жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Барлық топтардың күнделікті сабақ жоспары
Бекітемін:____________________
Күні:24.03.2016 ж. Бейсенбі- 25.03.2016 Жұма
Тобы: Ересектер тобы.(Қарлығаш-Көгершін топтары)
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Лақтырылған допты шапалақтау арқылы қос қолдап қағып алу
Мақсаты:Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, допты шапалақтап қағу арқылы үйрету.
Дамытушылығы:Ой-өрісін дамытып,ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Жалпы жаттығу,ойын шарттарын түсіндіру,сұрақ-жауап,қорытынды.
Керек құралдар:Сылдырмақ,ысқырғыш, доп, гимнастикалық орындық,кругтар.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар»
|
Әрекет кезеңдер |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық Қозғаушы Іздену-ұйымдастырушылық Рефлекстік-коррекциялаушы |
Балаларды залға саппен сылдырмақтың көмегімен кіргізіп, сапқа тұрғызады. Нұсқаушы балалармен амандасты. Тік тұрың! Түзел! Оңға бұрыл. Саппен алға жүріңдер! Алдымен саппен жай жүреміз. Аяқ ұшымен,қол белде.Өкшемен жүреміз,қолды жоғары созамыз.Балалар енді сылдырмақтың көмегімен жай жүгіреміз,қатты жүгіреміз.Жай жүреміз. Саппен жүре келе, сылдырмақтың көмегімен 2 қатарға бөлінеміз. Балалар енді жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз. Б.қ.аяқ арасы иық деңгейде.Қолды алға кезекпен-кезек алға,жанына,жоғарыға созу.Қос қолмен шапалақтау. (6 рет қайталау). Б.қ.Аяқ сол күйде.Қолды белге қойып, алға,артқа белді айналдыру. (5 рет) Б.қ.Аяқ арасы сәл алшақ, қолды алға созып,отырып-тұру. (6 рет) Негізгі тақырып бойынша нұсқаушы алдымен балаларды шеңберге тұрғызады. Допты лақтырып, шапалақтау арқылы қос қолдап қағып алуды түсіндіріп, ойынды балаларға үйретеді. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар» Ойын шарты: Нұсқаушы 1 баланы мысық қылып сайлайды. Гимнастикалық орындыққа қалған балаларды құстар етіп,орындыққа отырғызады. Мысық кругтың ішінде ұйықтап жатады. Мысық оянды дегенде мысықтың қимылымен оянып, далаға шығады.Құстар далаға шығып, ұшып жүреді.Мысық жаймен жүріп,құстарды ұстап алу керектігін түсіндіреді. Ұстап алған құстарын өз ұясына апарады. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Неше құс ұстап алғанын санатады. Тыныс алу жаттығуын орындатады. Балаларға бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан сұрақтар қойды.Іс-қимыл қозғалыстарын байқау арқылы балаларды мадақтады. Сау болыңыздар |
Балалар 1 қатармен сап түзеп, қатарға тұрды. Амандасты. Нұсқаулықты орындады. Саппен жүре 2 топқа тұру. Жалпы дамытушы жаттығуын орындады. Жалпы дамытушы жаттығуларын бірнеше рет қайталайды. Балалар шеңберге тұрып допты лақтырып,шапалақтау арқылы қос қолдап қағып алуды ойнап үйренді.
Қ.Қ.О: «мысық пен құстар» ойынын ойнап үйренді. Ойынды қызығушыылықпен ойнады. Тыныс алу жаттығуын жасады. Жауап берді. Қуанды. Сау болыңыз. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жалпы және негізгі қимылды жаттығуларды орындай алуы.
Болуы керек:Ойынға деген қызығушылығы,ептілігі.
Қолынан келуі: «Мысық пен құстар» ойынын ойнай алуы.
«Ақбота»балабақшасының әдіскері: Ұ.Ақжігітовa
Дене шынықтыру нұсқаушысы: А.Ермекбаева
Бекітемін:______________
Күні:25.03.2016 ж. Жұма
Тобы: Естияр тобы.(Тұлпар)
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Жүгіріп келіп секіру
Мақсаты:Балалардың қозғалыстарын жетілдіру,жүгіріп келіп секіруді үйрету.
Дамытушылығы:Ой-өрісін дамытып,ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Жалпы жаттығу,ойын шарттарын түсіндіру,сұрақ-жауап,қорытынды.
Керек құралдар:Сылдырмақ,ысқырғыш, арқан
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ұшақтар»ойыны.
