Материалдар / Барлық мамандықтар қажет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Барлық мамандықтар қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мамандықтар қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
820
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Барлық мамандықтар қажет

Сабықтың мақсаты:

Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық

мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Адам өміріне байланысты көлік маңыздылығының

кейбір ерекшеліктерін түсіндіру.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Барлық мамандық туралы қызметтері мен

байланыстарын ажырату.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Мамандық таңдауға деген алғашқы

қызығушылықтарын қалыптастыру.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Өз ата-анасының мамандығы туралы айтып береді,

сұрақтарға жауап береді.

Көптілділік:

Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші –

водитель – driver

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Мамандықтар: шаштараз, жүргізуші, аспаз, дәрігер,

сатушы, құрылысшы.

Пікір алмасу сұрақтары.

Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді?

Адам өміріндегі барлық еңбектің мамандық маңызы

неде?

Өз туыстарыңның мамандықтары туралы не білесің?

Өткен ҰОҚ-дан

Әртүрлі мамандықтар туралы білімдері

алған білімі

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстары

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


(Ұ) Шаттық шеңбері

Музыкалық әуен.

Сәлем саған, Жер-ана!

Сәлем саған, Нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық. Балалар мұғалімнің іс әрекетін кайталайды.

ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.


Әртүрлі мамандық иелерінің суреттері.

Мақсатты болжам. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Педагог белгілі бір мамандық иесі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сол мамандық туралы білетіндерін айтады.

Мысалы: дәрігердің суреті көрсетіледі.

Дәрігер ауырған адамдарды емдейді.

Аспаз дәмді ас пісірумен айналысады.

Құрылысшы зәулім үйлер салады.

Шаштараз – түрлі шаш сәндейтін адам.


Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешеміз.


Бұл сөзжұмбақта нан біздің дастарқанға жету үшін көп еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.

  1. Ол нан жабады? (Наубайшы)

  2. Кім жерді жыртады? (Тракторшы)

  3. Ол машина жүргізеді? (Жүргізуші)

  4. Ол егістіктен астық жинайды. (Комбайыншы)

  5. Ол астықтан ұн жасайды. (Диірменші)

  6. Біз одан нан сатып аламыз. (Сатушы)

  7. Ол егістікті баптаушы. (Диқаншы)

  8. Ол бидайды сақтайды. (Қоймашы)


(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Айсұлу мен Қуанышқа мамандық иесін тандап берейік. Қандай мамандық иесін білесіңдер? (Дәрігер, аспаз, мұғалім, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, шахтер,

инженер, тракторшы, комбайншы, бағбаншы, бақташы).


Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек? (ҰОҚ оқу керек, білімді болу керек, таңдаған мамандықты жақсы игеру керек).


Балалар, мен қазір сендерге жұмбақтар жасырамын. Сендер жауабын тауып, барлық жауаптардың ортақ атауын табыңдар.


(Ұ, Ө) Жұмбақ шешу.

Ауырған адамның қасында


Емделудің жөнін айтар.

Жазылған адамдар расында


Риза болып, рақмет айтар. (Дәрігер)


Тәп-тәтті тамағы

Астың маманы. (Аспаз)

Қолдағы жұмыс жарағы:

Қайшы мен тарағы. (Шаштараз)

Әліппе-дәптер.


Интерактивтік тақта. Мамандық иелері бейнеленген үлгі суреттер.

Ертеден-ерте тұрады


Қолына рульді алады.

Олай-былай айналдырар,

Жолға қарап отырар. (Жүргізуші)


Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді?

Балалар, мен тағы бір мамандық иесін атағым келіп тұр. Ол мұғалім де болады, пойызды жүргізеді, ұшқыш та бола алады, кішкентай баланы да ойната алады, бірақ үнемі сахнада, экранда жүреді. Оның кім екенін білесіңдер ме? (Актер)


Енді өзімізді актермін деп сезінейік. Мамандық иелерін қимылмен, ыммен көрсетеміз. Мысалы: (жүргізуші, құрылысшы).

(ПТ) Педагог барлық мамандықтардың маңызды екенін түсіндіреді.


Дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім балаларды оқытады, жүргізуші көлік жүргізеді, өрт сөндіруші өрт сөндіреді. Міне, балалар, әрбір мамандық қажет екен. Тағы бір мамандық түрімен таныстырғым келеді.


Ол – ғарышкер мамандығы. Ғарышкер – аспан әлемін, яғни ғарышты зерттейтін мамандық.


Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан тұңғыш адам. Содан бері талай ғарышкер ұшты. Ал біздің Қазақстаннан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ұшты.

Канекей балалар ал сендердің болашақта кім болғыларың келеді. Біз армандаған мамандығымызға жету үшін білімді ді білікті болуымыз керек.


Педагог мамандық иесі болу үшін білім алу керектігін, әр мамандыққа дайындайтын арнайы оқу болатындығын айтады. Ол үшін адам жастайынан еңбекқор, білімпаз болу керектігі де айтылады.


(Ұ) 2-тапсырма: Мақалдардың мағынасын түсіндіреді. Басқа да сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері туралы ақпаратты толықтыра отырып, кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау керектігін түсіндіру.


(Ұ) Сергіту сәті:


Таңғажайып сәттер бар,

Күн шығады, таң атады.

Кіп-кішкентай балалар

Алыптарға айналар.


(Ұ) "Сиқырлы қорапша"

Педагог ойын ережесімен таныстырады. Қорапшадан әртүрлі заттарды ала отырып, балалар ол заттар қай мамандыққа қажет екенін, адам өмірінде алатын орны туралы айтады.


Болашақта қандай мамандық иесі болатындығыңды және елге қандай пайда келтіретіндігіңді Айсұлу мен Қуанышқа әңгімелеп бер.


Балалар, сендер болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?


Оның елге қандай пайдасы бар?


Балалардан сұрақ қоя отырып жауап алады.


3-тапсырма: Нан қалай дастарқанға келеді?


Нанның дастарқанға дайын болып келу ретін цифрмен көрсету.

Мамандық иелерінің суреттері.



Ғарышкерлердің суреті. «Ғарышқа саяхат» тұсаукесері. Detskiysad.prezentaciya


Әліппе-дәптер.


ІV. ҰОҚ

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап

Әліппе-дәптер,

қорытындысы.

қорыту.

түрлі түсті

Рефлексиялық түзету.

Балалардан микрофонды кез келген түсті қарындашпен

қарындаштар.

28–30 мин

бояуын сұраңыз:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –

жасыл қарындашпен


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!