400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастырудағы тілдің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінің оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ

ТІЛДІҢ РӨЛІ

Қазақ тілі бүгінгі күні қоғамдық өміріміздің барлық саласына еніп, өзінің функциясын толық атқаруда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес. Қазақстан мемлекетінің мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана тілімен, ұлттық рухымен тығыз байланысты. Қазақ тілі пәні - білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек жетекші пән, өйткені ана тілі жас ұрпақтың дүниені тануының басты көзі болып табылады

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу білім ордаларынан бастау алуы тиіс. Кәсіби білім беру және техникалық оқу орындары ақпараттық қоғам жағдайының өзгерісіне сай, бәсекега қабілетті, қазақ тілін еркін меңгерген маманды тәрбиелеуі қажет. Қазақ тілінің пәндік функциясы тек білім беу стандарттары мен типтік бағдарлама шеңберінде ғана қалмауы тиіс. Қазіргі замандағы тілдік білім беру құндылыққа айналып, өзінің үш аксиологиялық блогын қарастыруды алға тартып отыр. Олар: - тілдік білім беру мемлекеттік құндылық; - тілдік білім беру қоғамдық құндылық; - тілдік білім беру тұлғалық құндылық. Бұл құндылықтардың өзара байланыста қарастырылуы тілді игерту үдерісінде жаңа оқыту жүйелерінің пайда болуына әкеледі.

Қазақ тілінде сөйлеушінің әр сөздің сыртқы формасымен ішкі мазмұның қолданыстағы бірлігін сақтай сөйлеуі ғана дұрыс берілген теориялық білім мен практикалық дағдының бірліктегі болмысын танытады. Сондықтан оның мынадай әдіснамалық ұстанымдары болуы керек: - қазақ тілін оқыту арқылы білім алушылардың қазақша ойлауы мен қазақша тілін дамыту (яғни өзге тілді ұлттар мен қазақ тілін меңгермеген тұлғалар үшін) үдерісі өзіндік ерекшелігі мол ішкі құрылымға ие жүйе; - қазақ тілін оқыту арқылы қазақша ойлауы мен тілін дамыту - қазақ тілі жүйесіндегі тілдік құбылыстарды меңгерту жолында білім беру мен тәрбие үдерісінің тұтасқан көрінісі. Қазақ тілін оқыту арқылы білім алушыларды тәрбиелеуге бағытталған оқу үдерісін тану үшін адамгершілік ұстанымдары негізі етіп алынуы тиіс.

Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Қазіргі таңда кәсіби қазақ тілін оқыту, көптілді топтарда қазақ тілін үйрету мәселелері, ақпараттық технологиялар жүйесімен оқыту, компьютерлік оқыту жүйелері, интерактивті-мультимедиялық оқыту жүйелері т.с.с мәселелер кеңінен қарастырылып жатыр. Сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді дамытатын, мәдени мұраларымыздың мәнін түсінетін кәсіби білім беру және техникалық оқу орындарындағы студент тұлғасын қалыптастыру, олардың кәсіби маман ретінде көрінісін білдіретін құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру бүгінгі жаһандану дәуірінде маңызды мәселе болып отыр.

Қазақ тілі сабақтарында көркем әдеби шығармалардың мәтіні оқытушыны игеріліп жатқан тілдің тек грамматикалық, морфологиялық және тағы да басқа тілдік формалармен таныстырып қоймай, сол ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тұрмыстық мәдениетімен де таныстырады. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталып, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптеледі. Студенттерге әр түрлі тақырыпта қазақ мақал-мәтелдерін жаттатып, оның орыс тіліндегі ұқсас нұсқасын тапқызып үйрету, олардың тіл байлығының қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Қазақ халқының мінез-құлқын, ұлттық мәдениетін келесі мақал-мәтелдерден көруге болады: «Қызды асырай алмаған күн етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз-мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген мақал-мәтелдердің мәнісі-жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. «Ел іші алтын бесік», «Туған жердің тауы да ыстық», «Еліңе қарап, ертеңіне қамдан» және т.б. осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық деп көрсетеді. «Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал», «Ананың құшағы жылы, күннің шуағы жылы», «Ағайын-алтау, ана-біреу», «Әке-асқар тау» сияқты мақал-мәтелдер ата-анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді көздеген. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Кісі елі-күміс, өз елің-алтын», «Өз елің-алтын бесігің», «Жат елдің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық» т.б. мақалдар туған елді, жерді басқа елдермен салыстырып, әркімге өз елінен артық ел жоқ екенін аңғартатын мақалдар. «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер болар», «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан елін, отанын қорғап қалу халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті болатындығын көрсеткен

Қазақ тілін орыс тілді студенттерге игертуге коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, жоғарыда айтылған ұлттық мұраларды пайдалана отыра, тіл дамыту жұмыстарына қатысты берілетін тапсырмалардың міндеттері төмендегідей болуы қажет: -студенттердің оқу дағдыларын арттыру; -сөйлеу және жазба тілдерін жетілдіру; -шығарманың мәнін түсінуін қамтамасыз етіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту; -халық ауыз әдебиетінде ерлікті дәріптеген, ел қорғаған батырларды бейнелеген аулан түрлі жырлар, толғаулар, жыраулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер арқылы студенттерді ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеу; -ұлттық құндылықтарды сақтау.

Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу-басты міндеттердің бірі. Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясында қазақ тілі пәнінің рөлі, атқаратын қызметінің маңызы өте зор.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі