!























































































































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!