жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бәрін жүрегімізбен өлшейміз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №8 орта
Мерзiм 12.02.2021ж №20
Тақырып «Бәрін жүрегімізбен өлшейміз»
Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер Адамгершілік,қамқорлық.
Мұғалiм Жунусова Ж Ж Класс 3 «Б» Оқушылар саны__10__
|
Сабақ мақсаты:Балалардың айналасындағларды жақсы көруін түсіндре отырып сүйіспеншілік, адамгершілік, қамқорлық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Қамқорлық жасау туралы білім беру - адамгершілік қасиеттерін дамыту -Айналасындағы адамдарға жан - жануарларға мейірімді бола білуге тәрбиелеу |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,топқа бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Бағалау парақшалары беріледі Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Өзін-өі тану сабағының ережесі
Үй тапсырмасын тексеру.19 сабақ, оқулықта 91,92 бет мазмұндау, 2-тапсырманы Ақкөңілділік не үшін қажет? Ақкөңіл мейірімді болудың маңызынеде?
|
Сабақ барысын талқылау: Интерактивті тақта |
|
Дәйек сөз. (Оқушыларға бір рет айтқызып, дәптерге жаздыру) «Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет-ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімімділік таза ой» Федор Достоевский. Дана сөзі |
бейне ролик |
|
Әңгiмелеу (сұхбат). «Бірге оқимыз» «Жүрек жақындығы» әпсана (видеослайд) көрсету Әпсананы қалай түсіндіңдер ол үшін балалар
1)Ұстаз шәкіртерінен не деп сұрады ? 2)Шәкіртерінің жауабына ұстаздың көңілі толдыма ? 3) Әпсанада не туралы айтылған? 4) Әпсанадан қандай ой түйдіндер? 5)Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыындар? Тақырып бойынша «Адамгершілік қасиеттері» бейне ролик тамашалайық Бейне ролик бойынша Адамгершілік дегеніміз не екен балалар? Мысал келтіре кету -Сонымен балалар адамгершілік дегеніміз. Адамгершілік адамның өзіне қаламаған жаман әрекетті біреуге жасамауы,өзіне тіілеген жақсылықты басқаға жасай білуі. Мысал ретінде оқушыларға Төле би қарлығаш әулие атануы аңызы бейне ролигің көрсету. Төлеби не істеді қандай адамгерілік жасады қарлығашқа? Қайталайық: Адамгершілік жататын қасиеттер: Мейірімділік ,қайырымдылық,кешірімділік
|
«Балапан» арнасынан бейне ролик |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Жақсылық жасайық» Осы тапсырманы орындау барыссында ізгілік туралы алған білімдерінді көрсетте аласындар 1)Ізгілікке тән қасиеттерді тізбелеп жазыңдар 2)Берілген сөздерден нақыл сөз құрастырып, мағынасын түсіндіріндер Тиісті сөздер: Әділдік, келсе, өлмейді, шамаң, ізгілік, істе, ізгілік. |
|
|
Топпен ән айту. «Бәрін жүрекпен өлшейміз» |
|
|
Үй тапсырмасы.94,95 бет оқу мазмұндау, 4-тапсырма Ребус құрастыру |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) .Баяу музыка қойылады
Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар
|
|
.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген