Бәсекеге қабілетті жас маман

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бәсекеге қабілетті жас маман

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі. Президенттің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында білім беруді дамытуға айырықша көңіл бөледі. Бұл саланы жаңғыртуда үлкен жұмыстар тындырылды. Енді басталған істі жалғастыру міндеті тұр. Бүгінде елімізде білімнің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын айту керек. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер қауымына: «Мұғалім — мемлекеттің болашағын қалыптастыратын ең маңызды тұлға. Сіздер әр баланың жүрегіне білім мен адамдық қасиет ұялатып, елдің болашағын жасайсыздар» — деген болатын.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр » деген болатын . Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең біліп қана қоймай ,тарихи танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәсекеге қабілетті жас маман

Мешітбай Диас «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4 курс студенті

Жетекшісі Есекенова Р.К, биология пәнінің оқытушысы Қостанай әлеуметтік техникалық колледжі

«Заман өзгерді, сен де өзгер», Абай

Бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі. Президенттің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында білім беруді дамытуға айырықша көңіл бөледі. Бұл саланы жаңғыртуда үлкен жұмыстар тындырылды. Енді басталған істі жалғастыру міндеті тұр.

Бүгінде елімізде білімнің сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын айту керек. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер қауымына: «Мұғалім — мемлекеттің болашағын қалыптастыратын ең маңызды тұлға. Сіздер әр баланың жүрегіне білім мен адамдық қасиет ұялатып, елдің болашағын жасайсыздар» — деген болатын.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр » деген болатын . Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең біліп қана қоймай ,тарихи танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болған да ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсіби қасиеті екінші орында болады.Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген.

Ағартушы – ғалым  А. Байтұрсыновтың : « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен түйіндегім келеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «Білім беру сапасы – ұлттың болашағын айқындайтын стратегиялық мәселе. Біз бұл бағыттағы реформаларды жүйелі түрде жалғастыруымыз керек» деп айтуы педагогикалық үдерістің сапасын үздіксіз арттырып отыру қажеттігін дәлелдейді.Елдің бәсекеге қабілетті болуы, әрбір азаматтың дарында әрі білімді болуы деген сөз. Сауаттылық сананы игеру ғана емес, сонымен қатар өз болмысың мен күшіңді көрсете білу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі» деген сөзі еліміздің білім беру жүйесінің маңыздылығын анық ашады. Осы мақсатты жүзеге асыра отырып, «Цифрлы трансформация», «Сапалы білім – табысты ұлт», «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік» сияқты стратегиялық бағыттар жүйелі түрде іске асырылып жатыр.Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.    

Ал бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория:тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Президент жаңғыру табысты болу үшін әрбір азамат өз еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Президент табыс туралы тағы былай деген: «Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін — мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену. Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дəрежедегі жағдайларды жасау, олардың қызмет көрсету дəрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету жүктемесінің тең емес екенін жəне, соңында, олардың мəртебесінің тең еместігін білдірмейді. Менің ойымша, табысқа жету үшін алдымен мақсат қою керек. Содан соң мақсатқа жететін жоспар болу керек. Содан кейін қадамдар жасап, табысқа жетесің. Зор табысқа жеткен кез-келген адам бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – басқа ірі компаниялармен дәрежеңнің тең болуы. Немесе басқа адамдармен бірдей қабілетке ие болуың керек. Басқаша айтар болсақ, сенің қолыңда сені көрсететін затың немесе билігің болуы керек. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
Болашақта менің оқытатын шәкірттерім белгілі мамаңдық иесі болуына күшімді тигізіп,үлес қосатын ұстаздардың бірі боламын деп ойлаймын.

Ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі көне мамандық . Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар- тарапқа жетелеуші. Ұстаз бала болмысына өзгеріс енгізуші , бағыт-бағдар беруші.Сондықтан тәуелсіз елдің тұтқасын ұстар білімді жастарды тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда , ұлағатты ұстаздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2025
9
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі