"Бәрін білгім келеді" ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бәрін білгім келеді" ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
«STEAM» тапсырмалары 1 –тапсырма. «Қызықты тетрлар» Шарты: Берілген тетрларды дұрыс орналастыру. 2-тапсырма. «Сиқырлы әріптер» Шарты: Қораптағы адасқан әріптерден сөз құрап шығару. «Асығың алшысынан түссін» 3-тапсырма. «Ақ парақ» Шарты: Берілген ақ параққа айтылған сандарды құрастырып шығу. 4-тапсырма. «Көңілді жылан» Шарты: Сандарды рет-ретімен орналастырып жылан құрастыру. «Тәжірибелік алаң» 5-тапсырама. «Ақ көбік» Алжапқыштарды кию. Шарты: Ақ көбікпен мен сұйық желімді араластыра отырып жасау. Түрлі-түсті бояғыштармен бояу. 6-тапсырма. «Қыс ерекшеліктері» Шарты: берілген заттардан белгілі бенелер шығару. «Өнерлі екен он саусақ» 7-тапсырма. «Ғажайып суреттер» Шарты: Суреттерді екі бағытта салып бояп, белгілі бейне шығару. 8-тапсырма. «Қыс мезгілінің қызықтары» Шарты: жұмыртқа қорашасынан, ермексаздан қыс бейнесін шығару.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бәрін білгім келеді»

Дайындаған: Абдушева Айгерим Айгалиевна

Кіріктірілген іс-әрекет

Тақрыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың танымдық, логикалық, ойлау дағдыларын арттыру. Заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа бағытта тапсырмаларды жүзеге асыру. Шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын,сөйлеуін дамыту.

«ДАРЫНДЫЛАР» әлемі бекеті.

-Құрметті жолаушылар, қазір Дарындылар әлемі бекеті. Қазір №41 «Ақ тілек» бөбекжайы пойызы бірінші жолға келіп тоқтайды. Уақыты 10.00. Қозғалу уақыты: 10.05-те жүріп кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы біз бүгін «Дарындылар» әлемі бекетіне де келіп қалдық. Қәне, барлығымыз, келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар: Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Балалар, «Дарындылар» әлемі сіздерге қызықты сұрақтар, тапсырмалар дайындап қойыпты орындағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Олай болса алдымен миымызға шабуыл жасайық.

Миға шабуыл (колесо фортуны) Мариям:Қазір қай жыл мезгілі? Медина:Қыс мезгілінің айларын ата.

Нұрислам: Қандай ойынды ойнағанды жақсы көресің?

Лаура: Кіммен ойнағанды  жақсы көресің?

Аяна: Сиқырлы таяқшаң болса, не істер едің?

Алижан: Сендерге бөбекжайға келген ұнай ма?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса енді кім мақал-мәтел, тақпақ біледі?

Алихан: Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Ясмина: Пайда ойлама,ар ойла, Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге

Аяна: Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Айерке: Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

Адия: Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Тәрбиеші: Күлгін түсті белдемше бар балалар күлгін белгісі орналасқан үстелге барады, ал қызыл белдемше бар балалар қызыл белгісі бар үстелге, күлгін белдемше бар балалар күлгін белгісі бар үстелге барады, сары түсті белдемше бар балалар сары белгісі орналасқан үстелге барады,

«STEAM» тапсырмалары

1 –тапсырма. «Қызықты тетрлар»

Шарты: Берілген тетрларды дұрыс орналастыру.

2-тапсырма. «Сиқырлы әріптер»

Шарты: Қораптағы адасқан әріптерден сөз құрап шығару.

«Асығың алшысынан түссін»

3-тапсырма. «Ақ парақ»

Шарты: Берілген ақ параққа айтылған сандарды құрастырып шығу.

4-тапсырма. «Көңілді жылан»

Шарты: Сандарды рет-ретімен орналастырып жылан құрастыру.

«Тәжірибелік алаң»

5-тапсырама. «Ақ көбік» Алжапқыштарды кию.

Шарты: Ақ көбікпен мен сұйық желімді араластыра отырып жасау. Түрлі-түсті бояғыштармен бояу.

6-тапсырма.

«Қыс ерекшеліктері»

Шарты: берілген заттардан белгілі бенелер шығару.

«Өнерлі екен он саусақ»

7-тапсырма. «Ғажайып суреттер»

Шарты: Суреттерді екі бағытта салып бояп, белгілі бейне шығару.

8-тапсырма. «Қыс мезгілінің қызықтары»

Шарты: жұмыртқа қорашасынан, ермексаздан қыс бейнесін шығару.

Тәрбиеші: Ал, балалар, олай болса бойымызды бір сергітіп алайық. Бізге дене шынықтыру нұсқаушысы келді. Ол сіздермен «Асық ату» ойының ойнамақшы. Ең алдымен қандай асық ойындары бар?

Балалар: «Асық ату», «Ханталапай», «Омпа», «Бес асық», «Бәйге», «Алшы».

Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын. Асық – қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі.  Жобада қазіргі  заманның  ағымына  байланысты  ұмытыла  бастаған  қазақтың ұлттық  ойындарының  мән  мағынасы,  шығу  тарихы  баланың  рухани және  дене  тәрбиесіне  беретін  мол  әсері  жайлы мәліметтер  жиналған.

Серікқали Айым -асық төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы пішіндес, мүсіндес зат.

Нұрислам-Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар «Дарындыла» әлемі бізге тағы да өзінің кезекті тапсырмаларын дайындапты. Кәне, барлығымыз ортаға жиналайық. Ең алдымен МАД тобына арналады.

«Шапалақ ұрғылау» әдіс-тәсілдері.

Шарты: Нұсқаушы екі санның қосындысын қосқандағы шешімін тақтадағы көрсетілген сандардан дұрыс шешімін табуды ұсынады.

«Жұмбақтың жауабын тап»

Шарты: Нұсқаушы әртүрлі жұмбақтар жасыру арқылы жұмбақтың дұрыс шешімін табу.

Тәрбиеші: Өте керемет балалар.

Балалар бүгін біз не үйрендік?

Қандай тапсырмалар орындадық


«ДАРЫНДЫЛАР» әлемі бекеті.

-Құрметті жолаушылар, қазір Дарындылар әлемі бекеті. Қазір №41 «Ақ тілек» бөбекжайы пойызы бірінші жолға келіп тоқтайды. Уақыты 11.15. Қозғалу уақыты: 11.20-да жүріп кетеді. Келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Балалар: Қонақтарымызбен, қоштасады.














Shape1




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.08.2023
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі