Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары,
жалғаулары,
құрамы)
туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей
байланысатынын, зат есімнің септелуі туралы білімдерін
жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылардың
ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын
арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке,
отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын
арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: топтық
жұмыс,
сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын
элементтерін
қолдану
Көрнекілік: тірек сызбалар, кестелер,
доп
Сабақтың барысы:
І Мотивациялық кезең
1. Амандасу
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз
ерекше
болмақ. Кәне,
өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың
жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға
қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге
есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің
анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып
алайық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ
пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір
жадырап қалайық!
2. Психологиялық
дайындық
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Иә,
біз Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, үлкен мемлекетте тұрамыз.
Сендер - осы мемлекеттің азаматысыңдар, еліміздің болашағысыңдар.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы білімді ұрпақ
қолында» деп,
сендерге зор үміт артып отыр. Себебі еліміздің
ертеңі келешекте сендердің қандай адам болатындарыңа байланысты, ал
сендердің болашақтарың қазіргі алған білімдеріңе байланысты. Яғни
сендер келешекте мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосамыз десеңдер
жақсы білім алуларың керек. Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек.
Біздің мемлекетіміздің жері кең-байтақ. Сендер бүгінгі алған
білімдерің арқылы осы жеріміздің, еліміздің гүлденуіне үлес
қосасыңдар.
Бағалау жүйесін түсіндіріп
өту. (Топ басшысы өз тобындағы
оқушылардың әрбір жауабына тәтті үлестіріп отыру арқылы
бағалайды)
3. Үй тапсырмасын
сұрау
1-топ. 38-жаттығуды оқып, ілік
септігін табу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын
анықтау.
2-топ. Абай Құнанбаевтың өмірі
мен шығармашылығы туралы мәлімет.
3-топ. Атау септігінің
жасалуын айт және мысал келтір.
4-топ. Ілік септігінің
жасалуын айт және мысал келтір.
4. Жаңа тақырыппен
таныстыру
(Оқулықтағы септік атауларына
байланысты ертегі айтылады)
-
Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге?
Қайда?
-
Барыс септіктің жалғаулары: -ға, -ге,
-қа -ке
-
Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған
мүшелермен байланысады.
-
Сөйлемде (Кімге? Неге?Қайда?) тұрлаусыз мүше қызметін
атқарады.
-
Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын
өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып
тұрады.
-
Егер, сөзге барыс септік
жалғауы тәуелдік жалғауынан кейін жалғанатын болса, онда -а, -е
жалғаулары жалғанады. Мысалы, анама, ініме, ағама, әкеме т.б. Мұнда
ана – түбір, -м – тәуелдік жалғауы, -а – барыс септігінің
жалғауы.
Оқушыларға қазақ халқындағы
жеті санына байланысты ұғымдар туралы айтып өту.
(жеті жарғы, жеті ғашық, жеті
шәріп, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті күн, жеті ғалам, жеті
қат көк, жеті қат жер, жеті
амал)
Жеті
жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт
(мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба. 5. Соғыс. 6. Топан су. 7.
Зілзала.
Жеті жоқ:
-
Жерде өлшеуіш жоқ
-
Аспанда тіреуіш жоқ
-
Таста тамыр жоқ
-
Тасбақада талақ жоқ
-
Аллада бауыр жоқ
-
Аққуда сүт жоқ
-
Жылқыда өт жоқ
5. Сәйкестендіру
тесті.
Атау кіммен?
немен?
Жатыс кімнің?
?ненің?
Барыс кім?
не?
Табыс кімге? неге?
қайда?
Көмектес кімді?
нені?
Ілік кімнен?
неден?
Шығыс кімде?
неде?
6. Сергіту
сәті
«Сақ бол,
жаңылма» ойыны
Оқушылар шеңбер
құрып тұрады. Олардың ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың
біріне доп лақтырамын. Допты қағып алған бала сол сөзге барыс
септігінің жалғауын жалғап, допты кейін
лақтырады.
6. Топтық жұмыс (оқулықпен
жұмыс)
1-топ.
41-жаттығу. Берілген мақалдарды түсініп
оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздерді сөз құрамына
ажыратып, олардың жалғауына назар
аудар.
2-топ.
42-жаттығу. Берілген сөздерді барыс
септігіне қойып, сөйлем құрап жаз.
3-топ.
43-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Барыс септіктегі сөздерді тап. Олардың сөйлемде қандай мүше болып
тұрғанын айт.
4-топ.
44-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Барыс
септіктегі сөздерді тап. Барыс септік жалғаулары неліктен әр түрлі
жалғанып тұрғанын түсіндір.
Көркем жазу:
45-жаттығу.
Нанды жерге
тастама.
Атқа теріс
мінбе.
Қолыңды төбеңе, кеудеңе
қойма.
Төбеңе, кеудеңе сөздерін
сөз құрамына талда.
47-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі
сөзге әңгіме құра. (Театрда)
7.
Бағалау
8. Үйге тапсырма:
46-жаттығу
- Бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім,
енді өлеңмен аяқтайын. Сендер қолымды көтергенде «Қазақ тілі» деп
айтып отырасыңдар.
Өз тілінде
сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Қазақ тілі-өз
жұлдызың көктегі.
Қазақ
тілі-көгіңдегі шамшырақ
Қазақ
тілі-өміріңде, өлеңде,
Қазақ
тілі-тамыр жайған тереңге.
Қазақ
тілі-болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды
танытады әлемге!