жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бәрін білгім келеді !
Күні:20.02.2020
Білім беру саласы: Комуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Мақсаты
Білімділік: сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау. Сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп, туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.
Сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету,сөз жұмбақ ,ребус шешуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Балаларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа ,ұқыпты жұмыс жасауға баулу.
Дамытушылық: Логикалық ойларын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру ,байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың әдісі: әңгіме,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: суреттер,пирамида ,дидактикалық ойын құралдары,
Үш тілділік:
Сағат- Часы-Clock (Клок)
Өрік-абрикос-Apricot (әприкәт)
Қой-баран-Sheep (щип)
Құлақ-ухо-Ear (еа)
Ешкі-коза-She goat (Щигоут)
Мысық-кошка-Cat (кәт)
Шаттық шеңбері:
Бақыт деген сиқырлы шеңберіміз
Бақыт деген достарға сенгеніміз
Бақыт таңда біреумен достасуың
Бақыт кеште біреумен қоштасуың
-Жарайсыңдар балалар ,осындай тамаша көңіл-күймен сауат ашу негіздері оқу қызметімізді бастайық.Оқу қызметін бастамас бұрын жыл мезгілін еске түсіріп алайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінің қандай айы?
-Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшелігін айтайықшы?
Ғажайып сәт:
Симка:Сәлем достар мен фиксики мултьфилімінен келген Симкамын.Мен мұнда сендерден көмек сұрай келдім.Менің інім Нолик оқуды,жазуды дұрыс білмейді.Үйретейін десем үйрете алмадым.Мынадай қызықты пирамида ойындар берсем ,оны да орындай алмады.
-Сәлеметсіңбе Симка.Біздің балабақшаға қош келдің!Біздің балалардың барлығы ақылды.Сенің ойындарың біздің балаларға қызықты болар.Біз орындап көрейік?
Симка:Иә .Бірақ Ноликпен бірге орындап, оғанда үйретіңдерші.Мен оны осында шақырайын.Оған телефон арқылы хабарлама жіберейін.
-Балалар Нолик келгенше ,мен сендерге өткен оқу қызметтеріміз бойынша сұрақтар қойайын.
-Сөйлесу түрі нешеге бөлінеді? (Сөйлеу түрі үшке бөлінеді)
-Симкака балабақшаға келгенде бізбен қалай сәлемдесті? (ым-ишара сөйлесу әдісі арқылы сәлемдесті).
-Симкака бізбен қалай сөйлесті? ( ауызша сөйлесу әдісі арқылы сөйлесті.)
-Симка Ноликпен қалай сөйлесті? (жазбаша сөйлесу әдісі арқылы сөйлесті).
Ноликтің келуі.
-Сәлем балалар.Ой Симка сен мына пирамидаңды осында да алып келгенсіңбе.Мына балалардың да миын ашытайын дедіңбе?
Симка: Көрдіңдерме балалар үйренгісі келмейді.
-Нолик ойынды жалғыз орындаған қызықсыз болар.Біздің балалармен бірге отырып орында.Сол кезде тез үйреніп аласың.
Симка: Мінекей балалар менің ойындарым мына пирамидада орналасқан.Пирамиданың ішінде көптеген сыйлықтар бар.Сендер ойындарды дұрыс орындасаңдар сыйлықтарға ие боласыңдар.
Ал ендеше сіздің ойындарыңызды орындап көрейік.Балалар бізге бірінші қандай ойын беріліп тұр екен?
-Балалар бізге сөз жұмбақ беріліпті.Ойынды орындамас бұрын сөз ережесін еске түсіріп алайық.Балалар Сөз дегеніміз не?Кім айтып берер екен?
(Ереже: Сөз әріптерден құралады.Белгілі бір заттың атауын білдіреді.)
Балалар сендеге жұмбақ шешкен ұнайдыма?Ендеше қандай жұмбақ білесіңдер?
1-ОЙЫН Сөз жұмбақ
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар (сағат)Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар, (Өрік)Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)Біреуі сөйлеп тұр, Екеуі тыңдап, (Құлақ)
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен. (Ешкі)Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған. ( Мысық)
Балалар
қараңдаршы енді ортасында ерекше түспен
жазылған сөзді оқиықшы.
2-ОЙЫН СӨЙЛЕМ.
-Дұрыс балалар.Біздің екінші ойынымыз сөйлемге байланысты болар.Ал екінші ойынымызды көрейік.
Балалар сөйлем дегеніміз не?Ережені кім айтып береді?
(Ереже: Сөйлем сөздерден құралады.Белгілі бір ойды білдіреді.Сөйлем үшке бөлінеді .сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.
-Сұраулы сөйлем дегеніміз біреуден бірдеме сұрау мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем диміз. ? Белгіленеді.
-Хабарлы сөйлем дегеніміз оқиғаны хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.Сөйлем нүктемен белгіленеді.
-Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін білдіріп тұратын сөйлем.Леп белгісімен белгіленеді )
2-тапсырма Сөйлем құра.
Суретпен жұмыс.
Нолик: Ой апай мен шаршадым.Ойын ойнағым келмейді.Менің ұйқым келді.
-Нолик тұрағой.Сен шаршама.Біздің балалармен бірге жаттығу жасап ,бойыңды сергітіп ал.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмайық
Қолы төмен түсіріп
Алақанды соғайық
Жаттығу жасап осылай
Үлкен болып шығайық.
3-ОЙЫН БУЫН
Біздің үшінші ойынымыз адасқан буындар деп аталады екен.Балалар бұл жерде бундардан сөз құрау ойыны беріліпті.Ендеше ойынды орындамас бұрын буын ережесін еске түсіріп алайық.Қанекей кім айтып береді екен?
(Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.Мысалы лақ бір буынды сөз,та-на екі буынды сөз,ша-ға-ла үш буынды сөз.)
Балалар алдарыңда берілген буындардан сөз құрау және оны оқу.
Симка:Жарайсыңдар балалар.Сендер ойынның бәрін дұрыс орындап келесіңдер.Біздің Ноликтің де қызығушылығы оянған секілді.
-Ал балалар біздің пирамиданың төртінші ойыны ребус шешу беріліпті.Бұл жерде ребус жауабына дыбыстық талдау жасаңдар депті.Ендеше ойынды бастамас бұрын ережені еске түсіріп алайық
-Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естейміз,айтамыз.Дыбыс әріптермен таңбаланады.)
-Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дыбыс екіге бөлінеді.Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс.)
-Дауысты дыбыс дегеніміз не?(Дауысты дыбыс ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай ,еркін шығады.Созылып айтылады.Қызыл текшемен белгіленеді.)
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?(Дауыссыз дыбыс ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап шығады.Созылып айтылмайды.Көк түспен белгіленеді)
Жарайсыңдар ал балалар !Енді алдымыздағы ойынды дұрыс орындайық.
4-ОЙЫН:
РЕБУС
Симка:Мынау қантай әдемі текшелер.Бұнда әріптер беріліпті.Мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Текшендегі әріптердің қандай әріп екендігін атайсыңдар және сол әріптен басталар сөздер айтамыз.
Симка:Рахмет балалар .Сендер барлығын жақсы біледі екенсіңдер.Менің ойнымның бәрін дұрыс орындадыңдар. Нолик түсінген болар.Енді сендерге сыйлықтарыңды сыйлаймын.Ноликке де біреуін береін.Олда сендермен бірге ойынды орындай білді.
Нолик: Рахмет балалар.Мен сендерден оқуды,жазуды үйрендім.
Симка:Ал Нолик біз енді қайтайық.Бізді іздеп қалар.Сау болыңдар балалар!
Қортынды:
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Симка тапсырманы немен алып келді?
-Қандай тапсырмалар орындадық?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген