Оқу ісінің
меңгерушісі: Мерғалиева
Н.Х
Мұғалімі: Сағындықова
А.Ж Сыныбы: 4 «Б»
Күні: 14.01.2019ж
Сабақтың
тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары,
жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған
мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін
атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін
жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылрадың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту,
сауаттылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке,
отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын
арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап,
түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын
Сабақтың барысы:
1. Амандасу
- Балалар, «Сәлем – сөздің анасы» деген
мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
2. Қайталау
сұрақтары.
Зат есім деген не?
Зат есімнің септелуі деген не?
Қазақ тілінде неше септік бар? Атап
беріңдер.
Атау септігі
Ілік септігі
3. Жаңа тақырыппен
таныстыру
Сөйлемдердегі қарамен жзылған сөздердің түбірі
мен жалғауын тапқызып, сұрақтар қойғызу. Қай сөзбен байланысып
тұрғанын анықтау. Сөйлем мүшелеріне талдап, барыс септіктегі
сөздердің қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.
Абай кітапханаға барды.
Марат Ерболға сыйлық берді. Анам кесеге сүт
құйып берді.
Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге?
Қайда?
Барыс септіктің жалғаулары: -ға, -ге, -қа
–ке
Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған
мүшелермен байланысады.
Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш
(Қайда?) қызметтерін атқарады.
Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын
өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып
тұрады.
4. Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Мәтіннен ілік, барыс септіктегі
сөздерді тауып, өздері байланысқан сөздерімен теріп
жазу.
Омар Есіл өзенінің жағалауынан сауысқанның
балапанын тауып алды. Ол балапанды үйге алып келді. Балапнға нанның
үгіндісін берді. Омар балапанды тауыққораға орналастырды. Балапан
ауладағы итпен де достасты. Ол әуелі тауықша қыт-қыттап, ал кейін
итше үретін болды. Ит балапанға үйді күзетуді үйретті. Бір күні
басқа сауысқан балапанды шықылықтап шақырды. Ит сауысқанға үріп,
оны үркітіп жіберді.
Өзеннің жағалауынан, сауысқанның балапанын,
үйге алып келді, балапанға берді, тауыққораға орналастырды,
балапанға үйретті, сауысқанға үріп.
3-жаттығу. Жұмбақты көшіріп
жаз. Батыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ
қой.
Жануарға, сымға, суға,
отқа.
Сергіту сәті
Аспанды бұлт торлады,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақта жамылып,
Бұға қалды көбелек.
4-жаттығу. Мақалдарды
көшіріп жаз. Барыс септіктегі сөздерді тауып, қосымшасын
белгіле.
Жақсыға ерсең,
жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең,
қаларсың ұятқа.
Мұзға сүйенбе,
жауға сенбе.
«Сақ бол, жаңылма»
ойыны
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олардың
ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың біріне доп лақтырамын.
Допты қағып алған бала сол сөзге барыс септігінің жалғауын жағап,
допты кейін лақтыралы.
5-жаттығу.
Ыстыққа шыдайды, құмға батпайды, 40-50 км жолға,
шөлге төзімді, 45 күнге, шөлге шыдайды, шөлге
қолайлы.
5.Бағалау.
6.Үйге
тапсырма. 6-жаттығу 8-бет, ереже
жаттау.