жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Барлығы да өзіңнен басталады.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ
«№7 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жан – жақты пысықталған болатын.
Елбасының арманы – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, қазақ елінің жастарына дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау, алдағы бірнеше жылдың үлесіндегі ең таңдаулы жұмыс жобалардың мақсат – міндеті болып табылады.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Бұл ауқымды жоба өз жемісін бере бастады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Тасимова Айымгүл Қаршығақызы
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Барлығы өзіңнен басталады.
Сабақтың мақсаты мен
міндеттері:
- оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу
білігін дамытуға ықпал ету;
- оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер
ету;
- білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп
болу;
- оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын
дамыту.
Сабақ
түрі: сайыс-сабақ.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Сабақ-сайыс кезеңдері:
1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.
2 кезең. «Кім тез?» балалар энциклопедиясымен жұмыс.
3 кезең. Кітапты ұстау бойынша пікірталас.
4 кезең. Түсіндірме сөздігімен жұмыс.
5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма.
6 кезең. Кітап тарихына
байланысты сауалнамалық
сұрақтар.
Барысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушыларды ортаға шақырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде амандастырамын. Топтарға бөлу мақсатында оқушыларға қима қағаздар таратылады.

Қызығушылықтарын ояту.
-
Қалай ойлайсыңдар, балалар, мен неге сендерге мына кітаптардың суреттері бар қима қағаздарды тараттым.
(Оқушылар өз ойларын айтады).
-
Ендеше, бүгінгі тақырып не жайында болады деп ойлайсыңдар?
(Оқушылардың жауабы).
-
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз
Кітап та алма
ағашы,
Жемісін біздер
теретін.
Тәтті алмаға
балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, білім көзі, рухани қазына – кітап жайында болмақшы.(Оқушылармен топ-топпен бөліп отырғызамын.
1 топ – «Қалың елім, қазағым», 2 топ – «Евгений Онегин», 3 топ – «Братья Гримм»
Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек демекші, «Барлығы өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - бөлім. Кіріспе.
«Тек кітап қана алға жылжуды,
адамдық шыңына шығуды үйретеді» - деп Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткендей, ілім-білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз.
Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге
дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы
құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі
жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы –
кітап.
ІІ. Топтарды
таныстыру.
1 топ - «Қалың елім, қазағым» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,
Артық білім ғылымда». Абай.
2 топ - «Евгений Онегин»
тобының ұраны:
«Оқу –білім
қазығы,
Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні
Тіршіліктің шамы». С.Сейфуллин.
3-топ – «Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық». Ыбырай
Алтынсарин.
1 кезең. «Кітапхана –кітап
үйі» сұрақ-жауап.
Екі топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Сұрақтар экраннан көрсетіледі. Бірінші топ жауабын білмесе, екінші топ жауап береді. Толық жауапқа - 2 ұпай, толық емес жауапқа – 1 ұпай.
1.Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).
2. Кітап үйі -... (кітапхана).
3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)
4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).
5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).
6. Аннотациядан басқа тағы қандай кітап туралы мәліметтер бар? (алғы сөз, безендірілуі, мазмұны).
7. Каталог деген не? (Кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет жазылған карточкалары салынатын жәшік).
8. Кітапханада қандай каталогтар бар? (Әліпбилік, жүйелік, электрондық).
9. Анықтама әдебиеттерінің қандай түрлерін білесіздер? (сөздіктер, анықтама, энциклопедия).
10.
Біздің кітапханамызда қандай анықтама әдебиеттері бар? (барлық пән
бойынша).
2 кезең.
«Кім тез?» балалар энциклопедиясымен
жұмыс. «Ол кім?
Бұл не?» энциклопедиясынан үш
топқа сұрақтар
қойылады. Ол үшін экраннан суреттер көрсетіледі. Топ мүшелері сол
суреттің атын энциклопедияның қай томында, қай бетінде екенін
тауып, мағынасын айтуы керек. Тез тапқандарға және толық жауап
бергендерге 1 ұпайдан қойылады.
1. Қоян Т.2. 185 бет. Ол кім? Бұл не?
2.Жолбарыс Т.1. 403 бет. Ол кім? Бұл не?
3. Піл Т.3. 60бет Ол кім ?Бұл не?
4. Қобыз Т.2. 170 бет. Ол кім? Бұл не?
5. Дельфин Т.1 307 бет Ол кім? Бұл не?
6.
Шахмат. Т.3. 342 бет. Ол кім? Бұл не?
3 кезең. Кітапты таза әрі ұқыпты ұстау жайында
мәтін беріледі. Үш топ сол мәтін бойынша өз ойларын ортаға
салады.
Мәтін.
«Кітап- күнтізбе
емес».
Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің «Ана тілі» кітабын көріп таңданды.
- Берік, бері келші!
- Не , аға?
- Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?
-
Мен
-
Неге?
- Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.
- Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?
- Ия, - деді Берік
- Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.
Ағасы қабағын түйіп:
-
Бұлай етуге болмайды, -
деді.
Ал Берік нық
түрде:
-Болады, - деді. - Біздің сыныпта балалардың бәрі
сөйтеді.
Ағасының көзі
атыздай болып кетті.
- Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап - біздің досымыз» дегенді білесің бе?
- Білемін
- Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.
Берік осыдан кейін кітаптарын
жыртпайтын болды. (топтардың ойларын
тыңдаймыз)
4
кезең. Түсіндірме сөздігімен
жұмыс. Үш топқа түсіндірме сөздіктен
карточкаға жазылып сөз беріледі. Сол сөздерді қай томнан, қай
беттен тапқандығы, мағынасы туралы айту керек. Дұрыс тапқан топқа 3
ұпай беріледі.
1. Шақырық – құмдауыт ашық далада мекендейтін құс. 104 бет, Т.10 Түсіндірме сөздік
2. Болажна - болыс, билердің сыбағасына тиетін алым-салық. 354 бет. Т.2. Түсіндірме сөздік
3. Мәнзүр – елең қылмады, ескермеді. 162 бет,Т.7.Түсіндірме сөздік
4.
Кәкір – мін, мәніс. 520 бет, Т 4. Түсіндірме
сөздік
5
кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында
шығарма. Топтық
жұмыс. Үш
топқа таза
парақ беріледі. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын
келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір-бір сөйлемнен жазып
шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін
шығады.
6
кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық
сұрақтар. Екі топқа
кезек–кезек сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын таппаса, келесі топ
жауап беруге болады.
1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).
2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).
3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).
4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).
5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т.б).
6.Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).
Мұғалім сөзі:
Қажу бар ма
сұңқарға,
Талу бар ма
тұлпарға,
Иман күшті
оларда
Мен жастарға
сенемін!
Алаш айбынды
ұраны,
Қасиетті
құраны,
Алаштың олар
құрбаны,
Мен жастарға
сенемін!
Мен сенемін
жастарға,
Алаш атын
аспанға
Шығарар олар бір
таңда
Мен жастарға сенемін! – дегендей, бүгінгі
күні интернетке үңілмей, кітап оқып, оқу жылдамдықтарыңды
жоғарылату мына сендердің қолдарыңда. Сондықтан кітаппен дос болып,
білім мен ғылымның шыңдарын бағындыра
беріңдер! Осымен бүгінгі біздің «Бәрі
өзіңнен басталады» атты сабағымыз аяқталды. (Қортындыны айту және
марапаттау). Сабаққа белсене
қатысқандарыңыз үшін рахмет.
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген