Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасқан тәрбие жұмысы, тәрбиеленушілерді ұлттық құндылыққа бағдарланған жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқараспен, өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу болып табылады.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында келесі құндылықтар негізінде, күн сайын, апта сайынғы іске асырылатын іс-шараларды қамти отырып, тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, жоспар бойынша, «Қамқор», «SMART BALA», «Еңбегі адал - жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» т.б жобаларымен қатар орталық ішіндегі және орталықтан тыс өткізілетін іс-шаралары арқылы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, «Бір тұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бағдарламасы аясында, қосымша құқық бұзушылықтың алдын-алу, құқықтық білім беру жұмыстары бойынша, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-мен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерімен, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алу мекемелерімен келісіліп бекітілген, бірлескен жылдық жұмыс жоспарлар арқылы, аталған мекемелермен жыл бойында жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп отырады.
Әрбір атқарылған іс-шара #Біртұтас_тәрбие хэштегі арқылы қолдау орталығының әлеуметтік парақшасында жариялянып отырады.
2). Балаларды қолдау орталығында кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер үшін маңызды әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қамқоршының келісімімен және орталықтың жарғысы негізінде орталық пен Дара «Тәлімгерлер» қоры бірлесіп жұмыс атқарады.
2015 жылдан бастап Қор жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерікті-тәлімгерлермен араласу арқылы дербес өмір сүру және әлеуметтік ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге бағытталған «Тәлімгерлер» бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 17 қаласында іске асырылуда және 330-дан астам баланың жеке тәлімгері бар. Біздің орталықта бағдарлама 2022 жылдан бастап іске асырылуда және жобада 4 тәлімгер бар. Тәлімгерлер балалардың әрбір жетістігі кезінде қастарынан табылады. Орталықта өтетін әрбір іс-шара кезінде балалармен бірге қуанады. Балалардың білімі мен оқу жетістігі, қоғамдағы орнына алаңдатушылық білдіреді. «Дара» әлеуметтендіру қоры қазіргі таңда орталықпен бірлескен жұмысын жалғастырып келеді. Осы серіктестік аясында жүзеге асырылатын Тәлімгерлік жоба- балалардың рухани, моральдық және құндылықтарын қалыптастыруға, дербес өмір сүру дағдыларын дамытуға және олардың жеке әлеуетін ашуға бағытталған ерекше бастама. Жоба тәрбиеленушілерге өз болашағын айқындап, кәсіби және жеке мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ қоғамда лайықты орнын табуға көмектесуді көздейді.
Жоба шеңберінде орталықтың он тәрбиеленушісіне тәлімгерлер бекітілді. Тәлімгерлер балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табылып, қуаныштарын бірге бөліседі және балалардың болашағына жанашырлық танытып, оларға өмірге сенімді қадам басуға қолдау көрсетеді. Бұл игі бастама – балалардың қоғамға сәтті бейімделуіне бағытталған маңызды қадам ғана емес, сондай-ақ олардың жүрегіне жылулық пен сенім ұялататын ерекше жоба.
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына бағытталған бастама жобалардың бірі, Жамбыл облыстық Д.А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы арасындағы ынтымақтастық байланыс меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға негіз болып, жасөспірімдерге үлкен мүмкіндіктер ашады және жасөспірімдерге жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың даму көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде жасөспірімдер шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз идеялары мен ой-қиялдарын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Жоба аясында тәрбиеленушілерге дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріліп, болашақ өмірлеріне сенімділік ұялатып, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі және жасөспірімдердің әлеуетін ашуға, олардың өзіндік ойларын ортаға салып, шығармашылыққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Осындай жобалардың арқасында балалар мен жасөспірімдер болашаққа сеніммен қарап, өмірден өз орнын табу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады. «Тәлімгерлер кемесі» – бұл жас ұрпақтың болашағына бағдар беретін, шығармашылық пен армандардың айдынына жол ашатын ерекше бастама.
Сонымен қатар, Ішкі істер басқармасымен бірлескен меморандум бойынша аптасына үш рет «Динамо» спорт кешеніне «Дзю-до», «Самбо», «Таэквон-до», «Футбол» спорттық секцияларына, «Анаға тағзым» үйімен бірлескен меморандум бойынша аптасына үш рет «Бойтұмар» қолөнер үйірмесіне және «Даму бала» (АРТ спорт) бойынша «Даниярбек» оқу және өнер орталығына «Вокал», «Модель», «Дәстүрлі би», «Шахмат», «Каратэ-до» үйірмелеріне қатысады.
Облыстық мәслихат депутаты, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанның құрақ құрау техникасы бойынша тігін цехтары мен шеберханаларда 12-17 жас аралығындағы қыздарға шеберлік сыныптар ұйымдастырып келеді, жеке кәсіпкер, блогер Майса ханым балаларға тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіру бойынша түрлі технологияларын балалармен бірлесе жасап үйретуде, АНК аналар кеңесі және поляк орталығы орталық тәрбиеленушілерімен бірлескен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.
3). 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап орталыққа 101 бала келіп түсті. Оның ішінде, 97 бала орталық тізімінен шығарылды, атап айтсақ: отбасына орналастырылған 69 бала және 28 бала орталық түлектері. Қазіргі уақытта орталықта 69 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің әрқайсысына жеке даму жоспарлары әзірленіп, әлеуметтік, психологиялық және материалдық қолдау шаралары ұйымдастырылуда.
2020 жылдан бері «Мейірім» жобасының тұжырымдамасы аясында мекеменің 47 тәрбиеленушісіне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында демеушілер бекітілді.
Орталық тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, мүдделі мемлекеттік мекемелердің басшылары және ірі кәсіпкерлері мен «Отбасы банк» арқылы үш жақты келісімшарттар жасалды. Бүгінгі таңда орталықта нақты бекітілген 13 балаға «Отбасы банк» арқылы үш жақты келісімшарт жасалды.
Мысал ретінде, балаларға көрсетілген қолдау шаралары:
-
Облыс әкімі – Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы:
• 10.08.2006 жылы туылған Шабден Есімжан Советханұлына,
• 22.11.2012 жылы туылған Бутабаева Карина Қайратқызына,
• 01.07.2012 жылы туылған Соколов Валерий Александровичке iPhone 15 маркалы ұялы телефон алып берді.
-
Облыс әкімінің орынбасары - Календеров Нұржан Сабитұлы: 07.05.2014 жылы туылған Ефименко Дамир Қайратұлының жеке есепшотына 500 000 теңге аударды.
-
Облыс әкімінің орынбасары - Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы: 01.07.2006 жылы туылған Мұсабек Диас Мейрамбекұлының жеке есепшотына 700 000 теңге аударды.
-
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры – Муслимов Еркін Түгелбайұлы: 10.08.2006 жылы туылған Шабден Есімжан Советханұлының жеке есепшотына 3 500 000 теңге аударды.
-
Облыстық мәслихат хатшысы Қарашолақов Бағлан Жиенәліұлы: Овчинников Павелдың жеке есепшотына 1 000 000 теңге аударды.
-
АО НК «Тараз» басшысы Қаржауов Олжас Есалханович:
Котурбаев Эльдардың жеке есепшотына 500 000 теңге аударды.
Қайырымдылық нәтижесінде бүгінгі таңда Жамбыл облысында тәрбиеленіп жатқан балалардың шоттарына жалпы 17 411 850 теңге жиналды.
Алдағы жоспарлар:
1. «Мейірім» жобасы аясында жаңадан келген балаларға демеушілер тарту жұмысын жалғастыру.
2. Тәрбиеленушілердің болашақта толыққанды қоғам мүшесі болуына жағдай жасау мақсатында кәсіби бағдарлау және білім беру бағдарламаларын кеңейту.
4). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі №165 бұйрығына сәйкес 2020 жылдан бері орталықтың әлеуметтік педагогтары мен психологтары арнайы «Қабылдаушы отбасы мектебі» тренерлік даярлау курстарынан өтіп келеді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдауға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлықтан өткізу курсы аптасына 1 рет, 3сағаттан өткізеді. Жалпы курс 3 ай ішінде 14 сабақты құрайды. Қолдау орталығында курс онлайн режимде, скайп желісінде бала күтімі және отбасында тәрбиеленуі, бала отбасына келгендегі бейімделу кезеңдері сынды түрлі тақырыптар талқыланады. Дайындық сабағы аяқтаған уақытта сертификат беріледі.
Қазіргі таңда орталықта «Қабылдаушы отбасы мектебі» курсын жалпы 6 тренер жүргізеді. Оның ішінде 3-уі орыс, 3-уі қазақ тілідегі топ тиісті ережеге сәйкес жұмыс жүргізіп жатыр.
2020 жылдан бүгінгі күнге дейін аталған даярлық курсын 824 қазақстандық азаматтар аяқтап, нәтижесінде 100-ге жуық үміткер мақсаттарына қол жеткізді.
Жамбыл облысының Әділет департаменті Тараз қалалық Әділет басқармасында 19.11.2018 жылы тіркелген орталық Жарғысының 5-тарау, 35 тармағында көрсетілген отбасына орналастыруға көмек көрсету және қабылдаушы отбасыларға қолдау қызметінің жұмысына сәйкес, соңғы 3 жыл ішінде облыс аумағында отбасына орналастырылған балалар мен ата-аналарды сүйемелдеу жұмыстары жылына 2 рет жүргізіліп тұрады.
Сүйемелдеу жұмысына әкімшілік қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар пен психолог мамандар жұмылдырылып, тұрмыстық жағдайы мен зерделеу жұмыстарының анықтамасы жазылып отырады. Сүйемелдеу жұмыстары нәтижесінде соңғы жылдары кәмелетке жастары толмаған балалар тарапынан ешқандай шағымдар келтірілген жоқ.
Қабылдаушы отбасыларға тәрбиелеуге берілген балалардың отбасылармен әлеуметтік- психологиялық және құқықтық кеңестермен қатар «Қабылдаушы отбасы мектебі» семинар- тренингтер өткізіледі.
5). Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Қабылдаушы ата-аналар мектебінде үміткерлерді оқыту тек «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» және «Ана үйі» ұйымының қызметкерлерімен шектеледі.
Алайда, бұл үдерісті кеңейтіп, үміткерлердің жан-жақты дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында басқа да ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырумен айналысатын ұйымдардың тәжірибесін қолдану қажет деп санаймыз.
-
Сабақ өткізуші мамандар аясын кеңейту:
Қабылдаушы ата-аналар мектебінде сабақ беру үдерісіне тек «Ана үйі» мен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» қызметкерлері ғана емес, Жамбыл облысындағы басқа да балаларды отбасына орналастыру ұйымдарының мамандарын тарту.
-
Тәжірибе алмасу:
Әр ұйым балалармен жұмыс істеу барысында жинақтаған тәжірибесін, әдістерін және нақты жағдайлардан алынған мысалдарды сабақ барысында қолдануы қажет. Бұл үміткерлерге балалардың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
-
Сабақ құрылымын жаңарту:
• Сабақтарды тәжірибелік бағытқа көбірек көңіл бөле отырып өткізу.
• «Ана үйі» және басқа ұйымдармен бірлескен тренингтер, семинарлар ұйымдастыру.
-
Координациялық кеңес құру:
Жамбыл облысындағы балаларды отбасына орналастырумен айналысатын ұйымдардың өкілдерінен тұратын үйлестіру кеңесін құру. Бұл кеңес сабақ мазмұнын талқылап, қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.
Күтілетін нәтиже:
• Қабылдаушы ата-аналар мектебінің үміткерлері барлық қажетті білім мен дағдыларды толық игереді.
• Балаларды отбасына орналастыру сапасы артады.
• Ұйымдар арасында ынтымақтастық орнап, тәжірибе алмасу тұрақты сипатқа ие болады.
Бұл ұсыныс Қабылдаушы ата-аналар мектебінің жұмысын тиімдірек етіп, балалардың отбасына бейімделуіне оң ықпал етеді.
6). Бүгінгі күні орталықта 111 бала тәрбиеленуде, тәрбиеленушілер сабақ үлгерім, қабілеттеріне қарай гимназия мен орта мектептерге барып білім алуда.
Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 19.11.2018 жылы тіркелген Жарғыға сәйкес орталықта екі қызмет түрі жұмыс атқарады.
Бірінші қызмет түрі – Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау қызметі, Тараз қаласындағы М.Әуезов атындағы №33 орта мектепте-32 бала білім алады.
Екінші қызмет түрі – Балаларды отбасына орналастыру және қабылдаушы отбасыларын сүйемелдеу қызметінде, қаламыздың №41 мектеп гимназиясында-1; №1«Өркен» арнайы мектеп-интернатында-1; № 46 орта мектепте-42; №47 орта мектепте-22 тәрбиеленушілер білім алады.
7) Қолдау орталығына жылына екі рет Ұлттық алдын алу тетігігің мүшелері келіп, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және олардың жағдайын жақсарту бойынша, психологиялық және әлеуметтік қолдау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік қызметтер арқылы балалардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау туралы балалармен сұхбаттасады.
Қаңтар айында ұлттық алдын алу тетігі мүшелері және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Б.Байхожаев орталыққа мониторинг жүргізді.
Зерделеу тобы орталықтың асханасын, тамақ сақтау және киім-кешек қоймасын сонымен қатар, сыртқы аула мен балалардың ойын алаңдарын толықтай аралап зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында ескертулер айтылмады.
8). Қолдау орталығында көбінде өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау қызметіндегі кәмелетке толмағандардың кетуі орын алып жатады. Себебі ІІБ инспекторлары уақытылы қорғаншы және қамқоршы кеңесіне құжаттарын уақытылы өткізбегендіктен немесе өздері арнайы мектепке жинаған құжаттарын сотқа уақытында өткізбегендіктен уақытын создырып алып жатады.
Кәмелетке толмағандарды орталықтағы қосымша үйірмелер мен орталық ішіндегі түрлі іс- шараларға қатыстырып, ортаға бейімдегенмен де, кәмелетке толмағандар өз отбасына оралғысы келіп тұрады.
Балалардың өз бетінше кетуінің негізгі себебі, жоғары да көрсетілген себептермен байланысты. Тәрбиеленушілердің орталықтан кету жағдайы орын алған кезде, ең бірінші 102» жедел қызметіне баланың кеткендігі туралы дер кезінде хабар беріліп, сонымен қатар орталық қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылады.
Жедел ұйымдастыру жұмыстары нәтижесінде өз отбастарынан табылып жатады. Орталыққа жеткізілген кезде педагог-психологтар «Бестерек» бағдарламасы бойынша: «Үй, адам, ағаш» проективті әдіс, сауалнама, «Менің ең жақын досым», «Менің отбасым, «Менің арманым» тақырыбында эссе жаздыру арқылы, «Люшер» тесті «Мінез акцентуациясы», Девиянтты мінезді анықтау тесті т.б жұмыстар жүргізу арқылы диагностика жүргізіледі.
Әр баламен жеке жұмыстар жүргізу барысында: эмпатикалық тыңдау; позитивті психотерапия; когнитивтік психотерапия; MAC терапиясы ресурстарды қалпына келтіру әдістерін қолданылады;
Сонымен қатар Родологиялық әдіс бойынша жеке жұмыс, Докучаев әдісі бойынша кеңес беріледі. Атап айтсақ родологиялық кеңес беру және социогенограмманы құру барысында тұқым қуалайтын ауыртпалық анықталса баламен коррекциялық жұмыстар жүргізіледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Барлық бала мейірім мен қамқорлыққа лайық

шағым қалдыра аласыз