|
Әрекет кезеңдер |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық Қозғаушы Іздену-ұйымдастырушылық Рефлекстік-коррекциялаушы |
Балаларды залға саппен сылдырмақтың көмегімен кіргізіп, сапқа тұрғызады. Нұсқаушы балалармен амандасты. Тік тұрың! Түзел! Оңға бұрыл. Саппен алға жүріңдер! Алдымен саппен жай жүреміз. Аяқ ұшымен,қол белде.Өкшемен жүреміз,қолды жоғары созамыз.Балалар енді сылдырмақтың көмегімен жай жүгіреміз,қатты жүгіреміз.Жай жүреміз. Саппен жүре сылдырмақтың көмегімен 2 топқа бөліп тұрғызу. Балалар енді жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз. Б.қ.аяқ арасы иық деңгейде.Қолды алға кезекпен-кезек алға,жанына,жоғарыға созу.Қос қолмен шапалақтау. (6 рет қайталау). Б.қ.Аяқ сол күйде.Қолды белге қойып, алға,артқа белді айналдыру. (5 рет) Б.қ.Аяқ арасы сәл алшақ, қолды алға созып,отырып-тұру. (6 рет) Негізгі тақырып бойынша нұсқаушы алдымен еденге арқанды қояды. Балаларды саппен жүгіртеді. Саппен жүгіріп келе арқаннан арқанға секіруді түсіндіріп, ойынды үйретеді. Қ.Қ.О: « Ұшақтар» ойыны. Балалар зал ішінде шашырап жүреді. Ұшақтарға ұқсатып қолдарын екі жаққа созып жүреді. Нұсқаушының белгісімен балалар ұшаққа ұқсап ұшып жүреді. Ұшақ қонды деген кезде белгі береді. Балалар 2 қолын жинап алып,еденге отыра қалады. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді. Балаларға бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан сұрақтар қойды.Іс-қимыл қозғалыстарын байқау арқылы балаларды мадақтады. Сау болыңыздар!
|
Балалар 1 қатармен сап түзеп, қатарға тұрды. Амандасты. Нұсқаулықты орындады. Сылдырмақтың көмегімен 2 топқа тұрды. Жалпы дамытушы жаттығуын орындады. Жалпы дамытушы жаттығула-рын бірнеше рет қайталайды. үйренді. Балалар жүгіріп келіп секіруді ойнап үйренді. Қ.Қ.О: «Ұшақтар» ойынын ойнап үйренді. Ойынды қызығушылықпен ойнады. Тыныс алу жаттығуын жасады. Жауап берді. Қуанды. Сау болыңыз.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жалпы және негізгі қимылды жаттығуларды орындай алуы.
Болуы керек:Ойынға деген қызығушылығы,ептілігі.
Қолынан келуі: «Ұшақтар» ойынын ойнай алуы.
«Ақбота»балабақшасының әдіскері: Ұ.Ақжігітова
Дене шынықтыру нұсқаушысы: А.Ермекбаева
Бекітемін:____________________
Күні:24.03.2016 ж. Бейсенбі
Тобы: Сәбилер тобы.(Балдырған)
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Тура салынған жіп бойымен жүріп,қолды жоғары көтеріп шапалақтау
Мақсаты:Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, тура салынған арқан бойымен жүруді үйрету.
Дамытушылығы:Ой-өрісін дамытып,ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Жалпы жаттығу,ойын шарттарын түсіндіру,сұрақ-жауап,қорытынды.
Керек құралдар:Сылдырмақ,ысқырғыш, орамал,арқан.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орамал тартыс» ойыны.
|
Әрекет кезеңдер |
Нұсқаушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық Қозғаушы Іздену-ұйымдастырушылық Рефлекстік-коррекциялаушы |
Балаларды залға саппен сылдырмақтың көмегімен кіргізіп, сапқа тұрғызады. Нұсқаушы балалармен аман-дасты. Тік тұрың! Түзел! Оңға бұрыл. Саппен алға жүріңдер! Алдымен саппен жай жүреміз. Аяқ ұшымен,қол белде.Өкшемен жүреміз,қолды жоғары созамыз.Балалар енді сылдырмақтың көмегімен жай жүгіреміз,қатты жүгіреміз. Жай жүреміз. Сапқа тұру. 1-2 деп санап,екі топқа бөлу. Балалар енді жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз. Б.қ.аяқ арасы иық деңгейде.Қолды алға кезекпен-кезек алға,жанына,жоғарыға созу.Қос қолмен шапалақтау. (6 рет қайталау). Б.қ.Аяқ сол күйде.Қолды белге қойып, алға,артқа белді айналдыру. (5 рет) Б.қ.Аяқ арасы сәл алшақ, қолды алға созып,отырып-тұру. (6 рет) Негізгі тақырып бойынша нұсқаушы алдымен арқанды тура еденге орналастырады. Балаларға сол арқан бойымен қолдарын жоғары көтеріп шапалақтап жүруді ойнап үйренді. Қ.Қ.О: «Орамал тартыс» ойыны
Бұл екі топқа бөлінген
балалармен немесе екі баламен ойналады.Орамалды екі жағынан екі
бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.Қай топ арқанды өз
жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Балаларға бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан сұрақтар қойды.Іс-қимыл қозғалыстарын байқау арқылы балаларды мадақтады. Саппен жүру.Сау болыңыздар |
Балалар сылдырмақтың көмегімен 1 қатарға сапқа тұрды. Балалар нұсқаушының берген бұйрықтарын орындады. Сапқа тұру.1-2 деп санап,2-ге бөлінді. Балалар жалпы дамытушы жаттығуларын орындады. Балалар тура салынған арқан бойымен, қолдарын жоғары көтеріп шапалақтап жүруді үйренді. Қ.Қ.О: «Орамал тартыс» ойынын ойнады. Ойынды қызығушылық-пен ойнады Тыныс алу жаттығуын жасады. Жауап берді. Қуанды. Сау болыңыз.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жалпы және негізгі қимылды жаттығуларды орындай алуы.
Болуы керек:Ойынға деген қызығушылығы,ептілігі.
Қолынан келуі: «Орамал тартыс» ойынын ойнай алуы.
«Ақбота»балабақшасының әдіскері: Ұ.Ақжігітова
Дене шынықтыру нұсқаушысы: А.Ермекбаева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген